Береке-бірлігі жарасып, шаттыққа бөленген шаңырақтар
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанған отбасыларды салтанатты түрде марапаттады.– Бұл байқау – тек үлгілі отбасыларды марапаттау ғана емес, сонымен қатар бірлігі жарасқан, берекелі шаңырақтарды көпшілікке танытып, өскелең ұрпаққа өнеге етудің жарқын үлгісі. Ел Президенті бейбітшілік пен дамудың бастауы – отбасындағы тәрбие, көшедегі тазалық, қоғамдағы бірлік екенін үнемі айтып келеді. Әрбір берекелі отбасы – ел болашағының кепілі. Сондықтан бұл байқаудың мәні терең, маңызы зор. Бүгін дара шыққан отбасылар – тек өз әулеттерінің ғана емес, барша облыс жұртшылығына үлгі, қазақ елінің мақтанышы, – деді өңір басшысы.
Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев мемлекетімізде ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға, көпбалалы отбасыларының әл-ауқатын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсартуға тұрақты көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші орынды Дауылбаевтар (Талас ауданы) және Шайхиевтер (Меркі ауданы) отбасы иеленді. Екінші орын Омаровтар (Мойынқұм ауданы) мен Абдуалиевтер (Жуалы ауданы) шаңырағына бұйырды. Бірінші орын Әлімбетовтер отбасына (Байзақ ауданы) табысталды.
Бас жүлдені Бектасовтар әулеті жеңіп алды.
Байқауда топ жарған отбасылар – ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Олардың арасында теміршолшылар, жұмысшы мамандар, кәсіпкерлер мен шаруалар, білім және мәдениет саласының майталмандары бар.
Жеңімпаздарға қаржылай сертификат табысталды (Бас жүлде – 700 мың теңге, І орын – 600 мың теңге, ІІ орын – 500 мың теңге, ІІІ орын – 400 мың теңге).
Еске сала кетейік, облысымыздан 2014 жылдан бастап «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 2700-ден астам отбасы қатысқан. Олардың 60 пайыздан астамы – көпбалалы отбасылар.
Биыл конкурсқа Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 222 өтінім түсіп, олардың ішінен 22 отбасы облыстық кезеңде бақтарын сынады.
"Ғұмыр-Дария" – Ақпарат
Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры
09 апрель 2026, Четверг
Көкпарға құмарлық бізге әкемізден дарыған
09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын
09 апрель 2026, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (25)








