Алпыс жыл өткен соң...
Біздердің 1966 жылы Шу ауданы Төле Би ауылындағы қазақ орта мектебін (қазіргі М.Әуезов) бітіргенімізге тура 60 жыл болыпты. Бұл аз уақыт емес. Алдымыз сексен жасты алқымдап қалыппыз. Осыдан біраз бұрын мектепті үздік бітірген Қалдыкүл Баяхметова хабарласып, мектеп бітіргенімізге 60 жыл толатындығын ескертті. Содан бастап құрдас, сыныптастарымызды іздей бастадық.
Жан-жаққа хабарласып, мектепті бітіргендерге іздеу салдық. Барымыз, қатардағыларымыз Қалдыкүлдің үйіне жиналдық. Астана, Алматы, Тараз қалалары мен әр ауылдан келгендер шұрқырасын табысып жаттық. Сонымен арнайы әзірленген көліктерге жайғасып Шу қаласындағы көрікті жерлерді үш сағат бойы аралап серуендедік. Түске қарай “Алматы” мейрамханасында кездесуімізді жалғастырдық. Біз мектепті 63 оқушы бітірген едік. Қаза болғандарға құран бағыштадық. Одан кейін асабаның бастауымен, музыканың қоштауымен, үлкеніміз Селеубаев Серіктің батасымен дастарханға бас қойдық. Кездесу барысында Шу ауданына танымал әншілер Бақытжамал Қосыбаева мен Жанат Досжанова әуезді әнімен кездесуіміздің көркін қыздыра түсті. Осы кездесуді ұйымдастыра білген Қалдыкүл (Қалдыш) пен кәсіпкер қызы Мерекеге үлкен ризашылығымызды білдірдік. Кездесуді “Қайдасыңдар достарым” әнін айтып қимай қоштасып, арқа-жарқа болып тарастық.
Төреқұл Әлханұлы,
ардагер ұстаз, журналист
Шу ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (1)