МИНИСТРДІҢ АЛҒЫСЫ
Жақында Шу аудандық аналар алқасының төрайымы, ардагер ұстаз Айжан Болатқызы Имановаға Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрі Ғани Бейсенбаев Алғыс хатын жолдапты.
Алғыс хатта «Қадірлі Айжан Болатқызы!
Сізге саналы ғұмырыңызды жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнап, осы салада ұзақ жыл қалтқысыз қызмет еткеніңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін!
Өзіңізден өнегелі білім, тағылымды тәрбие алған азаматтар тәуелсіз еліміздің негізін қалап, өсіп-өркендеуіне аянбай атсалысып жүр. Мыңдаған шәкіртіңіз биік белестерді бағындырып, халқына адал қызмет етуде.
«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деген осы болар.
Ұстаздардың жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы тыным-сыз еңбегі мен ағартушылық қызметі әрқашан құрметке ие. Ұстаз-мектептің жүрегі. Баланың бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға. Сондықтан ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Алты алаштың баласы бас қосса, төр - мұғалімдікі» болуы тиіс.
Сізді еліміздегі бес жүз мыңға жуық педагог пен бес миллоннан астам жас өреннің атынан құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! Мәртебеңіз асқақтап, абыройыңыз арта берсін!» делінген.
Министр тарапынан Алғыс хаттың жолданылуын ардагер ұстаз Айжан Болатқызының еңбегі еленіп - ескерілгені, зор құрмет көрсетілгені деп білеміз. Ол кісі мұндай құрмет пен қошеметке лайық жан. Айжан Болатқызы әлі де тұғырынан тайған жоқ, 2019 жылдан ауданда аналар алқасының төрайымы. Қоғамдық жұмысты ұршықша иірген Айжан Болатқызы үйде отырмай, өзінің мол тәжірібиесін жастарға үйретуден жалыққан емес. Өзінің іскерлігінің арқасында аудандағы 18 округтегі 29 елді мекендегі аналардың жұмысын жандандыруда. Сөз соңында ұлағатты ісіңіз келешекте әр шаңырақтың игілігіне айналсын, дәулетке дәулет қосылсын, абыройыңыз артып, басыңызға бақ қонып, ырыс дарысын демекпіз.
Дәнен БЕЙСЕНБАЕВА,
аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі.
Шу ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)