Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Өнер тарланы – туған елдің төрінде

Өнер тарланы – туған елдің төрінде

01 июнь 2026, Понедельник
31
0
Бұған дейін Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында, Шерхан Мұртаза атындағы Тараз Халықаралық университетінде және «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор, өнер зерттеушісі, суретші һәм жазушы Илья Жақановтың 90 жастық мерейтойына арналып ұйымдастырылған шаралар легі өткен жұмада тұғырлы тұлғаның туған ауылы Сарысудың Ақтоғайында арнайы тұрғызылған шығармашылық үйдің салтанатты ашылу рәсімімен жалғасты. Тағылымды іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерболат Саурықовтың, Дүйсенбай Тұрғановтың, облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаевтың,  аудан әкімі Сәкен Мамытовтың, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаевтың, зиялы қауым өкілдерінің, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан келген қонақтардың, ауыл тұрғындарының қатысуымен салтанатты жағдайда ұйымдастырылды.
Салтанатты рәсімде Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев құттықтау сөз сөйлеп, Илья Жақановтың қазақ руханияты мен ұлттық өнерді дамыту жолындағы өлшеусіз еңбегіне тоқталды. Сонымен қатар, жаңа шығармашылық үйдің ел мәдениетіне қызмет ететін рухани ордаға айналатынын атап өтті.
Сондай-ақ, даңқты композиторға арналып салынған шығармашылық үйдің ашылуында Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Илья Жақанов» қорының президенті Ерболат Саурықов сөз алып, тұрғын үй құрылысына қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Жиналғандар алдында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев жерлес сазгердің 90 жылдық мерейтойымен облыс ардагерлері атынан құттықтады. 
Шығармашылық үйдің лентасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов, қоғам қайраткері Әбдіманап Көпбергенов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев салтанатты жағдайда қиып, жаңа отаудың кілтін Илья Жақановқа тапсырды. Ақ жаулықты аналар шашу шашып, көпшілік қауым қоныс той қуанышына ортақтасты.
Айта кету керек, бұл шығармашылық үйдің бой көтеруіне ел азаматтары мен ауыл тұрғындары бірлесе атсалысып, туған елінің өзінің айтулы перзентіне деген құрметінің айқын үлгісін көрсетті. Қазақстанның Еңбек Ері,  жерлесіміз Илья Жақановтың 90 жастық мерейтойына арналған дүбірлі шара бұдан кейін аудандық мәдениет үйінің алаңында жалғасын тапты. Алаңда даңқты тұлғаның "Жайлаукөл кештері" әні шырқалып тұрды. Илья Жақановпен бірге келген қадірменді меймандарды аудан жұртшылығы алаңда ыстық ықыласпен қарсы алды. 
Қазақы киім киген қыздар Илья Жақанов пен жұбайы Тиышкүл апаға гүл шоқтарын ұсынды. Аудандық кітапхана қызметкерлері сазгердің қолымен салынған суреттердің көрмесімен таныстырды. Аудан әкімі Сәкен Мамытов  жерлестері атынан Илья Жақановқа ат мінгізіп, құрмет көрсетті. 
Айтыскер ақын Алик Бекмұсаев Сарысудың мақтанышына айналған аңыз тұлғаға жыр толғауын арнады. Ыстық ықыласқа толы шараны тамашалаған қонақтар аудандық мәдениет үйіне көтеріңкі көңіл күймен беттеді. 
Жиналған көпшілік Илья Жақанов-тың шығармашылығына арналған әсерлі рухани кештің куәсі болды. Ән шырқалып, естеліктер айтылып, әдебиет пен өнер үндескен ерекше атмосфера қалыптасты. Тағылымға толы бұл күн– қазақ руханиятына деген құрметтің, өнерге деген адалдықтың және ұлт мұрасын ұлықтаудың жарқын көрінісі болды.

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

75 жас мерей той
13 январь 2025, Понедельник
75 жас мерей той
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
27 октябрь 2022, Четверг
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
06 май 2025, Вторник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
06 май 2025, Вторник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры