БЕРЕКЕНІҢ БАСЫ – БІРІГУДЕ
Шыны керек ауыл шаруашылында кәзір жағдай мәз емес. Басты себеп – бастың бірікпеуінде. Шаруа жасаймыз деп жеке - жеке шабатын болдық. Майда шаруа қожалықтары өздерінше бет - бетімен жұмыс жасайды. Әқайсысысы мемлекеттен өсірген малы, өндірген өнімі үшін субсидия алады. Менің ойымша бұның бәрінің түпкі нәтижесі шамалы болып отыр.
Ауылда тұрып, ауылда өмір сүріп жатқан адамбыз. Бәрі біздің көз алдымызда болып жатыр. Негізі басымыз бірігіп, іргелі, ірі шаруашылықтар құрмай көсегеміз көгермейді. Бұл - менің жеке пікірім. Мемлекеттің ұстанып отырған саясаты да соған саяды. Коопоративтерге билік бірігіңдер деп жатыр. Сонда деймін, жаңағы жеке - жеке майда шаруашылықтарға беріліп жатқан субсидиялар қомақты түрде басы біріккен шаруашылыққа берілер еді. Барлығына ортақ техника құралдары, сапалы тұқым сатып алынып, асыл тұқымды мал өсіруге де мүмкіндік туар еді. Нәтижесінде өндірген өніміміздің көлемі ұлғайып, сапасы жақсарады.
Ортақ шаруашылықтың басшысы сайланып қойылса, бей берекеттік, шаруаға қырсыздық орын алмас үшін ақыл - кеңес беріп отыратын, қадағалайтын тәжірибелі мамандардан, ардагерлерден топ құрылса да артықтық етпесі анық. Міне, осылайша шаруашылық өркендеп жатса ауылымыз да көркейер еді, елді мекеннің инфроқұрылымы да даму жолына түсер еді.
Менің айтарым - ауыл шаруашылығын дамытпай - мемлекетіміз өркендемейді. Әрине бір күнде мәселе шешіле қоймас, осы жағдайлар әр деңгейдегі бейліктегілердің де, шаруамен айналысып жүрген кәсіпкер - мамандардың да есінде болса екен дейміз.

Әділхан АМАНЖОЛОВ,
еңбек ардагері,
Меркі ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
Жамбыл және Шу өңірінің ақындық мектебі
31 январь 2025, Пятница
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН
31 январь 2025, Пятница
Ертегімен әлдиленген
31 январь 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)