Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ШАҺАР КЕЛБЕТІНЕ КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?

ШАҺАР КЕЛБЕТІНЕ КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?

11 август 2022, Четверг
120
0
Жасымыз ұлғайып, қариялыққа бет алған сайын әрбір болып жатқан құбылыстарға, оқиғаларға адам бойында сыни көзқарас қалыптасады екен. "Шынында, осы күн сайын өсіп, кемелденіп жатқан қаламыздың келбетіне көңіліміз толып жүр ме?" деген сұрақ мені көп мазалайды. 
"Көрмес түйені де көрмес" деген сөз бар. Шын мәнінде, біздің тарихи Таразымыз үнемі өсу үстінде. Ғасырлар тоғысар тұста, тоқсаныншы жылдары біраз тоқыраудың болғаны рас. Одан бері қарай қаламыз қанатын кеңге жайып, құрылыс қарқын алды. Тәуелсіздік жылдарында он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші мөлтек аудандар бой көтерді. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үй алаптарында тіптен есеп жоқ. Ал, енді жаңадан іске қосылған тарихи, мәдени, әлеуметтік нысандар да жеткілікті. Бұның бәрі жақсы. 
Дегенмен, "туған қаламыз құлпыра түссе екен" дейміз, "құрылысы кемелденіп, сәулетіне сәулет қосылса" деген тілегіміз бар. 
Талай өмір белестерінен өттік, талай нәрсені көрдік. Көп жағдайға сын көзімен қараймыз. Мәселен, қаптап салынып жатқан тұрғын үй кешендері бір-біріне жапсарласып, тіптен тығыз орналасады. Көп қабатты тұрғын үй ғимараттарының арасында балалар ойын алаңын, басқа да көпшілік демалатын орындар салуға тіптен жер қалмайды. Үйлердің арасында коммерциялық құрылымдарды жөнді-жөнсіз салу орын алуда. Осының барлығы қаланың келбетіне, көркіне кері әсер етеді. Атқарылып жатқан қыруар тіршілікке көлеңке түсіреді. 
Айтпаса, сөздің атасы өледі. Ақыры бастап қалдым ғой, ойымды аяғына дейін жеткізейін. Көптен бері айтылып жүр, қаламызға бір сәулетті неке сарайы керек-ақ.  Қысы жұмсақ оңтүстік өңірміз ғой, қар аз түседі, тіптен, біздің қалада мұз болмайды да. Бір мұз айдынын салу әулиеаталықтардың арманына айналды бүгінде. Әрине, бізде цирк өнері кенжелеп қалған. Десе де, қаламызға орталық қалалардан цирк өнерпаздары жиі келіп жатады, өздерінің қолдан құрастырған шатырларында өнер көрсетеді. Осы орайда қаламызға бір цирк ғимараты керек деп ойлаймыз.
Әрине, бұның бәрі бір күнде немесе бірер жылда бітетін шаруалар емес. Бұл айтылғандарды биліктегілер қалалықтардың ар-маны деп қабылдаса да болғандай. Армандауға болады ғой. 
Көпте жүрген көңілдегі ой еді, соларды елмен бөліскім келді. 

Малтабар ЖАМАНБАЕВ, 
Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Дала академигі
01 июль 2022, Пятница
Дала академигі
ҰЙЫМШЫЛДЫҚ БОЛСА, ҰТАРЫМЫЗ КӨП
11 август 2022, Четверг
ҰЙЫМШЫЛДЫҚ БОЛСА, ҰТАРЫМЫЗ КӨП
Ауылымыз көркейіп келеді
13 март 2020, Пятница
Ауылымыз көркейіп келеді
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры