Ұлы Жеңіске - 80 жыл
Зұлмат кеп, тапталып қыр, құрып егіс,
Тауысқандай өзен суын, нуын өріс,
Отан сәл дағдарғанда, «сүйіншілеп»,
Келдің бе, айналайын Ұлы Жеңіс?!
Көркіңнен ел де өзгеріп, көл де өзгеріп,
Алдыңнан мейрамдаған ел кез келіп.
Келіндей көп күттірген жарқ етіп бір,
Келдің бе, Ұлы Жеңіс, кербезденіп!
Бөленіп кеткендей-ақ алауға алап,
Гүлдердей ашылсын деп жадау қабақ.
Келдің бе май айында біздің байтақ
Далаға қызғалдақтан жалау қадап?!
Халықтың орындалды ұлы арманы,
Жігіттер, жасымаңдар, жігер, кәні?
Соғыстың заңы солай, қатысқанның
Қайтпайды туған жерге түгел бәрі.
Белгілі кімнің кімді айыптары,
Зарланып, шаштарыңды жайып тағы,
Әйелдер, жыламаңдар, жұбаныңдар,
Соғыста өлгендердің шейіт бәрі.
Бұл күні қоңырауын қатты қағып,
Бұлақтар шаттық алып, аптыға ағып.
Танысын, танымасын қол алысып,
Көрісіп, құшақтасып жатты халық...
Жолдардай қуаныш пен тоғысты мұң,
Жан толқыр сәттері бұл жер үстінің.
«Сүйінші!», «Сүйінші!» деп бебеу қағып,
Күй болып тартылып тұр Жеңіс бүгін.
Тауысқандай өзен суын, нуын өріс,
Отан сәл дағдарғанда, «сүйіншілеп»,
Келдің бе, айналайын Ұлы Жеңіс?!
Көркіңнен ел де өзгеріп, көл де өзгеріп,
Алдыңнан мейрамдаған ел кез келіп.
Келіндей көп күттірген жарқ етіп бір,
Келдің бе, Ұлы Жеңіс, кербезденіп!
Бөленіп кеткендей-ақ алауға алап,
Гүлдердей ашылсын деп жадау қабақ.
Келдің бе май айында біздің байтақ
Далаға қызғалдақтан жалау қадап?!
Халықтың орындалды ұлы арманы,
Жігіттер, жасымаңдар, жігер, кәні?
Соғыстың заңы солай, қатысқанның
Қайтпайды туған жерге түгел бәрі.
Белгілі кімнің кімді айыптары,
Зарланып, шаштарыңды жайып тағы,
Әйелдер, жыламаңдар, жұбаныңдар,
Соғыста өлгендердің шейіт бәрі.
Бұл күні қоңырауын қатты қағып,
Бұлақтар шаттық алып, аптыға ағып.
Танысын, танымасын қол алысып,
Көрісіп, құшақтасып жатты халық...
Жолдардай қуаныш пен тоғысты мұң,
Жан толқыр сәттері бұл жер үстінің.
«Сүйінші!», «Сүйінші!» деп бебеу қағып,
Күй болып тартылып тұр Жеңіс бүгін.
Обсудить
Блок в статье:
Батыр Бауыржан
06 май 2025, Вторник
Саяхат
06 май 2025, Вторник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
06 май 2025, Вторник
Похожие материалы:

28 февраль 2025, Пятница
Днепр бойындағы "Шамалған төбе" Осы жұрт Тастанбек Шамалғановты біле ме екен?
Комментарии (0)