Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ӨЗ АУЛАМНАН ДҮКЕН АШУЫМА БОЛМАЙ МА?

ӨЗ АУЛАМНАН ДҮКЕН АШУЫМА БОЛМАЙ МА?

15 июль 2024, Понедельник
180
0
  • Мен Тараз  қаласындағы Шерхан Мұртаза көшесінде орналасқан жұқпалы ауруларға арналған облыстық ауруханаға жапсарлас №162-ші көпқабатты үйде тұрамын.  1997 жылы ішкі істер саласынан зейнетке шыққалы жеке кәсіпкермін. Ауламда бос жер болғандықтан, 2016  жылы Тараз қаласының сол кездегі  әкіміне жүгініп, 0,0012 гектар жерге дүкен ашу үшін рұхсатын берді. Дүкен соқтым. Кішілеу  болған соң, үй жағымнан  1,5 метр жер қостым. Сол үшін 2023 жылы «Заңсыз жер қосты» деген айыппен маған айыппұл салынды. Бірақ, жергілікті сот орындары Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмаларына сүйене отырып, менің жұмысымды қолдады.  Яғни,  «Дүкенді соғуын жалғастырсын, нысан бұзылмасын» деп облыстық сот шешім шығарып берді.
Дегенмен,  Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі дүкенге рұқсат бермей, 6-7  рет қарсы болып, сандалтты. Былтырғы желтоқсан айында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қабылдауына жазылып қойдым.  Жақында кезегім келіп, облыс әкімі мені қабылдады. Өңір басшысы мән-жайды білген соң, құжаттарымды қарап,  менің жұмысыма жауаптыларға:  «Ақсақалдың жұмысын көпке ұзатпай, сандалтпай, тез  шешіңдер», – деп тапсырма берді.
Сол күні облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Айдар Карентаев, Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Темірбек Әйменов үшеуміз менің дүкенімді барып көрдік.  Ертеңіне Айдар Карентаев дүкеннің менікі екендігі туралы бұйрық шығарып берді.
Содан  8  жыл шешілмеген мәселе  шешімін тапты деп ойлаған едім. Олай болған жоқ. Облыс әкімі берген тапсырманы Тараз қаласының  әкімдігі толық орындамай, менің дүкенім ашылмай қалды. Қаланың әкімі жұқпалы ауруларға арналған облыстық аурухана бас дәрігерінің сөзін сөйлеп, теріс айналып кетті.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қолдау, кәсіппен айналысамын дегенге кедергіні азайту жөнінде айтудай - ақ айтып жатыр ғой. Біздің жаққа Мемлекет басшысының нұсқауы, соттың заңды шешімі жүрмей ме? Мен осы жағын мүлдем түсіне алмадым. Ал,  облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Айдар Карентаев  маған:  «Сіздің жерге қатысты мәселеңіз толық шешілді. Ендігі жұмысыңыз Тараз қаласы  әкімдігінің сәулет-құрылыс бөлімі арқылы шешіледі» деп жағдайды түсіндірді. Ал, менің  кәсіпкерлік жұмысым мүлдем ашылмай, тоқтап тұр. Осы жағы жаныма батады. Өз ауламның  ішінен сонда дүкен ашуыма болмай  ма? 
Өзім – ішкі істер саласына еңбегімді арнап,  денсаулығымды жоғалтқан адаммын. Мүгедектігім бар. Қарыс жерге таяққа сүйеніп, әрең жетемін. Сондай жарымжан адамға  есіктен есікке кіру,  кеңселердің табалдырығын тоздыру оңай ма? Облыс  әкімі сөзімді тыңдап қолдағанда қуанып қалып едім. Енді не істерімді білмей, қиналып жүрмін. Біз – ақсақалдармыз. Қазір жүріп тұруымыз қиындаған. Жасы келген кісіні  сандалтып, шаруасын шешпеу  қай заңға,  қазақы қандай болмысқа сәйкес келеді. Мен осы жағын мүлдем түсінбедім.
Біз кезінде халыққа адал еңбегімізді арнап, ішкі істер саласында тер төктік. Ардагер кезімде де ішкі істер саласынан шыққан батыр жігіттерді қолдап, қорғап Алматыға,  Астанаға дейін бардық. Талай телехабарға түстік. Әділеттік үшін күрестік. Енді өзім  әділдік таппай жүрмін. Осы дұрыс па? Менің не істеуіме болады? Не дейсіздер?
Аралбек ТОҢБАЕВ, 
ішкі істер қызметінің ардагері
Тараз қаласы


Обсудить
Блок в статье:
"Отбасындағы әкенің рөлі" 26 декабрь 2024, Четверг
« Ең үздік төрайымы» 26 декабрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Алғыс
06 май 2020, Среда
Алғыс
Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
27 октябрь 2022, Четверг
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры