Ұлы Жеңіске - 80 жыл
Бұрнағы күні Тараз қаласындағы Кенен Әзірбаев атындағы «Баласағұн» орталық концерт залында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
«Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға құзырлы орган басшылары, әскери қызметшілер, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық "Ұлан" және шекара қызметінің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы ардагерлерге алғыс білдіріп, қазіргі буынның ел қорғаудағы жауапкершілігі мен батыр бабалар жолын жалғау маңыздылығына тоқталды.
Салтанатты жиын барысында аймақ басшысы ел қауіпсіздігі мен бейбіт өмірге үлес қосып жүрген бірқатар ардагерлер мен әскери қызметкерлерге "Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісін, облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.
Шара соңында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филормония мен «Оңтүстік» өңірлік әскерлерінің өнерпаздары көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ»–АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
Батыр Бауыржан
06 май 2025, Вторник
Саяхат
06 май 2025, Вторник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
06 май 2025, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)