КӨКТЕМ ШУАҒЫ
Наурыз келді менің ғажап өлкеме,
Келіп жетті шуақ, нұрын мол төге.
Қуаныштан алаулаған көңілім,
Жүрегімнің нәзік қылын шерте ме?
Ақсақалдар, ақ батаны ойлайық,
Ақ әжелер әсем күнді тойлайық.
Қазағымның аппақ көңіл - пейіліме,
Әз Наурызда қуаныштан жайнайық.
Амал тойы – Батысымнан басталған,
Бір - бірімен көріседі, шат - шадыман.
Жүздерінде жылылық пен ізет бар,
Көңілдер де алаулайды жақсы арман!
Наурызым, жылдың басы гүл жайнаған,
Жүзімізде әзгіліктің нұры ойнаған.
Көктемнің қасиетін сан қатпарлы,
Сезінген адамдардан мың айналам!
Наурыз тойы бастау алды көктенен,
Адамдардың көңіл күйі - көкте күн!
Осы дәстүр, осы болмыс, ғұрыппен,
Өр қазағым өте берсін өткелден.
Төреқұл БАЛАСАҒҰНИ,
ардагер ұстаз,
Шу ауданы.
Келіп жетті шуақ, нұрын мол төге.
Қуаныштан алаулаған көңілім,
Жүрегімнің нәзік қылын шерте ме?
Ақсақалдар, ақ батаны ойлайық,
Ақ әжелер әсем күнді тойлайық.
Қазағымның аппақ көңіл - пейіліме,
Әз Наурызда қуаныштан жайнайық.
Амал тойы – Батысымнан басталған,
Бір - бірімен көріседі, шат - шадыман.
Жүздерінде жылылық пен ізет бар,
Көңілдер де алаулайды жақсы арман!
Наурызым, жылдың басы гүл жайнаған,
Жүзімізде әзгіліктің нұры ойнаған.
Көктемнің қасиетін сан қатпарлы,
Сезінген адамдардан мың айналам!
Наурыз тойы бастау алды көктенен,
Адамдардың көңіл күйі - көкте күн!
Осы дәстүр, осы болмыс, ғұрыппен,
Өр қазағым өте берсін өткелден.
Төреқұл БАЛАСАҒҰНИ,
ардагер ұстаз,
Шу ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье
Похожие материалы:
Комментарии (0)