БӨБЕКЖАЙДА АТА МЕН ӘЖЕ АУЫЛЫ БАР
Меркі ауданы «Таңшолпан» бөбекжай бақшасында балаларды бойына Отанға деген сүйіспеншіліктер сіңіру, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобында тәрбиешілер Дүкенбаева Айзат пен Құлмырзаева Нұрбаланың ұйымдастыруымен «Атам мен әжемнің ауылында» атты ертеңгілік шарасы болып өтті. Шарада мемлекеттік рәміздердің суреттері, түрлі - түсті тастар және ойындарға қажетті заттар көрнекіліктер ретінде пайдаланылды. Тәрбиешілер бұл ертеңгілікте түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету әдістерін қолданды. Ертеңгілік басталғанда Қазақтан Республикасының Әнұраны орындалды. Көңілді әуен арқылы келген қонақтармен таныстырылды. Тәрбиешілер шара барысында балалармен бірге ата-әже ауылына қонаққа барды. Ата, әже болып педагогтар рөльде ойнады.
Одан әрі «Түстеріне сай орналастыр» ойны ойналып, есте сақтау қабілеттері дамытылып, балалар тастарды түстеріне қарай орналастырды. Туды, Елтаңбаны түсіне қарай жинады. Бұдан әрі ата - әже қыздарды ою-өрнектермен таныстырды. Бүлдіршіндер ата мен әжеге өздері дайындаған тақпақтарын айтып берді.
Асық ату ойны да ұлдарды жылдамдыққа, ептілікке баулыды. «Оюды орналастыр» ойыны қыздарды қазақ халқының оюларымен таныстырды. Ата мен әже немерелерімен бірге «қара жорға» биін билеп, шара көрігін қыздары түсті.
Шара соңында «Тәуелсіз ел ұраны» атты патриоттық ән хормен шырқалды. Ата бүлдіршіндерге бата берді.
Әсем БОРАНҚҰЛОВА,
журналист.
журналист.
Меркі ауданы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)