Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » МӘҢГІ ӨЛМЕЙТІН ҰЛЫ ЕРЛІК

МӘҢГІ ӨЛМЕЙТІН ҰЛЫ ЕРЛІК

08 август 2024, Четверг
69
0

      

Кеңес Одағының Батыры, даңқты жерлесіміз Ақәділ Суханбаевтың неміс басқыншыларымен болған соғыста өлмес ерлік жасағанына биыл 31 шілдеде 80 жыл болды. Жау жүрек ұланымыз 1944 жылы 31 шілде күні Польша жерінде Стжельцовизна деревнясы үшін болған кескілескен шайқас кезінде, оғы жаңбырша жауып тұрған жау пулеметіне кеудесін тосып, Кеңес әскерлерінің алға жылжуына жас жанын қиып жол ашып берген болатын. Даңқты жерлесіміз сол кезде 24 жаста екен.


Өлмес ерлік жасаған ұлы перзентіміз Польша жерінен Литваның көрікті қаласына әкелініп, әскери салтанатпен жерленген болатын.

Батыр жерлесіміздің жауынгерлік ерлігінің 80 жылдығын Тараз қаласының жұртшылығы айтулы күн ретінде атап өтті. Абай даңғылы мен Қонаев көшелерінің қиылысындағы Ақәділ Суханбаев ескерткішіне Тараз қаласының басшылығы  және облыстық және Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің атынан гүл шоқтары қойылып, қазақтың ұлы перзентінің рухына құрмет көрсетілді.

Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың өшпес ерлігінің 80 жылдығына байланысты іс-шаралар оның туған ауданында және өзі туып өскен ауылда да өтті. Аудан орталығындағы Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта Батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Даңқты батырдың өзі тұрған үйіне ардагерлер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері барып тағзым етті, рухына бағыштап құран оқылды. Қонақтар Ақәділ Суханбаев атындағы орта мектептегі батыр мұражайымен танысты.

Батырды еске алу жиыны спорттық іс-шаралар мен концерттік бағдарламаларға ұласты.

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Тағзым
01 август 2024, Четверг
Тағзым
Бүгінгі күн ертеңгі тарих!
07 август 2024, Среда
Бүгінгі күн ертеңгі тарих!
Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры