ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Хазырет пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) «Адамдардың жақсысы – адамдарға пайдалысы» деген. Құран Кәрім мен пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) айтқан осы хадистердің өміршеңдігі бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Адам баласы бір-бірлеріне тек ізгілік ойлап, жақсылық жасағанда ғана өсіп-өнбек. Мақсатына жетпек.
Осы тұста мына бір мысалды келтіре кеткенді жөн көріп отырмын. Бір бақуат кісінің байлығы орасан мол болады. Әсіресе қойы өте көп екен. Байдың қойшысы қиянаттан аулақ адам болса керек. Шопан әрдайым қойларды сауып, оның сүтін байға жеткізетін. Ал бай болса көп сүттің үштен біріне су қосып, базарға саттыратын болған. Бір күні шопан байға қарап:
– Ей, қожам, сүтке су қосып сатқаныңыз мұсылмандыққа қиянат қой, – дейді. – Алла тағала сізге мол байлық берді. Сүтке су қоспай сатсаңыз да дәулетіңіз жетеді ғой, қиянат жасағаныңыз өзіңізге зиян болады. Осыны ойлаңыз.
Ал бай болса малшысының кеңесін тыңдамай, пайданы көп түсіремін деп дүниеқоңыздыққа салына береді. Сонымен бірде шопаны қойларды саялау жерге иірді де өзі төбенің басында қисайып жатып ұйықтап қалады. Кенеттен қатты жаңбыр жауып, сел жүреді. Сол сел қойлардың бәрін ағызып алып кетеді.
Малшы қара басы ғана байға келеді.
– Сүт қайда? - дейді бай. Сонда шопан:
– Ей, қожам, менің айтқан ақылымды тыңдамадыңыз. Сіздің сүтке қосқан сулар жиылып, сел болып келді де, барлық қойды ағызып алып кетті, – дейді.
Міне, тозаңдай жамандық бір әулетке орасан зиянын тигізді.
Тағы бір мысал. Бір пенде ел аралап кайыр сұрап жүреді. Күндердің күнінде әлгі кісі бір үйден қайыр сұрайды. Әлгі үйдің шайпау әйелі «Осы қайыршылардан-ақ күйдім-ау, осыдан құтылайын», – деп жауып жатқан нанына у қосып әлгіге екі шелпек береді. Қайыршы былай шыға бере ойнап жүрген балаларға тап болады. Олар қайыршыдан нан сұрайды. Ол қоржынындағы нанды балаларға бөліп береді.
Соның ішінен әлгі әйелдің екі шелпегін жеген екі бала қайтыс болады. Сөйтсе, ол екі бала әлгі әйелдің балалары болып шығады. Міне, біреуге жасаймын деген қиянат әлгі әйелдің өз басына айналып келді. Өмір деген – осы. Алла тағала бәрін көреді. Егер сіз біреуді шат-шадыман етсеңіз өз көңіліңіз де шат жүреді. Егер біреуді қапаландырып, мұңға, қайғы-қасіретке бастасаңыз сіз де көңілді жүре алмайсыз. Сіздің де көңіліңізді мұң-қайғы-қасірет басады. Жамандық жасасаңыз алдыңыздан шығады.
Иә, бес саусақтың бірдей еместігі сияқты, адамдардың да тұрмыс-тіршілігі бірдей емес. Қай өңірді алып қарасақ та, көмекке мұқтаж отбасыларды кездестіруге болады. Біздің ауданда да нашар тұратын отбасылар бар. Мешіт үйі оларға әлі келгенінше, мүмкіндігі жеткенінше көмектеседі. Сіздер де оларға қолдан келгенше қайырым жасап, көмек етіңіздер, қадірлі мұсылмандар!
Бұл аз күндік шолақ өмірді бос өткізбей шын ықыласпен намаз оқып, Алла тағалаға құлшылық етіп, қолдан келгенше пақыр-міскінге қарайласу керек. Сонда Алла тағалам оны көреді, сіз жақсы адамдардың қатарына қосыласыз. Халқымыздың ардақты ұлы даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы жас ұрпаққа өсиет етіп қалдырғандай, «Адалдықтың адымы алты құлаш, Арамдықтың адамы бір - ақ уыс. Адал болмай, азаматпын демегін. Жақсы сөз – жан сүйсіндіреді. Құлаққа ұғымды, ойға қонымды келеді» деген осы. Бұл сөздерден көп мағлұмат аласыз.
Сондықтан да Алла тағаланың ісіне адал болайық.Бір бірімізге жақсылық жасайық, қайырымды болайық.

Сейітқазы қажы МЕДЕТБЕКОВ,
«Жуалы» мешітінің имамы,
ауданның Құрметті азаматы,
аудандық билер кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)