Ел бірлігі мен қоғамдық келісім – басты құндылығымыз
Мүбарақ Жинақбаева – жоғары білім алғаннан кейін еңбек жолын мемлекеттік және қоғамдық саламен тығыз байланыстырған тәжірибелі, іскер басшы. 40 жылдан астам уақытын өңірдегі мәдениет, білім, қоғамдық даму және этносаралық қатынастар саласында жемісті қызмет атқаруға арнапты. Ол үшін ең басты құндылық – ел бірлігі мен татулығы
Қазіргі таңда Мүбарак Қасымқызы облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесіне басшылық жасауда. Аймақта этно-мәдени бірлестіктердің үлкен шоғыры топтасқан.Олардың ел халқының бірлігі, татулығы бағытындағы қызметі ұшан-теңіз.
Біздің тілшіміз мереке қарсаңында Мүбарак Жинақбаевамен жолығып, мекеменің осы бағыттағы атқарып отырған жұмыстары туралы әңгімелескен еді.
ТІЛШІ: Мүбарак Қасымқызы! Сіз басқарып отырған облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің негізгі мақсаты – халық бірлігін, қоғамдық келісімді және ұлттық-мемлекеттік бірегейлікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру екендігін жақсы білеміз. Осы бағыттағы мекеме қызметіне қысқаша тоқталсаңыз.
Мүбарак ЖИНАҚБАЕВА: Облысымыз – еліміздегі полиэтникалық өңірлердің бірі. Өңірде 87 этнос пен этникалық топ өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр және этнос саны бойынша республикада екінші орындамыз. Сонымен қатар, бізде дүнген, күрд, түрік этностары жинақы орналасқан аймақтар бар. Бүгінде облыста 38 өкілдігі қызмет атқаратын 41 этномәдени бірлестік тіркелген. 2025 жылдың қаңтар айында қоғамдық аккредиттеуден өткен 33 этномәдени бірлестік республикалық реестрге енгізілді.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ғылыми-сараптамалық топ, ақсақалдар, аналар кеңестері, этномедиация орталығы, журналистер клубы, «Жомарт жан» орталығы, «Ассамблея жастары», «Жас ғалым», «Қолөнер шеберлері» және «Белсенді ұзақ өмір сүру» клубтары, сондай-ақ этнос жастары қатысатын «Достық» театры жұмыс істейді.
Этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Бейбітшілік пен келісім» және «Достық керуені» жобалары жүзеге асырылуда. «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы этносаралық мәселелерді дер кезінде анықтап, тиімді шешуге мүмкіндік беріп, бес жыл ішінде оң нәтижесін көрсетті. Қазіргі таңда бұл бағыт «Елтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалғасуда. Сонымен қатар, соңғы үш жылда этносаралық тәуекелдердің алдын алу мақсатында облыстық «Достық керуені» жобасы жүйелі түрде іске асырылып келеді.
ТІЛШІ: Қол жеткізіліп жатқан нақты нәтижелерге тоқталсаңыз.
Мүбарак ЖИНАҚБАЕВА: Жалпы, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде өңірдегі этносаралық ахуал тұрақты, зерттеулер оң динамиканы көрсетуде. Көші-қон, халыққа қызмет көрсету, саяси көңіл-күй және жұмыспен қамту мәселелері зерделеніп, тиісті мекемелерге нақты ұсыныстар берілді.
Біздегі медиация орталығы «Елдесу және татуласу» жобасын жүзеге асыруда. Бұл бағытты прокуратура мен полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әділет органдарымен, адам құқықтары жөніндегі уәкілмен және адвокаттар алқасымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.
Мемлекеттік тілді дамыту бағытында «Мәміле», «Ұлы даланың ұлтаралық тілі», «Мың бала» жобалары іске асуда. Ал көпмәдениетті ортаны қалыптастыру мақсатында құрылған «Достық» театры дүнген, өзбек, қарашай-балқар, орыс, неміс, түрік жастарын біріктіреді. Театр ұжымы Шерхан Мұртазаның «Интернат наны», Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» және Сәкен Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» драмалық шығармаларын сахналады.
Өңірде этномәдени бірлестіктер жанынан 30-дан астам шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Олардың қатарында вокалдық, би, аспаптық, театр және фольклорлық ансамбльдер бар. Сонымен бірге Достық үйінде «Zaman dance», «Infinity» би ансамбльдері және «Вдохновение» би тобы тұрақты жұмыс істейді.
Сондай-ақ, өткен жылы мәдени-ағартушылық бағытта «Елтану» жобасы аясында «Музыкалық аспаптар әлемі», «Ұлттық киім құндылықтары – ұрпаққа мұра» және «Ұлттық бас киімдер әлемі» атты этнос өкілдерінің ұлттық киімдерінің, бас киімдерінің экспозициялары, алты қанатты киіз үйдің жарты моделі – «Алтын шаңырақ» алаңшасы ашылып, облыстағы тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» көрмесі ұйымдастырылды.
Жастармен жұмысымыз да назардан тыс қалған емес. 2025 жыл өңірдегі оқу орындарында студенттік ассамблеялар ашылып, сол жылы «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «Еңбек – елдің ертеңі» жобасы аясында «Жомарт жан» орталығы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, сабақ үлгерімі жақсы 30 колледж студентінің 4,3 миллион теңге көлеміндегі оқу ақысын төлеп, қолдау көрсетті. Сондай-ақ, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асырылған «КӘСІПday» жобасы арқылы жергілікті өндіріс орындарының қызметі кеңінен таныстырылып, еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған нақты жұмыстар жүргізілді.
Ал, біз мекеменің атқарып жатқан жұмыстарын ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі арқылы әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызда тұрақты түрде жариялап отырамыз.
ТІЛШІ: Жақында жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Ата Заңымыз 1 шілдеден бастап нақты жұмыс істей бастайды. Әлбетте, ендігі жерде Қазақстан Халқы ассамблеясы өзінің тарихи миссиясын лайықты атқарып, таратылатын болады. Сіздердің құрылымдарыңыздың алдағы қызметінде қандай өзгерістер күтілуде?
Мүбарак ЖИНАҚБАЕВА: Жаңа Конституциялық өзгерістер аясында құрылатын Халық кеңесі – елдегі қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеретін маңызды институттардың бірі болады деп есептеймін. Бұл құрылым қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты күшейтіп, азаматтардың пікірін ескерудің тиімді тетігіне айналуы тиіс.
Осыған орай, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметі де мазмұндық тұрғыда жаңа бағыттарға бейімделеді. Ең алдымен, өңірдегі өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды саралап, нақты ұсыныстарды тиісті деңгейге жеткізу жұмысы күшейтіледі. Яғни, біз тек ұйымдастырушылық қызметпен шектелмей, халықтың сұранысы мен ұсынысын жүйелі түрде жинақтап, оны шешім қабылдау алаңдарына шығаратын маңызды буын болуымыз қажет.
Сонымен қатар, этносаралық және конфессиааралық келісімді сақтау бағыты негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту – кез келген реформаның табысты жүзеге асуының басты кепілі. Осы ретте Ассамблея институттарының бұған дейінгі сыннан өткен әлеуетін одан ары қарай тиімді пайдалану арқылы қоғамдық келісімді дамытуға басымдық беріледі.
Тағы бір маңызды бағыт – ашықтық пен кері байланысты күшейту. Халық кеңесінің мәні – халық үніне құлақ асу болса, біз өңірлік деңгейде осы қағидатты нақты іске асыруымыз керек. Ол үшін қоғамдық қабылдаулар, диалог алаңдары, сараптамалық кездесулердің форматын жаңғыртып, олардың нәтижелілігіне баса мән берілетін болады.
Жалпы, алдағы кезеңде орталықтың жұмысы халық пен билік арасындағы сенімді арттыруға, қоғамдық пікірді ескеруге және өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталады.
ТІЛШІ: Біздің білуімізше өңірдегі бірлік пен келісімді сақтауда этностардағы аға буын өкілдерінің өмірлік ұстанымдары, өнегелі өмір жолдары үлкен маңызға ие. Сіздерде оң тәжірибелер қалыптасқан. Сол бағыттағы жұмыстарға тоқталсаңыз.
Мүбарак ЖИНАҚБАЕВА: Бұл тұрғыда бізде ақсақалдар, аналар кеңестері, «Шеберлер» клубы және "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығы жұмыс істейді. Олар өте белсенді. Мәселен «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы 2019 жылғы 14 ақпанда «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында құрылған.
