ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ ЖОЛЫ АШЫҚ
Қазір істің және іскерлердің заманы туып тұр ғой. Оған ешкім дауласа қоймас. Осы күні мемлекеттен жәрдем күтіп отыра беруге болмайтынын түсініп, талай азаматтар тірлігін тіктеп жатыр. Қоғамдағы көп шаруа осы күні демеушілердің қолдауымен жүзеге асады.Менің жасым 79 - да. Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округінің тұрғынымын. Жастау кезімізде ұжымшарда қиындықтан бас тартпай, еңбек еттім. Қой да жайдым, сиыр да бақтым. Трактор айдап, егістікте де тер төктім. Кейінірек бір мекемеде шаруашылық ісінің меңгерушісі болдым, беріректе кәсіпкерлікке бет бұрдым.
Мен тұратын көшедегі 60 үйдің тұрғындарының мәселелері де аз емес. Өзім тұратын осы көшеге жарық орнатып беріп жатырмын. Бұйырса, аяғына жетіп қалдық. Оның шығыны 4 миллион теңгеге жуықтайды. Одан бөлек көмекке мұқтаж Шынар деген кісінің үйін жөндеп беруге 5 миллион теңге қаражатын төледім. Ол кісінің сол кезде қуанғанын сөзбен айтып жеткізу қиын. Мүмкіндігі болып жатса, басқаны қуантып жүргенге не жетсін!
Меркі жерінде өтетін Наурыз тойын, Жеңіс күні мерекесін өткізуге демеушілік жасап қол ұшын беріп жүрмін. Биыл Наурыз мерекесін Жамбыл ауылдық округінде өткізуге 400 мың теңге қаражат бөлдім. Жас кәсіпкерлер мені қолдады. Қомақты қаржы жиналды. Нәтижесінде Наурыз мерекесі біздің ауылда жоғары деңгейде өтті.
Қанат Шайхиев деген азамат – танымал жеке кәсіпкер. Меркінің гүлденуі үшін біраз еңбектеніп, қажет жерінде қаражатпен де қолдау көрсетіп жүр. Біздің Меркіде қаржысы бар азаматтар аз емес. Біз сол азаматтарға елге көмектесіп жүру керектігін ісімізбен көрсетіп, үлгі болсақ дейміз.
Құдайдың берген екі ұлы бар. Жеті немере сүйіп отырмын. Ұлдарым да кәсіпкер. Оларға да: «Айналайындар, қолдарың ашық болсын, мұқтаж жандардан көмектеріңді аямаңдар. Нәсіпті Алла беріп жатыр. Сол нәсіптен халыққа мүмкіндігінше көмектесу, аз қамтылған отбасыларға қарайласу – парызымыз» деп түсіндіріп отырамын.
Өзіміз де елдің ішіндеміз. Елдің ішінде жүріп, көгердік, көктедік. Қай кезде де елмен бірге жүрсең жаман болмайсың. Ауданның, ауылдың қажеттілігіне қол ұшын беру –игі іс. Ақсақал болған шағымызда кеңдік, мырзалық, ізгі қасиеттерді жастарға түсіндіріп отыру да – кісілік.

Әлімхан ШӨҢГЕРБАЕВ,
ардагер кәсіпкер
Меркі ауданы
Обсудить
Блок в статье:
"Отбасындағы әкенің рөлі"
26 декабрь 2024, Четверг
Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл!
26 декабрь 2024, Четверг
« Ең үздік төрайымы»
26 декабрь 2024, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)