Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

ФОТОБАЯН

29 апрель 2020, Среда
161
0
Облыстық «АрАй» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың фототуындылары халықаралық «35AWARDS: Қызыл түс» тақырыптық конкурсында «TOP 7» ең үздік фотосуреттер қатарына кірді. 35AWARDS — 2015 жылы 35photo.ru кәсіби фотоқауымдастығы негізін қалаған беделді халықаралық байқау. Оған алғашқы жылы әлемнің 110 елінен 36 мың адам қатысса, 2017 жылы 160 елден 100 мыңнан астам фотошебер 257 мыңнан астам туындысын жіберген. 35AWARDS негізгі байқауымен қатар тақырыптық конкурстарды да жиі өткізіп тұрады.  «35AWARDS: Қызыл түс» тақырыбында 10 қазан-12 қараша аралығында ұйымдастырылған конкурста жерлесіміздің туындылары үздіктер қатарынан көрініп отыр. Үздіктер қазылар алқасының шешімімен емес, онлайн дауыс беру арқылы, яғни халықтың қатысуымен анықталатыны мәлім. байқауға әлемнің 114 елінен 4732 адам 12077 фотосурет жіберіпті. Солардың ішінен жерлес әріптесіміз шеберлердің қатарынан көрінсе, сөз жоқ бұны облыс фотожурналистикасның зор табысы деп бағалаған ләзім. 
Еңбегің жана берсін, Алтынбек әріптес! 
Ақтоты ЖАҢАБАЙ
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры