Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ӨЗІҢНЕН ЗОР ШЫҚСА….

ӨЗІҢНЕН ЗОР ШЫҚСА….

12 май 2025, Понедельник
53
0
Жас күнімде жүйткіген  жүрдек поездың жолаушыларын тонап әбден әккі болған кезім-деп бастады әңгімесін жолаушы ағам.
“Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ” әкесіз жетім өскесін бе тентек болып өстім-деп ағам аузындағы протез тісін қолымен алып кеседегі суға салып қойды.
Тісіңе не болған?-деп сұрағың келіп отыр-ау бала-деп әңгімесін әріден жалғады. 
Ақтөбеден шыққан жүрдек поездың купесін арлан қасқырдай алақ-жұлақ етіп аралап келе жатырмын. Бар ойым ақшасы бар жалғыз жолаушы болса, тамағына пышақ тақап қалтасын үптеп кету.
Алтыншы вагонның алдыңғы купесінен өте бергенде буын бұрқыратып  ыстық шәй ішіп отырған тақиялы жалғыз отырған үлкен кісінің  қолтығының астындағы қара дипломатты көзім шалып қалды. Ішімнен бүгін құдай берді-деп ойладым.
Сәлем берген болып әлгі үлкен кісінің асты-үстіне түсіп лыпылдап жатырмын. Мығым денелі, аңқылдаған қазақы адам екен. Ақтөбеден Алматыға көшкендеріне де екі-үш жылдың көлемі болыпты. 
Ақтөбедегі үйлерін енді сатып, бір үйдің ақшасын  бір дипломатқа салып келе жатқан тұсы екен. Ақшаны естісімен малғұн нәпсіме еріп қалтамдағы қанжарымды шығарғаным сол еді, жарықтың жылдамдығындай көз ілестірмес шапшаңдықпен жақтың астынан бір удар кетті.
Біраз ес жия алмай жатқан болуым керек. Есімді жисам екі көзі қанталаған әлгі кісі тұр алдымда.
— Әтәңә нәлет, хайуан. Асымды ішіп, төсегімді тілейін дедің бе? Мен сені бір қазақтың баласы ғой-деп ағымнан жарылып, алдыңа асымды қойып отырсам. Бұл малғұнның ниетінің арамы-ай.
Іш мына ыстық шәйді- деп кесені аузыма тықты. Қорыққанымнан ішіп, ұрттағаным сол еді жуан жұдырығымен аузымнан перді. Үстіңгі тістерім сыпырылып алдыма түсті. 
Ыстық шәйді тағы ұртта-деп ақырды. Батырға да жан керек, ұрттағаным сол еді екінші бір жойқын удар кетті. Астыңғы тістерім сау ете қалды. Отыз екі тісімді қолыма санап берді.
Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығады деген сол екен. Құдай бірақ күнде тәубеме түсірді. Шал-деп менсінбей отырғаным қан майданды басынан өткерген, бокстың хас шебері әкеммен түйдей құрдас адам екен.
Тісіңді салып аларсың деп қолыма үш жүз рубль санап беріп тұрып бар ақылын айтты. 
Балам!!! Арамнан мал тапқанша, адалдан дүние жина деген атам қазақ. Мұныңды қоймасаң иә түрмеде шірисің, немесе ажалың адамнан болады. Ақылға кел-деп арқамнан қақты.
Хабарласып тұр деп Алматыдағы үйінің телефонын берді. Әкенің мейірімін көрмеген менің көзімнен сол жолы еріксіз ыстық жас шықты. Енді тентек болмауға сол жерде ағама уәде бердім.
Араға апта салып әлгі үлкен кісінің үйіне телефон шалдым. Тұтқаны өзі көтерді. Алматыға шақырды. Бардым.
Абыройлы кісі екен. Ауылшаруашылық институтына оқуға түсірді. Бокс секциясына жазды. Жатаханамды алып беруге көмектесті. Некерек бес жыл Алматыда сол кісіні паналадым.
Кеңес үкіметінің тұсы, оқуды бітірісімен ауылыма аграном болып бардым. Үйлендім, балалы-шағалы болдым. Қысқасы бес жылда аяққа тұрдым. Әрине бір Алланың қалауымен әлгі мейірімді кісінің қамқорлығының арқасында адам қатарына қосылдым.
Жылда жеңіс күні Алматыға сол кісіге бала-шағамды ертіп барып тұратынмын. Дүние салғанына он жылдай уақыт өтті. Жылда үйде құран оқытып, рухына бәтиха бағыштаймын. 
Көзі тірі болғанда әкемдей болған қамқоршы көкем 105 жасқа келер еді -деп жолаушы ағам көзіне жас алды.
“Біріңді қазақ, бірің дос. Көрмесең істің бәрі бос”-демекші, әр қазақ бір-бірімізге қамқор болайық ағайын…….
МАҚСАТ СҚАҚОВ

Обсудить

Похожие материалы:

ӨЗІҢНЕН ЗОР ШЫҚСА….
12 май 2025, Понедельник
ӨЗІҢНЕН ЗОР ШЫҚСА….
КІТАППЕН ДОС БОЛҒАН
18 март 2024, Понедельник
КІТАППЕН ДОС БОЛҒАН
Естелік
05 май 2021, Среда
Естелік
ҚАРАҚҰЙРЫҚТЫҢ КИЕСІ
27 октябрь 2022, Четверг
ҚАРАҚҰЙРЫҚТЫҢ КИЕСІ
Ұлы даланың өнер саңлақтары
20 март 2020, Пятница
Ұлы даланың өнер саңлақтары
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры