«Отбасындағы кикілжіңдер және одан шығу жолдары»

– Аудандағы билер кеңестерінің қоғамдық қызметін тарқатып айтар болсам, биыл азаматтық құқықтық істер бойынша 110 мәселе, еңбек құқықтары бойынша 26 мәселе қаралып, олардың көпшілігі татуласты немесе келісімге келді. Отбасылық кикілжіңдер төңірегінде билеріміз 137 іс қарап, оның 133 бітіммен қорытындылады. Билердің өз тәжірибелерін тиянақтауына, шешендік өнерге қалыптасуына және батагөйлік қасиетті бойларына сіңіруіне көбірек көңіл бөлеміз. Өткен жылдың өзінде ауыл билерімен 82 іс-шара өткіздік. Жақында ауданның барлық билерінің басын қосып, өткен жылдың қорытындысын шығардық, жаңа жылда атқарылуға тиісті міндеттерімізді белгілеп алдық. Полатқосшы ауылдық округі билер кеңесінің төрағасы Рахымберді Саламатовқа "2024 жылдың үздік биі" атағы берілді. Ал, Өрнек ауылдық округі билер кеңесінің төрағасы Қаржау Қосаров болса ауданның "Ең белсенді биі" атанды. Біз алдағы уақытта да өз жұмысымызды тиімді, жоспарлы түрде ұйымдастыра беретін боламыз.
Обсудить
Блок в статье:
Тағзым
01 июнь 2025, Воскресенье
МОМЫШҰЛЫ ӘЛЕМІ-- Б.МОМЫНҚҰЛ- 70 ЖАС.
28 май 2025, Среда
Жақсы бата – жарты бақыт
28 май 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)