ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ
Шығыс Қазақстан облысындағы «Алтай шығанағы» демалыс базасында классикалық шахматтан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 84 шахматшы қатысты. Байрақты бәсекеде бірінші орын алған Тараз қаласының ардагері Айтқазы Баймурзин әлем чемпионатына қатысуға жолдама алып, еліміздің намысын қорғайтын болды.
Жеңімпаз ардагерімізді Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әмедияқызы Әбдікешова құттықтап, ардагерлер атынан сый - сияпат жасады.
Сондай-ақ, күрестің самбо түрінен әлемнің 8 дүркін чемпионы Алмас Мұсабеков пен дзюдо күресінен кезінде Қазақстан Республикасының чемпионы болған 75 жастағы Тілеулес Әлімбеков қыркүйек айында өтетін ардагерлер арасында әлем чемпионатына аттанады. Осынау жауапты сапар алдында ардагер спортшылар «Ардагерлер орталығы» ғимаратында болып, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевтан бата алды. Еркінбек Бейсенбекұлы еліміздің намысын бермей, кезінде талай байрақты бәсекелерде жеңіске жетіп абыройға бөленген ақсақал спортшыларға сәттілік тіледі.
Малтабар ЖАМАНБАЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесі
төрағасының орынбасары.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)