Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Әке туралы толғаныс

Әке туралы толғаныс

10 май 2024, Пятница
153
3
Биыл әкеміз тірі болғанда жүз жасқа толады екен. Біздің әкеміз не көрмеді дейсің. Алты жасында тұл жетім қалыпты. Әке-шешесін отызыншы жылдардағы зұлмат ашаршылық жалмапты. Ата-анасы аштықтан алты жасар баланың көз алдында кеткен ғой. Олардың өлі денесін айналшықтап жүрген жас сәбиді баласы жоқ туыс жеңгесі көтеріп алып, арқасына салып, алып кетіп, өсіріп азамат қылған. Тумаған кісі ғой, біздің әкеміз он екі жасқа толғанда асырап алған шешесі ұлды болыпты.
Әкеміздің көрмеген қиындығы жоқ деп жоғарыда айттым. Соғыс бітетін 1945 жылдың ақпанында әкеміз Ташкент қаласынан майданға аттанады. Соғыстың соңын ала барса да ол кісі танк диви-зиясының құрамында сапер взводының командиры болыпты. Әкеміздің талай әңгімесін естіп өсттік қой. Айтып отырса бүкіл Еуропаны керзі етікпен жаяу жүріп өткен. Ленинград, Новоград облыстарын, Пала станциясын, Эстония жерін минадан тазартуға қатысыпты.
Соншалықты қиындықтарды көргенімен әкеміз ашылып көп әңгіме айтпайтын.
– Сендер бақыттысыңдар, ата-аналарың қастарыңда, біз болсақ әке-шешеміздің түрін де білмей өстік, – деп отыратын еді жарықтық.
Алапат соғыстан аман оралғандардың барлығының кеудесінде таусылмас әңгіме болатын. Олар шын мәнінде адамзат тарихындағы ең алапат соғыстың куәгерлері еді. Олар өздерінің жастық шағын, денсаулығын болашақ ұрпақтың тыныштығы үшін сарп етті. Ойлап отырсам, олардың жанқиярлығы мен жасампаздығында, адалдығы мен әділ-дігінде шек жоқ екен ғой.
Мен ойлаймын, өмірдің қиындығының өзі адамдарды дана ете ме деп. Оның мейірімділігі, жанының жомарттылығы және айналасындағыларына сүйіспеншілігі бізді таң қалдыратын.
Әкемізбен өткен әрбір күн біз үшін құнды сабақ, қымбат сыйлық екен. Әкеміз біздің тату, көпбалалы отбасымыздың тірегі болды. Анамызбен ұзақ, бақытты өмір сүрді. Бізді адалдыққа, шындыққа, еңбекке тәрбиеледі. Күш қуаты қайтпай кетті.
80 жасында атқа мінгенін көрдік, 90 жасына дейін газет оқитын, құлағы анық еститін. Ол кісі бейбіт өмірдің, еркіндіктін қадірін білетін және бағалай алатын.
Әкемнің соғыстағы ерлігі кейіннен бейбіт өмірде де өзінің жалғасын тапты. Бір ғана мысал айтайын: Айдалада электр сымына тоққа түсіп қалған баланы басын бәйгеге тігіп жүріп құтқарып қалды. Қарап отырсаңыз далада әрекетсіз тоққа түсіп қалған баланы тірі алып қалудың өзі – ерлік емей немене?!
Ол кісінің қарапайымдылығында шек болмайтын. Көп, бос сөзді ұнатпаушы еді. Асылық айтып, артық кетпейтін.
Әрине, әрбір майдангер сияқты ол кісінің де жауынгерлік орден – медальдары, грамоталары көп болатын. Оның есімі Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы ме-мориалды кешенде жазулы. Туған ауданы – Сарысу жерінде де әкеме деген құрмет айрықша.
Майдангер, батыр әкеміздің есімі ұрпағымен бірге жасай береді.
Алтынкүл ДҮЙСЕМБАЕВА, ардагері ұстаз, 
«Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері
Тараз қаласы
Обсудить

Похожие материалы:

БІЗДІҢ ХАЛЫҚ НЕ КӨРМЕДІ
26 май 2023, Пятница
БІЗДІҢ ХАЛЫҚ НЕ КӨРМЕДІ
Ұстаздық еткен жалықпас
09 март 2022, Среда
Ұстаздық еткен жалықпас
ЖАЗ - АТА МАЛЫН ӨЗІ БАҚҚАН БА?
13 ноябрь 2023, Понедельник
ЖАЗ - АТА МАЛЫН ӨЗІ БАҚҚАН БА?
Добавить комментарий
Комментарии (3)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
dianalas151
dianalas151 Посетители 10 мая 2024 17:16
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
dianalas151
dianalas151 Посетители 14 мая 2024 18:14
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
dianalas151
dianalas151 Посетители 16 мая 2024 12:38
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
Сотрудники
Партнеры