Мұндағы мақсат – қарт адамдардың өмір сапасын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру, олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және қоғамдық өмірге белсенді қатыстыруға ықпал ету болатын. Орталықта «Өзіңе өзің көмектес», «Музыкалық қонақжай» клубтары, тіл үйрену және «Вдохновение» хореографиялық ансамблі, сәндік-қолданбалы өнер үйірмесі жұмыс істейді.
Қазіргі таңда орталықта шамамен 80-ге жуық қарт адам түрлі үйірмелерге қатысып, облысымызда бірегейлік жұмысына белсенді араласуда. Сонымен қатар, мекемеде қолөнер шеберлері жұмыс істейді. Шеберлік сағаттары «Достық үйінің» №7 кабинетінде әр дүйсенбі және жұма күндері тұрақты түрде өткізіледі.
Бүгінде өңірімізде түрлі этнос өкілдерінен құрылған 43 ақсақалдар кеңесі жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Кеңес құрамында ел ағасы атанған 245 ақсақал бар.
Ақсақалдарымыз қоғамдық тұрақтылықты сақтау ісінде белсенді қызмет атқарып келеді. Атап айтқанда, ел ішінде арандатушылыққа жол бермеу, бірлікті нығайту, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскерге баруға ынталандыру, сондай-ақ мемлекеттік тілді насихаттау бағытында облыстық, аудандық және ауылдық деңгейде ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Жастар тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Білім басқармасымен бірлесіп, мектеп оқушылары арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Адал азамат» жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Тараз, Құлан және Қордай аудандарында «Даналық көпірі» тұжырымдамасы аясында интерактивті кездесулер ұйымдастырылып, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен ашық пікір алаңдары өткізілді.
Жалпы, ақсақалдар кеңесі – қоғамдағы тұрақтылық пен сабақтастықтың алтын көпірі. Олардың тәжірибесі мен тағылымы – жас ұрпақ үшін үлкен өнеге.
Облысымызда этнос өкілдерінен құрылған 38 аналар кеңесі жүйелі әрі мазмұнды жұмыс жүргізіп келеді. Олардың негізгі қызметі – отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы тәрбиелік бағыттағы бастамаларды қолдау.
Бүгінде республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында өңірдегі аналар кеңестерінен қамтылып, отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Анаммен бірге кітап оқимын», «Ана көрген», «Анамның әні» сияқты жобалар табысты жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы негізінде «Балам, заңнан аттама» жобасы, ал «Салауатты сана» бағыты аясында «Барыңды бағала» атты вандализмге қарсы бастама қолға алынған.
Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес, жастар арасындағы лудомания, есірткіге тәуелділік, буллинг, вандализм және ысырапшылдықтың алдын алу мақсатында «Салауатты сана» жобасы білім беру және денсаулық сақтау салаларымен тығыз байланыста іске асырылуда.
Біздің аналар кеңесінің қызметі халықаралық деңгейде лайықты бағасын алуда. Атап айтқанда, өткен жылдың қараша айында облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының аналар кеңесінің делегациясы Анкара қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы алаңында өткен «Аналар: дәстүр және заманауилық» атты халықаралық «дөңгелек үстел» отырысына «Түркі әлемінің аналары» ұйымын құру бастамасын қолдады.
Сонымен қатар, 2026 жылдың мамыр айында Тараз қаласында республикалық аналар кеңесінің «АНАЛАР КЕҢЕСІ: саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі» тақырыбындағы халықаралық форумы өтеді.
ТІЛШІ: Үлкен мереке алдында газет оқырмандарына, облыс жұртшығына мерекелік лебізіңізді жолдасаңыз деген тілегіміз бар.
Мүбарак ЖИНАҚБАЕВА: Барша жамбылдықтарды, сондай-ақ ел бірлігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерімді осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, кәсіби жетістіктер мен жеке өмірлеріңізде толағай табыстар тілеймін. Ел бірлігі мен қоғамдық келісім – біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықтарды сақтап, нығайту әрбір азаматтың абыройлы борышы екендігін ерекше атап өткім келеді.
Біз – ортақ тарихы, тілі мен мәдениеті бар біртұтас халықпыз. Сондықтан да татулық пен өзара түсіністік арқылы ғана биік мақсаттарға жетіп, болашағы кемел мемлекет құра аламыз. Этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау – еліміздің өркендеуінің берік негізі.
Әңгімелескен Ақерке ЖАҚЫПБАЙ,
«Ғұмыр-Дария»

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)