Ел намысы – ер намысы!
Астана қаласында Ақордада өткен Париж Олимпиадасына аттанатын Ұлттық құрама спортшыларымен кездесуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз сіздерге зор үміт артамыз. Бүкіл халқымыз – сіздерге жанкүйер. Қазақта «Намысқа шапсаң – алысқа шабасың» деген сөз бар. Сондықтан жеңімпаз боласыздар», – деген еді. Сол кездесуде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын Ұлттық құраманың капитаны, бокстан әлем чемпионы, жерлесіміз Асланбек Шымбергеновке табыстады.Ертең қасиетті жұма күні – 26 шілдеде Францияның астанасы Парижде XXXIII жазғы Олимпиадалық ойындардың жалуы көтеріледі. Әлемнің «Сен тұр, мен атайын» үздік спортшылары жиналған байрақты бәсеке 11 тамызда өз мәресіне жетеді. Қазақстанның Ұлттық құрамасы 92 лицензияға ие болған, қазақстандық 80 атлет спорттың 25 түрінен бақ сынайды.Қасиетті Әулиеата өңірі өздерінің 6 үздік спортшысын үкілеп Олимпиада додасына қосып отыр. Бұл жолы да жерлестеріміздің жерге қаратпайтындығына сенеміз. Президентіміздің қолынан көк туды ұстаған бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов ел үмітін ақтайды, намысты қолдан бермейді деген сенімдеміз. Парижге жолдама алған жерлестеріміздің қай-қайсысы болсада жолда қалмайды ғой деген ойдамыз. Дзюдодан Рио олимпиадасында қанжығасына күміс байлаған, Токио олимпиадасынан қола медальмен оралған Елдос Сметовтен де күтеріміз көп. Еркін күрестен боз кілемнің шаңын қағып жүрген Әлішер Ерғали баламыздың да жерге қаратпасына сенімдіміз.
Әлемдік талай додалардан жамбылдық оғыландар құр қол қайтпаушы еді. Сидней олимпиадасында алтыннан алқа тағып, Атлантадан қола медальмен оралған Ермахан Ибраимов пен Афинада топ жарған Бақтияр Артаевтардың жасампаздық жолын жалғайтын ерлерімізге артар үмітіміз үлкен.
Қай кезде болмасын олимпиада ойындарының бәсі жоғары болған. Бұл жолы Париж төрінде көк туымызды көкке көтерген жеңімпаздарымыз 250 000 доллар, күміс медаль иегерлері 150 000 доллар, қола медальді місе тұтқандар 75 000 доллар алатын болады. Төртінші-алтыншы орындар алғандар тиісінше 30 000, 10 000, 5 000 доллар иемденеді. Әлемдік рекорд жаңартқан спортшылар да құр қол қалмайды, оларға 5 000 доллар көлемінде сыйақы төленеді. Сондай-ақ, жеңімпаз спортшылардың жаттықтырушылары да жүлдеден құр қол қалмайды.

Қасымхан ТӨЛЕНДИЕВ,
Жамбыл облысының Құрметті азаматы
Жамбыл облысының Құрметті азаматы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)