Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ҰЙЫМШЫЛДЫҚ БОЛСА, ҰТАРЫМЫЗ КӨП

ҰЙЫМШЫЛДЫҚ БОЛСА, ҰТАРЫМЫЗ КӨП

11 август 2022, Четверг
253
0
Қазақта «Ауыл болсаң, қауым бол» деген мақал бар. Ынтымағы жарасқан көршілер қашан да берекелі істің басында жүреді. Олар тұрған үйлер тазалығымен, қуаныш пен қайғыда бірлігімен көзге түсіп жатады. Ондай көпқабатты үйлер қаламызда жетерлік. Қандай тірлік болмасын ұйымдастырып жіберіп, бірлесе көп тірліктерді тындырады. Мысалы, ондай үйлердің қатарында Ә.Молдағұлова көшесіндегі №57, Ә.Ақшораев көшесіндегі №5 көпқабатты тұрғын үйлердің өнеге алар істері куә. Сондай-ақ үшінші және бесінші мөлтек аудандарда да үлгілі үйлерді көріп жүрміз. 
Жыл сайын мемлекет тарапынан тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларына пәтерлер кезегімен беріліп жатады. Осыдан 2 жыл бұрын үшінші мөлтек аудандағы №3, №4 көпқабатты тұрғын үйлер көпбалалы аналарға, тұрмысы төмен отбасыларына, жалғызілікті кісілерге жөнделіп, жалға берілген еді. Сол кезде олардың қуанғандарын көріп, біз де риза болғанбыз. Әуелгі кезде осы екі үйдің тұрғындары ынтымағы жарасып тұрғандай көрінетін бізге. Бірақ, үйренісе келе кейбір пәтер иелері теріс мінез таныта бастады. Әрине, барлығы емес. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, бірен-саран отбасылардың дұрыс жүріп-тұрмауы, сенбілікке қатыспауы, коммуналдық төлемдерді уақтылы төлеумеуі әдетке айналды. Тіпті, 4-5 пәтер иелері ішкілікке салынып, оларға сырттан "шақырусыз" қонақтар келіп, той-думандатып, әсіресе, түнгі уақытта елдің мазасын алатын жағдайлар көбейіп кетті. Өзіміз, құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірігіп тоқтау айтсақ, тіпті, кейбіреулері бізге «Ал, не істейсіңдер» дегендей дөң айбат көрсете бастады. Сондай отбасылардың әдепсіздіктері балаларға да әсер етуде. 
Жақында осы екі үй тұрғындарымен аудан және қала әкімдіктерінің өкілдерін қатыстыра отырып жиын өткізіп, жұрттың мазасын алып жүрген бірнеше отбасын ортаға салдық. «Кемедегінің жаны бір» демекші – осы екі көпқабатты тұрғын үйдің тазалығына, абаттандырылуына жауапты екендігімізді түсіндірдік. «Ішімдік ішіп, моральдік жағынан азғындауды тоқтатайық» деген сөздер де айтылды. Қазақта «дауға барсаң бәрің бар, жауға барсаң бірің бар» деген мақал орынды айтылған екен, оның үстіне тұрғындар да тыныштықты қалайды ғой. Сол жиында ашық әңгіме айтылып, аяғында пәтуәлі шешім қабылданды. 
Әрине әркімнің жағдайын түсінеміз. Бірақ, аяушылықтың да орыны бар. «Өз бетін аямаған, кісі бетін шиедей қылады» демекші қоныстастарын сыйламайтын бірен-саран өнегесіз отбасыларына көршілері қатаң сын айтты.
Ардақты ағайын, мемлекет саған жақсылық жасады. Басыңа баспана берді. Сол жақсылықты біліп, түсіну әрбір пәтер иесінің басты парызы екендігін түсінуіміз керек. Біз – ардагерлер жиналған жұртқа басу айтып, ынтымаққа шақырып кеттік. Қалғанын уақыт көрсетеді.
Алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен жиі кездесуді жоспарлап отырмыз. Онда ең бірінші тәртіпті сақтау мәселесі сөз болмақ. Және абаттандыруға баса мән бермекпіз. Елді сенбілікке тұрақты шығуға үйретпесек болмайды. Өйткені, қала – біздің ортақ үйіміз. Оған ең алдымен біз жауаптымыз. Біз ынтымақты болсақ, балалар да сол жолмен жүреді. 

 Қонақбай ҚАЛЖАНОВ,
Қаратау қалалық билер кеңесінің мүшесі.  


Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Елге ел қосылса құт
30 май 2022, Понедельник
Елге ел қосылса құт
Дала академигі
01 июль 2022, Пятница
Дала академигі
Әкімі ардагерін ардақтаған
12 апрель 2021, Понедельник
Әкімі ардагерін ардақтаған
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры