Тағылымы мол болған кездесу
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесі қарсаңында М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті колледжінің мәжіліс залында Ауған соғысының ардагері, генерал -майор Әлімжан Қанағатұлы Ерниязов пен Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы,Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің отставкадағы полковнигі Сауранбек Жамалбеков колледж оқытушыларымен және студенттерімен "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран" атты тақырыпта кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың бойына Отансүйгіштік қасиеттерді дарыту, Отан алдындағы борышқа құрметпен қарау, адамгершілік асыл қасиеттерді, ерлік пен елдік рух дағдыларын бойларына сіңіру болатын. Осы тұрғыда еркін форматта өткен кездесуде әскери қайраткерлер Ұлы Отан соғысының адамзат баласына әкелген аса ауыр зардабтары, сонымен бірге бейбіт кезде тап болған Ауған соғысындағы жерлестеріміздің көрсеткен ерліктері жөнінде әңгіме өрбітті. Кездесу барысында студенттер Ауған соғысының ардагері, генерал-майор Әлімжан Қанағатұлына өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауап алды. Кездесу соңында Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков қатысушыларға ақ батасын берді.
Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі

Обсудить
Блок в статье:
Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)