Шағын қалалар: Журналист көзімен
Кезінде «Кеніштер қаласы» атанған Қаратауда 1991 жылы халық санағы өткенде елу мыңнан аса адам тұрған екен. Қаланың көшелері оқтаудай тіп-тік, шиесі, сары өрігі, алмасы, алмұрты, тіпті, жүзімінен көз сүрінетін. Одақтың тарауымен фосфор өндірісі жекешелендіріліп, жұмыссыздық жайлап, қала тұрғындарының көпшілігі күнкөріс қамымен еліміздегі өндіріс орындарын жағалап кетсе, неміс, грек, шешен диаспораларының өкілдері ата қоныстарына үдере көшті. Қаланы қараңғылық жайлап, көптеген көпқабатты үйлер бұзылып, есік-терезелері үңірейіп бос қалды, сәнді қаладан сән кетті.
Сондай қиын-қыстау кезеңде Үкімет моноқалалардың инфрақұрылымын дамытудың 2011-2021 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдады.
Бағдарлама аясында қаланың ауызсу және кәріз сулары жүйесі және жылу өтетін құбырлары жаңғыртылды. Қаланы абаттандырудың жаңа жобасы жасалынды. Соның арқасында электр жарығы, газ беру жұмысы жаңа сапаға көтерілді. Асфальт жолдары жөнделе бастады. Әлия Молдағұлова көшесінен осы заманғы сауда үйлері, мейрамханалар, монша бой көтерді. Өндіріс орындары қайта жанданды. Құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар ашылды. Көшелердегі жиналған үйінділер тазалана бастады. Алайда, бізде бұзу оңай, оны қалпына келтіру қиынның-қиыны. Ашығын айту керек, қаланы қайта сәніне келтіру үшін әлі талай жобалар жасап маңдай терді терлетуге тура келер.
Жақсы істің жалғасы ретінде қаламызда егесіз қалған көпқабатты үйлерді коммуналдық меншікке алып, қайта жаңғырту жұмыстары нақты қолға алынуда. Соның арқасында №5 мөлтек аудандағы көпқабатты үйлер қайта жаңғыртудан өтіп, әдемі қалашыққа айналды. Енді №3 мөлтек ауданда да қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек осы қызметке тағайындалысымен қала және елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі өзінің жоспарын ардагерлер алдында мәлімдеген еді. «Істеймін» деген адамға ақ жолдан басқа не тілейміз. Аз уақыт ішінде демеушілердің қолдауымен қаланың батысынан құны 150 миллион теңге тұратын «Әбдірашит ата» мешіті бой көтерді. Ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты жазылған соң оған тоқталып жатпайық. Әкім өзінің бір сөзінде "Қонаев көшесі бойындағы «Бастилия» деп аталатын №15 көпқабатты тұрғын үйді «Қазфосфат» ЖШС-ін басқаруға алған «ҚазақМыс» корпорациясы әлеуметтік-әріптестік ретінде жөндеуден өткізуді міндетіне алды" деп еді. Жақында ғана қаланы аралап шықтық. Күні кеше ғана сылақтары түсіп, тозуға айналған 72 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй бір ай мерзім ішінде жаңа түрге еніпті. Бағаналары өзге түске боялып, үйдің төбесі шатырланыпты. Демек жауында, қар жауғанда төбеден су ақпайды деген сөз. Бұрыш-бұрыштың барлығына суағарлар тартылған. Есік, терезелері салынып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту, ауызсу, кәріз суы жүйелері қалпына келтірілуде. Құрылыс нысанын жөндеуді «Интеграл Строй» ЖШС (директоры А.Мұхамеджанов) атқарып жатқан көрінеді. Мұнда жұмыс істеп жатқандардың дені сырттан келгендер десек те, олардың арасында тұрғылықты мамандар аз емес екен. Учаске бастығы Алтай Әбдіқалықовтың айтуына қарағанда тұрғын үй Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қарай пайдалануға берілмек. 