
7 мамыр - Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі екені анық.

Осы орайда, 7 мамыр күні Елорданың төрінде өтетін Әскери парадқа еліміздің түкпір - түкпірінен Тыл ардагерлері қатысуға аттанып жатыр. Солардың арасында ауданымыздан еңбек және Тыл ардагері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Сәтбек Иманбеков те бар. Саналы ғұмырын білім беруге арнаған ұлағатты жан 40 жыл ұстаз болған.

Бүгін Тараз қаласының теміржол вокзалынан облыстан аттанатын Тыл ардагерлерін шығарып салу рәсімі өтті. Айта кетейік, ауданымызда 46 Тыл ардагерлері бейбіт күнде бақытты күн кешуде.

Астана қаласы Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери шеруді 7 мамырда тікелей эфирден аудан тұрғындары да тамашалай алады.