ҚАРАТАЙ ТҰРЫСОВ ТАҒЫЛЫМЫ. КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ҚАРАТАЙ ТҰРЫСОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТУДЕ
Өткен аптаның сәрсенбісінде М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Тәуелсіздік залында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Қаратай Тұрысоватың 90 жылдығына арналған «Дөңгелек үстел» отырысы болып өтті. Қарымды қайраткердің мерейтойына арналған ауқымды шараға Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев, облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, зиялы қауым өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Қаратай Тұрысоватың көзін көрген замандастары, тарихшы ғалымдар және студенттер қатысты.
«Дөңгелек стол» отырысын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев кіріспе сөз сөйлеп ашты.
Мерейтойлық шарада облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының вице - президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махмедқали Сарыбеков, Қаратай Тұрысоватың сыныптас - замандасы, Қазақстанның Құрметті теміржолышы Әбдуәлі Данаев, тарих ғылымдарының кондидаты, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы Бақыт Мырзабеков, еңбек және кәсіподақ ардагері Сәрсенбай Мыңбаев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов баяндамалар жасап, сөз сөйледі.
Тараз қаласындағы Қаратай Тұрысов атындағы мектеп - гимназиясы туралы бейнефильм көрсетілді.
«Дөңгелек стол» отырысында М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Қазбекұлы Байжұманов Қаратай Тұрысовтың Тәуелсіз Қазақстанның нарықтық экономикасын қалыптастырудағы орасан зор еңбегін нақты мысалдар келтіру арқылы баяндады.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев отырыста ашардағы өзінің кіріспе сөзінде дара тұлғаның кесек болмысына тоқтала келіп:
– Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде қайраткер Қаратай Тұрысовтың еңбегін атап өтті. Қаратай Тұрысов – еліне адал қызмет еткен, үлкен лауазымдағы қызметін елдің тұтастығы мен бірлігіне арнаған тұлға. Жамбылдық жерлестері тұғырлы тұлғаларын мақтан тұтады», – деп бірқатар азаматтарға сөз тізгінін ұстатты.
Облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев толғана сөз бастап:
– Қаратай Тұрысов – сол кездегі Кеңес Одағы сияқты алып елдің мәртебелі биік мінберінен сөйлеп, парасаттың шырқау биігіне көтерілген қазақтан шыққан дара қайраткер. Еңбек жолын геология саласында қатардағы инженерден бастап, ол Үкімет басшысының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, Парламенттің тұрақты комитетінің төрағасы дәрежесіне дейін көтерілді. Қаратай Тұрысов – Біріккен Ұлттар Ұйымында Кеңес Одағының атынан сөйлеп, ядросыз әлем құру туралы алғаш мәселе көтерген қазақ.
Мұнан соң облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев сөз алып, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің рухына қандай құрмет көрсетсе де лайық екенін айта келіп, бүгінгі басқосудың жұмысына сәттілік тіледі. Ол қайраткердің атына мектеп, көше аттары берілгенін, Тұрысовты еске алуға арналған мерекелік іс-шаралардың жер - жерде жиі өтіп жатқандығын тілге тиек етті.
Жиында негізгі баяндаманы Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институттың вице - президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметқали Сарыбеков жасады. Ол баяндамасында қайраткер өмірінен аса құнды деректерге тоқтала келіп:
– Қаратай Тұрысов – алдымен экономист. Экономика ғылымдарының докторы. Өмірін ел экономикасының дамуына арнады. Еліміздің саясат саласында қызмет еткен мұндай терең білімді адам кемде кем. Мемлекетімізге қолайлы талай шешімдердің қабылдануына мұрындық болды. Оның ішінде ядролық қарудан бас тарту туралы ұсынысын ерекше айтамын. Таулар алыстаған сайын биіктей береді, Тұрысов та уақыт өткен сайын асқақтай береді. Ол –пенделіктен биік тұрған парасат иесі. Бірақ, пенделік деңгейден биіктегендер қашанда аз. Қаратай Тұрысов Мәскеуге төрт рет үлкен мақсатпен барған адам. Үшеуін де білім алу үшін, төртіншісінде Кәсіподақтардың Бүкілодақтық орталық Кеңесінің хатшысы қызметін атқару үшін барды. Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, еліміздің туризм, дене шынықтыру және спорт министрі болғанын білесіздер. Біріккен Ұлттар Ұйымы мінберінен Төлеген Тәжібаевтан кейінгі сөйлеген екінші қазақ. Осы орайда замандасы әрі сыныптасы Шерхан Мұртазаның жазбасына тоқталып өткім келеді. Әйгілі жазушы: «Оқушы күнімізде Жамбыл қаласындағы (Тараз қаласы) Жамбыл орта мектебінің жанынан 100 орындық интернат ашылды. Сол интернатқа қабылданған балалардың ішінде ең кішісі Қаратай еді. Бәрімізден күштісі де Қаратай болды. Әсіресе, алгебра, химия, геометрия, физика сабақтарынан үздік болды. Мектепті медальмен бітірді. Әрине, өзге де озат оқушылар бар еді. Бірақ, Қаратайдың алғырлығы ерекше болды», – деп толғаныпты.