72 пәтер иесі қуанышқа кенелмек. Дәл үйдің шығыс беткейіндегі демалыс саябағы қаланың ең бір көрікті орнына айналатындығы даусыз. Ол нысанды да аталмыш құрылыс мекемесі жаңадан соғып, тұрғындардың игілігіне осы қараша айында бермек. Алтай біз де саябақтағы нысандармен таныстырды. Қазірдің өзінде баскетбол алаңы, теннис кортының және кіші футбол алаңының жұмысы бітуге таяу. Оның сол қапталынан спорттық тренажер алаңы бой көтеріп келеді. Балалар ойын алаңының құрылысы бітуге таяу. Бір сөзбен айтқанда, спорттық саябақ қала халқының көзайымына айналмақ. Біз кешғұрым барғанбыз, жұмыста үзіліс жоқ. Кейін білгеніміздей құрылысшылар екі ауысыммен жұмыс істейді екен. Бәрі өз ісінің шебері, жұмыстың сапасын компанияның өкілдері күнделікті тексеріп тұратын көрінеді. Ақсақал ретінде ақ батамызды бердік.
Аралауымызды ары қарай жалғастырдық. Қаланың батысындағы аудандық аурухананың іргесінен бұдан 10 жыл бұрын Тәуелсіздікке арналған бақ бой көтерген еді. Оған негізінен қарағаш отырғызылған. Күтім болмады ма, бақтың бағы ашылмады. Ағаштары қурап кетті. Содан өткен жылы ол маңда футбол алаңы соғылады деп естідік. Қаланың қақ ортасында стадион тұрғанда қосымша футбол алаңын салу ақылға қонымсыз деп жүрдік.
Бұрынғы саябақтың тұсындағы көзге қораш көрінетін бетон қоршаулар алынып, темір қоршаумен қайта жаңғыртылыпты. Бұл жерде де құрылыс қарқынды жүргізілуде. Ойламаған жерден серіктестік бастығы Мәди Болысбековке жолыққанымызда бұл саябақтың нағыз демалыс орнына айналатынын естідік. Жоба жүзеге асқанда мұнда да тұрғындар спорттық шаралармен айналысып, демалуға қол жеткізетінін білдік. Саябақта қала тұрғындарының демалуына барлық қолайлы жағдай жасалынбақ. Саябақтың қақ ортасынан Қаратаудың мақтанышына айналған Қызғалдақтың бейнесін қоймақ. Шіркін оның орнына тастұғырдың үстінде қыран құс қалықтап тұрса, я болмаса Көк Туымыз желбіресе екен деген ой да келді көңілімізге. Ол ойымызды білдіргенде серіктестік басшысы бірден қолдады.
Не керек бұл саябақ та көңілімізден шықты. «Ертерек ел игілігіне ұсыныңыздар, қатып кетер еді» деген тілегімізді де бүгіп қалмадық.
Шынтуайтына келгенде, қаланың тарихы тым тереңде жатыр. Олай дейтініміз, тарихшылардың зерттеулеріне қарағанда бір кездері қала Ұлы Жібек бойында жатқан. Бұл жерде біздің дәуіріміздің VI-XI ғасырларында, араб саяхатшыларының жазуына қарағанда Паркент қаласы салтанат құрған. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, VII-VIII ғасырларда ислам дінін таратушы сахабалар Қаратау өңіріне келгенде Паркент қаласы бар екен. Қуаңшылықтан бұл төңірекке жаңбыр тамбай, ағаштар қурап, өзендер суалса керек. Сонда сахабаларды бастап келген Әбу Мұса Әш Кари Аллаға жалынып дұға қылып, аса таяғымен биік ағаштың түбін нұқып қалғанда бұлақтың көзі ашылып, аспанға атқылап, жан-жағын көл-көсір етіпті. Әлгіні көріп тұрған халық: «Уа, әулием, тамды, тамды» деп шуласқан көрінеді. Сол күннен бастап сол тұс "Тамды әулие" атанып, маңайындағы өзен де солай аталыпты.
Қош. Сонымен соңғы 20 жыл көлемінде қала орны зерттеліп, талай жәдігерлер табылды. Жалпы қалашықтың аумағы 300х150 шаршы метрді алып жатыр. Тамды өзенінен тартылған су жүйесі бұл қаланың өркениетке жақын екенін айғақтайды. Одан табылған қыш құмыралар, түркілер табынатын балбалтастың табылуы өзінше бір әңгіме. Қазіргі таңда «Тараз» ғылыми археологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (басшысы Оразбакова Акжан) қалашықты ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру үшін жұмыс жасап жатыр. Онда қойылған қос доңғалақты арба, садақ, қылыштар, қыш құмыралардың сынықтары, басқа да жәдігерлер қаланың орта ғасырлардағы тыныс-тіршілігінен хабардар етеді. Бір сөзбен айтқанда, қаратаулықтар бұдан 1400 жыл бұрын біздің өңірімізде қала болған деп мақтана алады.
Сөйтіп біз Қаратау қаласындағы жасампаз істерге куә болдық. Аудандық билер кеңесінің сұрануымен қаланың солтүстігіндегі «Флора» саяжайына ағын су жеткізу жөніндегі ұсынысымызды аудан әкімдігі мақұл көріп, 9 миллион теңгеге құбыр тартқызып берді. Алла сәтін салса, келер жылы сол төңіректегі ауызсу мәселесі де шешімін таппақ.
Тұрғындардың ұсынысымен қаланың шығыс бөлігінен заманауи үлгідегі балабақша мен батыс бөлігінен ең болмағанда орталау мектеп салу жөнінде нақты жұмыстардың қолға алынатынына сенімдіміз. Әрине, оның бәрін ауданның бюджеті көтере алмайды. Облыстық, республикалық деңгейде шешілетін мәселе екенін де түсінеміз. 40 жылдан бері қалада бірде-бір мектептің құрылысы жүргізілмеген екен. Оқитын бала саны жылдан-жылға артып келеді. Әлеуметтік- әріптестік бағдарламасымен іске қосылған шағын балабақшалар бүлдіршіндердің сұранысын қанағаттандыра алмайтыны және белгілі.
Қаланың қазіргі тыныс-тіршілігі мен болашағы жайлы қала әкімінің міндетін атқарушы Дархан Байымбетовпен сұхбаттасқанымызда:
– Осы қызметке келгелі бері қаланың инфрақұрылымын жақсарту жөнінде тұрғындармен бірнеше мәрте кездесіп, ұсыныстарына құлақ түрдік. Қаланың тазалығы бірінші орында тұр. Тұрғындардың тілегіне сай қаладағы 3 мөлтек аудандағы 3,5 жатақханалар маңайын тазалаттық. Сол сияқты, 49, 50 көпқабатты үйлер маңайын да қоқыстан арылтуды қолға алдық. Қаланың шығыс бөлігіндегі бұрынғы балабақшаның үйілген қоқысын тазалауды қолға алып жатырмыз. Қаламыз көрікті болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Дегенмен, қала халқының қолдауы мен көмегіне мұқтажбыз. Әсіресе, тазалық мәселесінде. Бұл жұмысқа ардагерлеріміз, ақсақалдарымыз, зиялы қауым өкілдері, халық қалаулылары, үй ағалары қолдау көрсетсе дейміз, - деді.
Иә оның айтқанының бәрі орынды. Өткені – өрелі, бүгіні – берекелі, ертеңі – жарқын Қаратау қаласын қайта түлету барлығымызға сын деп ой түйдік осы сапарымызда.
Сәулембай Әбсадықұлы,
ардагер журналист.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)