Белсенді қоғамдық қызмет – басты міндет
Сәрсенбінің сәтті күнінде облыстың белсенді қариялары Т.Рысқұлов ауданында кезекті рет бас қосты. Бұл жолы Құлан ауылындағы Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Мәжіліске Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбек, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері, Тараз, Шу қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, әкелер кеңестерінің төрағалары, белсенді ардагерлер қатысты.
Кеңейтілген төралқа отырысын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев кіріспе сөз сөйлеп ашты.
Төралқа отырысының күн тәртібінде «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі ХІ съезінің шешімдерінен туындайтын облыс ардагерлер ұйымдарының қызметін жетілдіру, аға буын өкілдерін әлеуметтік қолдау шараларын жүйелі жүргізу және бастауыш ардагерлер ұйымдарын ұйымдық жағынан одан әрі нығайту мәселесі қаралды. Осы мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсембекұлы Солтыбаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің XI съезінде қабылданған шешімдердің орындалу барысына тоқталды. Ол съезд шешімдерінің маңыздылығын атап өтіп, ардагерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту, олардың белсенділігін көтеру, жастарға патриоттық тәрбие беру, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты талдау жасады. Сонымен қатар баяндамада ардагерлер ұйымдарының мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуы, жастар тәрбиесіндегі ақсақалдар институтының рөлін күшейту және ауылдық жерлердегі бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандыру мәселелері көтерілді. Алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалып, барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдарына тиісті ұсыныстар берілді. Ең бастысы – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі ХІ съезінің шешімдерінен туындайтын міндеттер барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдарында, нақтылап айтатын болсақ қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің пленумдарында, бастауыш ардагерлер ұйымдарының жиналыстарында талқыланып, іс-шаралар жоспары бекітілуі керек. Ардагерлер ұйымына қоғам тарапынан сенім жоғары. Сондықтан ардагерлер ұйымдары өздерінің белсенділіктерін үнемі жетілдіріп, үлкендермен жұмысты жандандырып отыруға міндетті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қонысбай Қуандықұлы Ильясов «Ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Осы жоба бойынша жасалған кешенді іс-шаралар жоспарының негізінде жыл басынан бері өткізілген кездесулердің, семинарлардың, «дөңгелек үстел» отырыстарының және қоғамдық іс-шаралардың нәтижелеріне тоқталып, ардагерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу және қоғамдық белсенділігін көтеру бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті. Баяндамашы, сондай-ақ, жыл соңына дейін жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Үшінші мәселе бойынша облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, «Ғұмыр-Дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов 2026 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу науқанының барысы туралы баяндады.
– Облыстық ардагерлер кеңесінің "Ғұмыр-Дария" газеті жөніндегі ұстанымын Сіздер жақсы білесіздер. Газет облыс ардагерлер ұйымы қызметінің бөлінбес бір бөлшегіне айналып кетті. Облыс ардагерлерінің өткендегі конференциясында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Бейсембекұлы Солтыбаев «Ғұмыр-Дария» газетінің ардагерлер ұйымының танымалдылығын, қоғамдық қызметіміздің тиімділігін, жариялылығын көтеруге, аға ұрпақ өкілдерінің өнегелі өмір жолын кеңінен насихаттаудағы қызметіне жоғары баға берген болатын. Сондай-ақ, төраға қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері мен бастауыш ардагерлер ұйымдары «Ғұмыр-Дарияға» жаздыруды өздерінің қызметінің негізгі бір бағыты ретінде қарастыратынын атап көрсетіп еді. Осыны бүгін сіздердің назарларыңызға тағы бір рет сала кетуді жөн көріп отырмын. «Ғұмыр-Дария» газетіне екінші жартыжылдыққа жаздыруды ұйымдастыру мәселесін бүгін тиянақты ақылдасып алуымыз керек. Әрине, уақыт тығыз, екінші жартыжылдыққа жазылу 25 маусымда аяқталады. Саяси науқан дедік, мерекелер дедік, айтулы күндер дедік, ардагерлер ұйымдары өзіміздің төл газетімізге жаздыру мәселесін біршама кешеуілдетіп алдық. Дегенмен, етек-жеңді жинап, белсенді ардагерлерімізді жұмылдырып жіберсек, әлі де болса, ардагерлер басылымына жазылу науқанын жылдағы деңгейде аяқтауға мүмкіндік бар. Биыл да облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев өткен жартыжылдықтағы деңгейден төмендетпеу керектігі жөнінде міндет қойып отыр,–дей келе бүгінгі күнге дейін ардагерлер басылымына жазылу деңгейі қанағаттандырмай отырғанын атап көрсетті.
Күн тәртібіндегі мәселелер кеңінен талқыланғаннан кейін төралқаның тиісті қаулысы қабылданып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары белгіленді.
Төралқа мәжілісінде облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлы сөз сөйлеп, Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде болатын облыстық батагөйлер байқауының өткізілу тәртібімен таныстырды. Қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағаларына аудандық байқауларда жеңімпаз атанған батагөй қарияларды жан-жақты дайындықпен әкелу жөнінде тиісті ұсыныстар айтылды.
Төралқа отырысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің XI съезінің шешімдері негізінде Тараз қаласынан жаңадан құрылған «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жібек жолы және Әулиеата аудандық филиалдарының төрағаларына заңды тұлға ретіндегі құжаттарын салтанатты түрде табыс етті.
Төралқа мәжілісінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсембекұлы Солтыбаев Тараз және Шу қалалық, сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағаларына белсенді қоғамдық қызметтері үшін алғас білдіріп, олардың әрқайсысына ескерткіш сыйлықтар табыс етті. Бірқатар белсенді ардагерлер облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Өз кезегінде марапат иелері көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да ардагерлер қозғалысының жұмысын жандандыруға, қоғамдық қызметті сапалық жаңа деңгейге көтеруге және қоғам игілігі жолындағы бастамаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысатындарын жеткізді.
Төралқа отырысы қаралған барлық мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
ӘКЕ – ОТБАСЫ ТІРЕГІ, ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ!
10 июль 2026, Пятница
АҚ ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨРІСТІ ӨНЕГЕСІ
10 июль 2026, Пятница
АР-ҰЯТЫ БАР АДАМ АДАСПАЙДЫ
10 июль 2026, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)