Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ШОҚАЙ ДАТҚА КӨШЕСІ НЕГЕ ШЕТ ҚАЛА БЕРЕДІ?

ШОҚАЙ ДАТҚА КӨШЕСІ НЕГЕ ШЕТ ҚАЛА БЕРЕДІ?

30 январь 2024, Вторник
72
0
Мен Жаңаарық ауылдық округіне қарасты Ақтоғай ауылындағы Шоқай датқа көшесінде тұрамын. Жасымыз келгенде атамекенде түтін түтетіп, жастарға ақыл айтып отырған ақсақалдардың біріміз. Жасым жетпістен асты. Сондықтан, ауылдың кейбір мәселелерін ақсақал ретінде айтып отыруды өзіме парыз санаймын. 
Жалпы, Ақтоғай ауылында біраз өзекті мәселелер оңынан шешілген. Сәулетті мектебіміз, білікті мамандармен қамтылған медициналық пунктіміз, клубымыз да бар. Жыл сайын көшелер жарықтанып, жолдар да жөнделіп жатады. Ол жағынан ешкімге өкпеміз жоқ.
Менің айтайын дегенім, – осы өзім тұратын Шоқай датқа көшесінің жағдайы. Бұл көшеге ешқашан асфальт төселмеген. Бар жоғы 4 шақырымдық көше. Орталықтан сәл шеткерілеуміз. Онша ұзақ та емес. Бірақ, жолы өте жайсыз, адам жүруіне қолайсыздық тудырады. Жаздың күні шаңы бұрқырап, жатады. Ал, қыс кезінде мүлдем қиын. Табаны жоғары биік машиналар болмаса, онша-мұнша көлігіңіз орта жолда қалады. Шыдас бермейді. Асты төмен көліктермен жүру мүлдем мүмкін емес. 
Бұл Шоқай датқа көшесінде 25 үй бар. Бірнеше түтін. Олардың жақсы тіршіліктері бар. Барлығы да бүгін - ертең бір жаққа көшіп кететіндер емес. Тіршіліктерін осы ауылмен, осы көшемен байланыстырған шаруа жандар. Төрт - түлік өсірумен айналысады. Өзім де, зейнет жасында болсам да, қорамызда бес - он тұяғымыз, жылқы, ірі қарамыз бар.
Егер асфальт жол салынса, бұл көше жақта тұрғындар саны көбейе түседі деп ойлаймын. Себебі, мал шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға қолайлы. Қазір ауыл –ауылдан жаңа үй салатындар көбейді. Егер асфальт жолы сәтімен салынса, біздің көшеден де үй салатын отбасылар көбейер еді. Үйлер көбейсе көше емес, өз алдына елді мекен болуға да мүмкіндік бар. Ол уақытта бастауыш мектеп, жекеменшік болса да балабақша ашылып қалар. Олардың барлығы ауыл тұрынғдарына қосымша жұмыс болатыны анық. Сонда бір ғана жолдың салынуымен қаншама игілік жүзеге асайын деп тұр.
 Осы мәселені ауылдың ақсақалы ретінде айтып отырмын. Мұны өзімнің сүйікті «Ғұмыр - Дария» газетімнен оқыса, Сарысу ауданының басшылары, ауылдық округ әкімі қарияның көтерген мәселесі дұрыс деп қарастырады деген сенімдемін.

Бұралқы ЕСМҰРЗАЕВ,
еңбек ардагері.

Сарысу ауданы.
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры