Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » АР-ҰЯТЫ БАР АДАМ АДАСПАЙДЫ

АР-ҰЯТЫ БАР АДАМ АДАСПАЙДЫ

10 июль 2026, Пятница
1
0
Соңғы кездері аудандық билер кеңесі бірнеше дау-дамайды қарады. Сонда адамдардың пенделігіне қайран қаласың. Талап қоюшы бір адамды ертіп келді. Айтуына қарағанда, мұның жайын жүрген жылқысын Ақсайдағы Бурабай деп аталатын жерден аң аулағандай атып алып, Аса ауылына апарып сойдырған. Кінәліні тауып, полицияға ұстатып, құны мен айыбын  төлеттіріп алған. Ертіп келген кісісі жылқыны сойған бейбақ екен. Былайша айтқанда – куәгер. «Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады», демекші сол байғұстан да 200 мың тенге өндіріп алмақшы. Әлгіге сойып берушінің еш кінәсі жоқ екенін айтып зорға түсіндірдік. Оған салса, елдің бәрін қорқытып, үркітіп ақша ала бермекші. Ақылы жеткен жері сол болса, қайтесің.    
Тағы бір іс қарадық. Екі көрші балаларының араларына түсіп, жанжалдасып қалды. Ерегіскеннің бірі араққа сылқия тойып алып көршісінің ала жаздай жинаған шөбін өртеп жіберген. Абырой болғанда өрт сөндірушілер келіп үйі өртенбей қалыпты. Ағайынның араласуымен екі жақ мәмілеге келіп, кінәлі шөптің құнын төлеген. Ілгеріде көршілер тату-тәтті тұратын. Бауырлардың арасынан қыл өтпейтін. Жылдан жылға сыйластықтар сұйылып барады. Имандылықтың не екенін көбісі түсінбейді. Кішірейе салуды кемсіту деп түсінетіндер көбейді. Бір-біріне басын игісі келмейді. Қазақта: «Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес» деген даналық сөз бар. Ол қолдан келсе қонышынан баспа, сыйлас дегені ғой. Соңғы кездері неке бұзу фактісі азая  бастады. Бізді жастардың арасындағы неке бұзудың азая бастағандығы қуантып отыр. Өкінішке орай, бес алты баласы бар отыз бес-елу жас аралығындағы ақыл тоқтатты дегендердің ажырасуы жиілеп кетті. Көбісі мінезіміз жараспайды деп жатады. Әсіресе әйелдер күйеулеріміз көзімізге шөп салды деп кінә артады. Сәл қызметі бар, айлығы қомақтылау ер адамдардың жас қыздарға қырындап жататыны да рас. Салтымызда біреудің отбасын бұзғандарды жақсы атамайды. Үйленген бала-шағасы бар еркекке күйеуге шыққалы жүрген "желөкпе" қыздарға айтарымыз, біреудің таңсығы, сізге кейін қаңсық болатынын ұмытпаңыз. Көріп жүрміз бес алты баласы бар басшы сымақтар мен қолыңда қорамжалы бар кәсіпкерлер қайта бас құрауға әуес. Біздің халық салт-дәстүрге, әдеп-ғұрыпқа берік еді. Башқұрттың белгілі этногрофы Ә.Диваев қазақтарды өзге халықтармен салысытырып, сертке берік, махаббатқа адал ел деп сипаттаған. Көп адам кеңес өкіметі тұсында жақсы қасиетімізден ажырап қалдық деп жатады. Мен ол тұжырыммен келіспеймін. Мысалы, өзбек халқы салт-дәстүріне, тіліне, дініне, діліне берік. Негізінде қанға сіңген қасиетті сақтау әр халықтың өзіне байланысты. Кінәні өзге ұлттан іздеудің қажеті жоқ. Ата-әжелеріміз, ақсақалдарымыз бүгінгі ұрпаққа дұрыс бағыт берсе екен дейміз. Кейінгі уақытта әлеуметтік желіде біздің шолақ ойлайтын ақылгөйлеріміз ғасырлар бойы қалыптасқан жеті бабаға дейін қыз алыспайтын таза салтымызды, таза қанымызды бұзудың жолдарын айтып, теріс бағыт беруде. Әсіресе бір емшек ембесе болды, ағайындылардың ұл қыздары некелесе береді деген дәстүрімізге жат әңгімелер көп айтылып жүр. Егер біздің рухымыздың күштілігі, ақыл есіміздің бүтіндігі, деніміздің саулығы сол дәстүрімізде жатыр десек, онда ар тазалығын, қан тазалығын, жан тазалығын сақтауды берік ұстануымыз керек. Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы
Обсудить
Блок в статье:
АҚ ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨРІСТІ ӨНЕГЕСІ 10 июль 2026, Пятница
АР-ҰЯТЫ БАР АДАМ АДАСПАЙДЫ 10 июль 2026, Пятница

Похожие материалы:

Екі басты жылан
11 август 2025, Понедельник
Екі басты жылан
Кешіре білу-кеңдік
01 июль 2022, Пятница
Кешіре білу-кеңдік
Тәмсіл
14 октябрь 2020, Среда
Тәмсіл
ЖҰРТ АҚСАҚАЛАРДАРҒА ҚАРАЙДЫ
13 июнь 2024, Четверг
ЖҰРТ АҚСАҚАЛАРДАРҒА ҚАРАЙДЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры