АНАМНЫҢ ӨСИЕТІ
Тәкаппар болып тасынба,
Достарың жүрсін қасыңда.
Жақсылық жаса адамға,-
Деп еді анам жасымда.
Өссін деп еркін бауырым,
Кимеппін көйлек тәуірін.
Жеңілді беріп басқаға,
Көтердім жүктің ауырын.
Адалдық үшін жан салдым,
Алғыс пен бата қанша алдым.
Қайғырып өзім тұрсам да,
Қуантып елге ән салдым.
Аларымды әлі алмаппын,
Қиындау бір жол таңдаппын.
Тілеуін тілеп өлеңнің,
Өзіме назар салмаппын.
Бақтың да оңай қонуы,
Гүлдің тез-ақ солуы,
Мақсатым болды –
Ұлымның
Ұйқысы тыныш болуы.
Көтермей дауыс қаттырақ,
Еңбекпен жүрмін көпке ұнап.
Анамның тілін алғаннан,
Қор болған жерім жоқ бірақ!
Шырын МАМАСЕРІКОВА,
Қазақсатан Жазушылар Одағының мүшесі,
облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Достарың жүрсін қасыңда.
Жақсылық жаса адамға,-
Деп еді анам жасымда.
Өссін деп еркін бауырым,
Кимеппін көйлек тәуірін.
Жеңілді беріп басқаға,
Көтердім жүктің ауырын.
Адалдық үшін жан салдым,
Алғыс пен бата қанша алдым.
Қайғырып өзім тұрсам да,
Қуантып елге ән салдым.
Аларымды әлі алмаппын,
Қиындау бір жол таңдаппын.
Тілеуін тілеп өлеңнің,
Өзіме назар салмаппын.
Бақтың да оңай қонуы,
Гүлдің тез-ақ солуы,
Мақсатым болды –
Ұлымның
Ұйқысы тыныш болуы.
Көтермей дауыс қаттырақ,
Еңбекпен жүрмін көпке ұнап.
Анамның тілін алғаннан,
Қор болған жерім жоқ бірақ!
Шырын МАМАСЕРІКОВА,
Қазақсатан Жазушылар Одағының мүшесі,
облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Обсудить
Блок в статье:
"Отбасындағы әкенің рөлі"
26 декабрь 2024, Четверг
Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл!
26 декабрь 2024, Четверг
« Ең үздік төрайымы»
26 декабрь 2024, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)