Жақсы көрші тапқаның, мол олжаға батқаның

Тотыдайын таранған, көк желекке бөленген әсем шаһарымыз елді өзінің ерекше көркімен сүйсіндіруінен танбауда. Сондықтан да әрбір саналы азамат өзі тұрып жатқан қаласына жанашырлықпен қарап, аялай білуі керек.
Мен өзім көршілеріме дән ризамын. Біз "Жансая" шағын ауданындағы төрт қабатты тұрғын үйде 16 отбасы тұрамыз. Бір есіктен кіріп, бір есіктен шығамыз. Мерекелерде бір-бірімізді құттықтау қалыпты жағдайға айналған. Нәрестелер дүниеге келгенде шілдехана қуанышын бірге тойлап, жақсы тілегімізді білдіріп жатамыз. Өткен жылы Наурыз мейрамын есте қаларлықтай етіп өткіздік. 16 отбасы тегіс жиналып, есіктің алдындағы аулаға дастархан жайдық. Осы үйде тұратын 3 бүлдіршіннің тұсауын кестік. Түрлі жарыстар ұйымдастырып, оған үлкеніміз болып, кішіміз болып тегіс қатыстық.
Тұрған үйімізді, оның маңайын таза ұстауды міндетіміз деп білеміз. Барлық жұмысқа бір кісідей жұмыламыз. Үйдің кіреберісін кезектесіп жуып, тазалаймыз. Бірлесе күш жұмылдырудың арқасында ауламызда тал-тарақтар, гүлдің неше атасы жайқалып өсіп тұр. Тұрғындардың күшімен шағын футбол алаңшасы салынған. Балалар ойнайтын алаңдар да бар. Осы тіршіліктің барлығына бас болып жүрген осы тұрғын үйіміздің басшысы Айман қарындасымызға алғысымыз шексіз.
"Көршің қолайлы болса қораң кең" дегендей осындай татулықтың арқасында бізде бейсеует жүретін адамдар жоқ. Тәртіпсіздік, келеңсіз көріністерге жол берілмейді.
Жалпы журналист Дариха Үмбетиярованың мақаласында бүгінгі өміріміздің өзекті мәселесі көтерілген. Айналып келгенде күлбілтелемей турасын айтатын болсақ, тату тәтті, ынтымағымыз жарасып, береке-бірлікте тұру, өмір сүру өзімізге байланысты. Көршілердің үлкендері болса ұлағатын көрсетіп жатса, кішілері болса ізетін танытып жатса қанекей! Міне, менің айтайын дегенім осы.
Алдаберді Мақашев,
мемлекеттік қызметтің ардагері
Тараз қаласы
Обсудить
Блок в статье:
«Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі»
15 февраль 2025, Суббота
Ұлы Жеңіске тағзым
13 февраль 2025, Четверг
АУДАНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
12 февраль 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)