Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Әжеден ақыл, анадан мейірім

Әжеден ақыл, анадан мейірім

25 июль 2024, Четверг
40
0
Өткен аптаның сәрсенбісінде облыстық ардагерлер кеңесінде облыстық аналар  кеңесінің отырысы болып өтті. Басқосуда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев сөз сөйлеп, ардагерлер ұйымдарының алдында тұрған ағымдағы міндеттерге тоқталды.
– Жақында Меркі ауданында қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің, бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағаларының және билер, аналар және әкелер кеңестері жетекшілерінің қатысуымен көшпелі семинар-кеңес өткіздік. Белсенділеріміз бұл басқосудан үлкен әсермен оралды. Әсіресе аналар алқаларының мүшелері белсенділік танытты. Меркіде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі біріңғай аналарға құрмет көрсетілетін күн ретінде белгіленіп, бұл шараға ерлер қауымы тегіс атсалысады екен. Бұл қолдауға тұратын бастама.
Өздеріңіз білесіздер көктемде облыстық «Аялы әже» форумын сәтті өткіздік. Тараз қаласына аудандардан және облыс орталығынан мыңға тарта ұлттық киімдер киіп, кимешекпен көркемделген әжелер жиналды. Тараздың тарихи орындарын аралап тамашалады, «Баласағұн» орталық концерт залында әжелермен мәжіліс құрдық. Осы арада олар өздерінің қолдарынан ұрпақ тәрбиесінде көп нәрсе келетіндіктерін көрсетті. Шын мәнінде бізде тәрбие жұмысы кенжелеп тұр. Бұл іске әже-аналардың ұлағаты, тағылымы керек-ақ. Осы күзге қарай Талас ауданындағы Ойық ауылында облыстың белсенді ардагерлері жиналып, ұлттық құндылықтарды қалай жаңғыртамыз, ұрпақтың бойына ұлттық салт-дәстүрлерімізді қалай сіңіре аламыз, қазақтың тойларында, астарында, адамдарын соңғы сапарға шығарып салу ғұрыптарында ысырапшылдыққа жол беріп жүрген жоқпыз ба, деген бүгінгі күннің өзекті мәселелерін ардагерлер жетекшілері болып талқыламақпыз. Осы жиынның қорытындысымен барша облыс тұрғындарына Үндеу қабылдау да ойымызда бар, – деп сөзін түйіндеді Еркінбек Бейсенбекұлы.
Отырысқа қатысқан аналар кеңесінің мүшелері өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
«Анаға тағзым» облыстық отбасын қолдау орталығының директоры Эльмира Иниятқызы Мырза-Ғали өзінің ойымен бөлісті.
– Мен облыстық Қазақстан Халық Ассамблеясында аналар алқасының төрайымы болып қоғамдық қызмет атқарамын. Әртүрлі этнос өкілдерімен пікірлесіп отырамыз. Олар шын мәнінде қазақ ағайындардың той, ас өткізудегі ысырапшылдығын ашық айтады. Кейбір біздің ағайындарымыз тойға бес мың теңгеден апарады екен, одан артық апарғандар ақсақалдар тарапынан сын-ескертпе алады. Сондай-ақ, оларда той өткізудің, ас берудің, жерлеу рәсімінің бірыңғай тәртібі қалыптасқан. Этнос өкілдерін қатыстыра отырып ақылдасып алудың ешқандай артықшылығы болмас деп ойлаймын, – деді Эльмира Иниятқызы.
Қоғам қайраткері, ардақты ана, облыстық ардагерлер кеңесінің құрметті мүшесі Лидия Ахметова жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, соңғы жылдары облыстық ардагерлер кеңесінің қоғамдық қызметінің тиімділгі артып жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Л.Ахметова: 
– Соңғы кездерде «Ел Арна» телеарнасында Мөлдір Мұқан сияқты азаматшаның біздің даңқты жерлесіміз, қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының суретін жұртшылық алдында мазақ етуін, суреттегі батырдың бейнесін ойып алып өзінің бейнесін көрсетуін қалай түсінуге болады?! Қасиетті, қадірлі адамымызды мазақ қылуға жол беріп қоямыз ба? Осы орайда облыстың аналары атынан өзіміздің мұндай жолсыздыққа қарсылығымызды танытып, Үндеу қабылдап, әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауымыз керек, – деген ұсынысын айтты.
Облыстық аналар кеңесінің төрайымы Хадиша Оспанова да осы орайда өз ойын ортаға салды.
Жиын барысында Еркінбек Солтыбаев облыстық аналар кеңесінің мүшелеріне жақында ғана жарық көрген «Аялы әже» жинағын салтанатты жағдайда табыс етті. Сондай-ақ, бірқатар ардақты аналарға марапаттар табысталды.
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ 
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры