Біз көрген азаттың таңның алауы
Біз Кеңес Одағы дейтін алып империяның тұсында ғұмыр кештік. Қазір көп кісілер айтып жүргендей ол кезең сүреңсіз, мағынасыз жылдар болды дегенге де келіспеймін. Өткен өміріміздің әсерлі шақтарын мүлдем сызып тастауға болмайтын шығар. Ол уақыттың да жақсы тұстары болды. Мәселен, жұрт кітап оқыды. Ақын- жазушылардың кітабы қойшының да, тракторшы, егіншінің де қолында, етігінің қонышында жүрді. Газет-журнал оқылды. Республикалық газеттердің таралымы 200, облыстық басылымдар 20-25 мың данаға дейін жетсе, аудандық газеттің таралымы 5,5 мыңнан төмендемей тұрды. Сол уақытта аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде еңбек еттім.
Дегенмен, империялық пиғылдың түпкі мақсаты –қазақтың көсегесін көгерту емес екенін кештеу түсіндік. Енді болмаса тіліміз бен тарихымызды ұмытып, ұлы халықтың өңешіне жұтылып кетудің алдында тұрыппыз. Оның көріністерін пәрмені күшті партия тарайтын жылдарда аңғарып та қалдық. Әйтеуір көп адамға мәңгілік болып көрінетін партия Горбачевтің жосықсыздығынан ақыры тарқап тынды. 1990 жылдың 25 қазанында егемендікке, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Азат, егемен ел атандық. Сол уақытта да журналист ретінде қоғамдық - саяси жағдайларды сараптай алдық. Азаттық жылдардың елең-алаңы еш қиындықсыз болды десек, шындыққа жанаспайды. Адамдарымыз азып-тозып кетті, жұмыссыздық тағы бар. Ауыртпалықты сол кездегі мемлекет басшысынан бастап, әр ауылдағы қатардағы еңбек адамына дейін сезінді. Бюджеттік сала қызметкерлері, зауыт, кәсіпорын жұмысшылары да 6-7 айлап жалақы алмаған уақыттар болды. Қарттар зейнетақысыз қалды. Күнделікті тұтынуға қажетті ұн, шай, қант өнімдерінің бағасы шарықтап кетті. Шарықтағаны өз алдына, дүкендерде сөрелер бос қалды. Міне, осындай қиын шақтарға да қазақ халқы төтеп берді. Еліміздің әр қаласы мен ауылы, әр жас шаңырағы шыдады. Себебі, қиындық уақытша екеніне көздері де, көңілдері де сенді.
Қазір экономикалық тұрғыдан қай кезең тиімді деп те ойланамын. Кеңестік кезеңде әр ауданда бірнеше кеңшар, ұжымшар болды. Мәселен, кеңшарыңызда не қажеттің барлығы болды. Төрт түлік мал, 60-70 трактор-машина, түрлі цехтар мен қоймалар, мыңдаған гектар егістік жерлер болды. Сол байлықтың баршасының басшысы – кеңшар директоры. Кеңшар директорының пәрменінсіз шыбық сынбайтын. Жоғары басшылық кеңшар директоры қызметіне де шаруашылықтың ауыр жұмысында маман қызметінде жүріп шыңдалған, бірнеше жыл еңбегі сіңген, бас маман, партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған, көпшіліктің тілін таба алатын нағыз майталман кісіні ғана қоятын. Себебі, бір кеңшардың бүкіл жауапкешілігі, мыңғырған малы мен егіні, техникасынан бастап, сынық шегесіне дейінгі жауапкершіліктің барлығы директордың мойынында болатын. Еркіндіктің елең-алаңында осы кеңшарлар мен ұжымшарлар тарап, малдар пайға беріліп, техникалар жекеге таратылып, талан-таражға түсті. Осы тұрғыдан алғанда Кеңес Одағының жақсы жағы көбірек болды. Сол шаруашылықтардан өндірілген өнімдердің игілігін халқымыз көре алмады, ет пен сүт, ұн өнімдері, басқа да азық-түліктер тапшы болды.
Еркін еңбекке жол ашылған соң 1993 жылдардан бастап болашақты болжай алатын мықты азаматтар шаруа қожалықтарын ашып, жаңашыл жұмысқа тәуекел етті. 10 қой, 4 сиырмен шаруа қожалығын ашқан кейбір азаматтың малы бүгінде 2000 қойға, 200 сиырға жетті. Бұл да егемендіктің жемісі.
Азаттықтың ақ таңында нығмет көп. Біз сол ата-баба аңсаған егемен елде өмір сүрудеміз. Сол азаттықтың алауын жаққан біздің буын бақытты. Сол азаттықтың жылуына жылынып жүрген қазіргі ұрпақ бақытты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жасанды интеллекті мүмкіндігін елімізге кеңінен тарату туралы жауаптыларға пәрмен берді. Әрине әлеуметтік желі, интернет, цифрлы өмір біздің буынға, ардагерлерге бәлкім қажет емес шығар. Бірақ, біздің ұл қыздарымыз бен немерлерімізге өте қажет. Ал, шөберелеріміз сол жасанды интелектімен бірге туылып, бірге дамитыны анық. Осының барлығы азаттық таңының жемісі. Азаттықпен бірге тіліміз оралды. Тіліміз тазарды. Азаттықпен бірге дініміз оралды. Мешіттер бой көтеріп, имандылық бүршігін жарды. Азаттықпен бірге тарихымыз қайта түледі. Қазақ елінің тарихындағы көрнекті батырлар мен қайраткерлер қайта аталып, жас ұрпақтың санасында жаңғырды. Азаттық күннің жемісі осы. Азаттық – еліміздің басты байлығы. Мен еркін еңбектің, егемен елде өмір сүру бақытын күні бүгінге дейін сезініп келемін.
Республика күні құтты болсын. Жас ұрпақ еліміз бен жерімізді сүйіп, ардақтап өтуі тиіс. Оған аға буын, ардагер біздер үлес қосуымызк керек. Азат елдің рухты, білімді, иманды, тағылымды ұрпағын тәрбиелеу жолында ақсақалдардың, менің замандастармының атқарар жұмысы қомақты. Себебі, атаның сөзіне қарап, батаның тағылымына қарап ел түзеледі. Ел түзелсе, бәрі де оңға басады. Елдің ертеңі нұрлы болғай!
Әкебай Ертаев,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі

Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры
09 апрель 2026, Четверг
Көкпарға құмарлық бізге әкемізден дарыған
09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын
09 апрель 2026, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)