Шер - ағаң толғанса, бекер толғанбайды. Кейіннен екі сыныптас азамат ел Парламенті Мәжілісінің қабырғасында депутат болып, қатар жүріп қызмет етті. Қаратай Тұрысовтың еңбегі болашақта да жас ғалымдар тарапынан зерттеліп, өзінің биік бағасын ала береді деген ойдамын, – деді.
Мұнан соң 92 жастағы Қазақстанның Құрметті теміржолшысы, Қаратай Тұрысовтың сыныптасы Әбдуәлі Данаев сөйлеп:
– Қаратай мектепті күміс медальмен бітірді. Мәскеуге тау - кен институтына оқуға түсіп, геолог мамандығын меңгерді. Кейінен қайраткер деңгейіне көтерілді. Қаратайдың жүріп өткен жолы – жастарға үлгі, – деді.
Мұнан соң сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы Бақыт Мырзабеков тұғыры биік тұлғаның адамгершілік, отаншылдық қасиеттеріне тоқталды. Тұрысов өзінің баласын әскерге Отанын қорғауға жіберген адам екеніне, қазіргі таңда облыстық, аудандық деңгейдегі басшылардың өзі балаларын әскерге жібергілері келмейтініне, осы жағынан да Тұрысовтың ісі үлгі болатынына көңіл аударып өтті. Бақыт Ормаханұлы айтып өткендей, Қаратай Тұрысовтың ұлы Нұрлан Тұрысов бір кездері біздің өңірдегі Жуалы ауданы әкімінің орынбасары болып біршама жыл қызмет атқарыпты. Бұл мәліметтің өзі көпшілікті қызықтыра түскені анық.
Еңбек және кәсіподақ ардагері Сәрсенбай Мыңбаев қайраткер Қаратайды Мәскеу қаласында көрген сәттерінен және ол кісінің басшылығымен кәсіп одақтарда қызмет істеген жылдарынан әсерлі естеліктер айтты.
– Дара тұлғаның сол кездегі айтқан ақылы мен өсиеті, жанашырлығы есімнен ешқашан кетпейді. Әйгілі қайраткердің өнегесін тыңдаған сәттерім үшін өте қуанамын. Тұрысов тағылымдарын жас ұрпаққа алдағы уақытта да үлгі еткен жөн, – деді.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов дара тұлғаның Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының тұңғыш төрағасы болғанын еске алып, сол жылдары елімізде сайлау жүйесі қалыптастырудағы еңбегін атап өтті.
Жиынды қорытындылаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев:
– Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Дөңгелек үстел» отырысында бас қостық. Ол шын мәнінде де нағыз тұлға еді. Бүкіл саналы ғұмырын қазақ елінің өсіп өркендеуіне арнады. Қаратай Тұрысов кәсіби биік өресімен, ұйымдастырушылық қарым - қабілетімен, елі мен жеріне деген перзенттік жүрегімен, қоғамдық белсенділігімен елдігімізді аспандатқан ерлердің ортасынан ойып орын алады.
Қаратай Тұрысов – ұлтын сүйген кешегі алашордашыл ғазиз ағаларымыздың жалғасы болды. Үлкен лауазымдағы еңбек жолы коммунисшіл қоғамда өтсе де, саналы ғұмырын елдің тұтастығы мен бірлігіне арнады. Еңбегін міндетсінбеді. Тек қазақ деген ұлттың мүддесіне қызмет етті. Қайраткердің рухына деген құрмет әрқашан толас таппай, жалғасуы тиіс. Облыстық билер кеңесі себепкер болған Қаратай Тұрысовтың атындағы мектептерде, ол қызмет еткен биік билікте еске алу шаралары жиі өтуі тиіс. Біз бүгін осынау іс –шара арқылы Тұрысовтың биік болмысына ел алдында жүрген азаматтардың назарын аудардық. Бұл жұмыстың алғашқы қадамы ғана. Тұрысовтың 90 жылдығы жер - жерлерде жоғары деңгейде аталып өтілуі тиіс. Ол жетпіс жас ғұмырында парасаттың биік үлгісін, кісілік пен кішіліктің өнегелі мектебін қалыптастырып кеткен адам, – деді.
«ҒҰМЫР – ДАРИЯ» АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)