Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » САМАРҚАНҒА САЯХАТ

САМАРҚАНҒА САЯХАТ

30 январь 2024, Вторник
53
0
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жоспарына сәйкес және «Ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру мемлекеттік - әлеуметтік тапсырысы аясында 50 ардагеріміз» Самарқан қаласына саяхат жасап қайтты. Ардагерлерге «Дмитрий И» компаниясынан Өзбекстан шекарасына дейін өте жайлы автобус бөлініп, шекарадан өткен соң да, келісім шартқа отырған компанияның жайлы көлігімен Самарқан қаласына жеттік. Екі күндік сапар барысында қаланың тарихи, мәдени ескерткіштерімен таныстық. Саяхаттың бірінші күні өз дәуірінде жарты әлемді жаулаған Падишах, Ұлы жиһангер Әмір Темірдің денесі жерленген «Гур-Эмир» кесенесін араладық. Ерекше архитектуралық үлгімен салынған, ішкі ою-өрнектері түгелдей алтынмен апталған бұл кесенеде оның ұлдары Шахрух пен Миран-шах және немересі Ұлықбек жерленген. Келесі саяхат нысаны қаланың орталығындағы «Регистан» алаңы болды. Мұнда бабамыз Жалаңтос Бахадур Сейітқұлұлы салдырған «Шердор», «Тилла қадир» және «Ұлықбек» медреселері орналасқан. Бұл 3 медресе де әлемге өз архитектуралық ерекшелігімен танымал. Әрқайсысы әр кезеңде салынса да, бірегей ансамбль болып, біздің заманымызға баға жетпес бабалар мұрасы ретінде жетіп отыр. Қаладағы қайталанбас тарихи ескерткіштердің бірі, әрі бірегейі – «Биби-Ханум» мешіті. Әмір Темірдің сүйікті жары, Моғолстан мемлекетінің ұлы ханы Тоғылық Темірдің қызына арнап тұрғызылған сәулет өнерінің туындысы ардагерлерді ерекше әсерге бөледі. 
Осымен бірінші күнгі экскурсиямызды аяқтап, кешке қарай Европа үлгісіндегі жайлы қонақ үйге келіп демалдық. Келесі күні ардагерлер Әмір Темірдің ең жақын адамдары мен орта Азияға белгілі тұлғалар жерленген «Шахи Зинда» зират-пантеонына келдік. Бұл әлемге әйгілі қорымда Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы Кусама ибн Аббас сахабаның кесенесі ерекше орын алады екен. 
Зират-Қорым ХІ ғасырдан бері осы кісінің құрметіне «Шахи Зинда» (тірі Шах) деп аталған. Осынау ұлы әруақтар жатқан қасиетті орында Тараз қаласының ардагерлері атынан арнайы құран оқылды. Келесі барған тарихи орын – «Ұлықбек» обсерваториясы деп аталады. Кешеннің алдында әрі әмір, әрі ғалым Ұлықбектің еңселі ескерткіші орнатылған. Ескерткіш алдына естелікке суретке түсіп, ұлы ғалымға бағыштап құран оқыдық. Кезінде сіздер талқандаған обсерваторияның қалдығын көріп болған соң, Өзбекстан Республикасының бірінші Президенті Ислам Каримовтың мәңгілік мекеніне бет алдық. Бұл жерде VIII-IX ғасырларда салынған мешіттің үстіне қайта тұрғызылған сәулет кешенін аралап, Ислам Каримовтың жатқан жеріне зиярат жасадық. VIII-IX ғасырларда салынған сәулет өнеріне жалғаса тұрғызылған (осы қорымда И. Каримовтың әке-шешелері де жерленген) И. Каримовтың кесенесі өте үйлесімді ансамбль құрғанына қарап, өзбек халқының бірінші Президентіне деген құрметін анғардық. 
Самарқандағы тарихи орындарды аралап болған соң, түс қайта жолға шықтық. Жолай ел астанасы Ташкент қаласына соғып, қала орталығын аралап, «Ташкент сити» сәулет орталығын тамашаладық. 
Өзбекстанға жасаған екі күндік саяхатында аса құнды тарихи мұраларды аралап, олардың терең тарихын тануға жағдай жасалғаны үшін ардагерлеріміз өз ризашылықтарын білдіріп жатты.
Сауранбек ЖАМАЛБЕКОВ, 
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы. 
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

САМАРҚАНҒА ЖОЛ ТҮСТІ
11 октябрь 2023, Среда
САМАРҚАНҒА ЖОЛ ТҮСТІ
ҚОЛДАУ АЯСЫ КЕҢЕЙЕ БЕРЕДІ
15 декабрь 2023, Пятница
ҚОЛДАУ АЯСЫ КЕҢЕЙЕ БЕРЕДІ
ДӘН РИЗА БОЛЫП ҚАЙТТЫ
13 ноябрь 2023, Понедельник
ДӘН РИЗА БОЛЫП ҚАЙТТЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры