Жаңа ауданның жаңа әкімі ардагерлермен жүздесті
Бұрнағы күні Тараз қаласындағы Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде аудан ардагерлерімен кездесті.
Жиында аудан басшысы ардагерлердің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтіп, олардың өнегелі өмір жолы мен бай тәжірибесінің жас ұрпаққа үлгі екенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, ардагерлер ұйымдары мен аналар, билер кеңестерінің белседі қоғамдық қызметі аудандағы өзекті мәселелерді шешудегі және қоғамда бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы ықпалы зор екендігіне Қарлығаш Әмірқызы айрықша тоқталды.
Сонымен қатар аудан әкімі жастарды отансүйгіштікке, елжандылық пен еңбекқорлыққа баулу, рухани және мәдени құндылықтарды дәріптеу, ауданда ынтымақтастық пен татулықты нығайту бағытында ардагерлермен бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап көрсетті.
Кездесу барысында арагерлер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық келісім мен татулықты сақтау, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру мәселелері жөнінде пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"–АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры
09 апрель 2026, Четверг
Көкпарға құмарлық бізге әкемізден дарыған
09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын
09 апрель 2026, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)