Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БІЗДІҢ АУЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ НАУРЫЗ

БІЗДІҢ АУЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ НАУРЫЗ

24 март 2023, Пятница
92
0
1992  жылы Тәуелсіз елі ретінде Қазақстанда Наурыз мерекесі дүркіреп тойланды. Тәуелсіздік алғанымызға әлі жыл толмаған. Төңіректі көктем жылылығымен жібітіп, Наурыз мерекесіне ауыл адамдары ерекше бір щабытпен дайындалып жатты. Бұл – халқымыздың ұзақ жыл күткен қуанышы еді. Сол тарихи Наурыздың біздің ауылда да кеңінен аталып өткені біздің күні бүгінгідей есімізде.
Орталық алаңға 50 ақшаңқан  киіз  үй тігіліп, көлге қонған ақ шағаладай тізіліп еді. Жеңгелер пісірген наурыз көжеден дәм татпаған кісі қалмады. Ол кезде  елді мекеннің ақсақалдары Сейілбек, Рахманәлі, Аманбай, Сейілжан көкелеріміз ұлттық шараның қалың ортасында жүрді. Қанша дегенмен ауыл осындай ардақты ақсақалдармен ажарлы ғой. Облысқа белгілі айтыс ақыны Несіпбай қарияның арнау өлеңі сондай әсерлі шықты. Ол жылдары кеңшар тарқамаған. Оған қарайтын 4 елді мекен бар. Елді мекендер арасында жарыс өтіп, кәдімгідей мереке қызып берген. Ұзақ жыл кеңшар басқарған, ауданда жауапты қызметтер атқарған ауылдың абыз ақсақалы Сейілбек Әбдиев, айтыс ақыны Несіпбай Досалыұлы деген қадірлі кісілердің айтқан өсиетін тойға жиналған көпшілік ұйып тыңдады. Несіпбай атаның көпшілікке айтқан арнау өлеңі де күні бүгінге дейін құлағымызда сайрап тұр. «Бұлбұлымның» әніне салып, шырқап қоя бергенде ауылдың орталық стадионына жиналған тұрғындар тым-тырыс тына қалды. Халықтың Наурызды сағынғанын, қазақы құндылықтарымызды сағынғанын сол кезде сезінген едік. Алты елді мекеннің жарысында өнердің бірнеше түрі, қазақтың салт – дәстүрі тегіс қамтылды. Ұлттық жабықтармен әшекейленген қазақы көшті Индира Сапарбекова деген замандасым түйеге мініп бастап жүріп еді.  «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Селт еткізер», «Беташар», «Қыз ұзату», «Балаға ат қою», «Сүннетке отырғызу» секілді жоралғылардың бәрі ретімен көрсетіліп, халықтың санасында жаңғырды. Түрлі сахналық көріністер де ел жүрегін баурады. Сахнада күй күмбірлеп, ән қалықтады. Сәкен Батырбеков, Сәрсенбек Бәкір,  Шыңғыс Әбілжан секілді өнерпаздар мерекенің сәнін келтірді. Олар сол күні Наурыз тойдың бел ортасында жүрді. 
Халық мерекелік көңіл-күйге бөленді. Жасы үлкендер киіз үйлерге қонақ болып, ыстық бауырсақтан, наурыз көжеден, қымыз-шұбаттан дәм татты. Ақсақалдар елдің амандығын, халықтың бірлігін тілеп бата берді. Бірер жұп болып ауылдың  ақындары айтыс көрігін қыздырды. Ақшеке Рахышев деген өнерпаз айтыста жеңімпаз атанғаны есте. Қазақтың қара домбырасы бебеу қағып, ұлттық құндылықтарымыз жаңарып, жаңғырып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей күй кешіп едік. Сол алғашқы наурызда арқан тарту, қыз қуу, көкпар, теңге ілу, қазақша күрес секілді ұлттық ойындар да жалғасын тапты.
Әйелдер күресі де қызықты өтті. Енді әйелдер арасында жүгіруден жарыс өтпекші болды. Тұрсынбай деген тілі удай ащы жездеміз бар еді. Сол кісінің үйіндегі Тәттікүл әпке денесі шағын, арық, сылыңғыр кісі болатын. Тәттікүл әпкем әйелдер арасында жүгіруден жарысқа түсіп, бірінші келгені. Аяқ-қолы жеңіл, жылдам кісі ғой. Жылдамдықтың пайдасын көрді. Ауылдағы алғашқы Наурыз мейрамы осылайша есте қалды. 
Еліміздің Тәуелсіздігінің алғашқы Наурызы біздің ауылда осындай сән-салтанатымен аталып өтіп еді. Содан бері 31 жыл бойы бұл дәстүр бұзылған да емес. Жылда Наурыз тойланып жүр. Жаса, Шығыс халқының шырайлы мерекесі, Жыл басы – Наурыз! 

Есет Досалы,
журналист
Талас ауданы.

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
Қазақ бол!
19 март 2021, Пятница
Қазақ бол!
Ізгілік – иманнан
20 март 2020, Пятница
Ізгілік – иманнан
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры