" Қоғамдық кеңесті қалыптастыру" жөніндегі жұмысшы тобы құрылды.

Жұмысшы тобы Заңмен белгіленген Ережелерге сәйкес конкурс өткізді. Конкурс өткізу барысында жұмысшы топтың жұмысына азаматтар тарапымнан ешқандай наразылық білдірілген арыз- шағым түскен жоқ. Конкурс негізінде іріктелген қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 9 қаңтардағы √ 2 өкімімен бекітіліп, қалалық мәслихаттың сайтында жарияланған. " Қоғамдық кеңестер туралы" Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес жаңа құрылған қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмысшы тобының жетекшісі ретінде ашып, төрағалық етіп жүргіздім. Осы отырыста жаңа құрамдағы қоғамдық кеңестің төрағасы ашық дауыспен сайланды. Дауыс беру нәтижесінде төртінші шақырылған Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Сейдәзімов Сембек Әбетайұлы сайланды.
Құттықтаймыз ! Кеңес отырысына Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Олжабай Кенжебек Мамашбайұлы, қала әкімінің орынбасары Сланбекова Ұлана Сланбекқызы қатысып, қоғамдық кеңестің құрамын құттықтап ,қызметтеріне белсенділік әрі сәттілік тіледі. Сонымен қатар отырысқа Тараз қаласындағы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының басшыларымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Малтабар Жаманбаев
Обсудить
Блок в статье:
Мойынқұмның елге сыйлы Балжаны.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Похожие материалы:
Комментарии (0)