КЕЛ, НАУРЫЗ!
Хош келдің, Әз - Наурызым күткен көптен,
Самалың жылы қандай беттен өпкен.
Еліме жыл құсындай жеттің бе, сен?
Күзді күн жылы жаққа ұшып кеткен...
Басқаша келуге сен қысылдың ба,
Қаз, үйрек төбемізден ұшырдың да?
Келдің сен сәніңменен, салтанатпен,
Ызғарды еппен жәйлеп ысырдың да.
Әз - Наурыз қиындықты көтердің бе,
Халқыма несібесін әпердің бе?
Біз сені құдамыздай тосып жүрміз,
Еліме бақ - береке әкелдің бе ?
Наурызым, біздің елге бірлік керек,
Одан соң, берекелі тірлік керек.
Осылар қоржыныңда болса, егер -
Болар еді керемет, сіздің көмек!
Әз - Наурыз – жыл басы боп саналады,
Наурызбен, елім енді жаңарады.
Қиындық осы жылы артта қалып,
Халқымның арман - бағы жанады, әлі !
Шакизат АКИМОВ,
еңбек ардагері,
Тараз қаласы.
Самалың жылы қандай беттен өпкен.
Еліме жыл құсындай жеттің бе, сен?
Күзді күн жылы жаққа ұшып кеткен...
Басқаша келуге сен қысылдың ба,
Қаз, үйрек төбемізден ұшырдың да?
Келдің сен сәніңменен, салтанатпен,
Ызғарды еппен жәйлеп ысырдың да.
Әз - Наурыз қиындықты көтердің бе,
Халқыма несібесін әпердің бе?
Біз сені құдамыздай тосып жүрміз,
Еліме бақ - береке әкелдің бе ?
Наурызым, біздің елге бірлік керек,
Одан соң, берекелі тірлік керек.
Осылар қоржыныңда болса, егер -
Болар еді керемет, сіздің көмек!
Әз - Наурыз – жыл басы боп саналады,
Наурызбен, елім енді жаңарады.
Қиындық осы жылы артта қалып,
Халқымның арман - бағы жанады, әлі !
Шакизат АКИМОВ,
еңбек ардагері,
Тараз қаласы.
Обсудить
Блок в статье:
Құланнан ұшқан қыран
30 июнь 2025, Понедельник
Батамен басталған істің берекесі болады
30 июнь 2025, Понедельник
сын қайда, шын қайда?
30 июнь 2025, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)