ӨМІР МЕКТЕБІНЕН ӨТКЕН
Бүгін жетпіс деген айтулы жасқа жетіп, айналасына сыйлы азамат атанған Байқадам Жуасбекұлы туралы болмақ бүгінгі әңгімеміз.
... Қашан да самбырлай сөйлеп, ашық – жарқын жүретін ағасы Ұласбек Есенбеков сол әдетімен үйге сөйлей кірген:
– Менімен бірге өндірісте жұмыс істеп шыңдал. Оқу да, өмір де әлі алда.
Осылай деп әңгіменің ашығын айтқан Ұласбек кеңшарда жауапты қызмет атқаратын ағасының (Байқадамның әкесі Жуасбектің) «Ауылда да жұмыс бар ғой» дегеніне қаратпай, Байқадамды сол кездегі аудан орталығы Байқадам ауылына алып қайтқан. Өзі сондағы №2009 жылжымалы механикаландырылған құрылыс мекемесінің бастығы.
Бастық Ұласбек інісін жайлы орынтаққа отырғыза салған жоқ. Әкелді де, қара жұмыстың қайнап жатқан қазанына салды да жіберді. Бұл 1970 жыл болатын.
Байқадам осы құрылыс мекемесінде табаны күректей 3 жыл жұмыс істеген. Атқармаған жұмысы жоқ: жүргізуші, жүк тиеуші, тас қалаушы, ағаш шебері... қойшы әйтеуір, құрылыстағы қолмен атқарылатын қара жұмыстың бәрін ітеген шығар. Осы 3 жылда еңбекте піскен, өмірдің ащы – тұщысын сезген ол 1973 жылы Фрунзе қаласындағы (қазір Бішкек) Қырғыз мемлекеттік университетінің қаржы – сауда факультетіне құжат тапсырып, жолы болып оқуға түсіп кеткен.
Студент Байқадам Жуасбекұлы оқуға бар ынта – ықыласын салды. Қанша дегенмен оқудан біраз шеттеп қалған, алғашында оңай соқпағаны рас. Бірақ, Байқадам жүрек қалауымен таңдаған мамандықтың қыр - сырын меңгеруге тырысты. Меңгергенін іс жүзінде көрсетті де.
Жұмыста өзін ісіне ұқыпты, тиянақты қызметкер ретінде көрсете білген жас маман 1979 жылы Байқадам совхоз - жұмысшылар корперациясына төрағаның орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл оған көрсетілген жоғары сенім болатын. Ол сенімнен шығу үшін барын салып жұмыс істеді. Сонда да тұтынушыларға жағу қиын. Өйткені, қат тауарларды былай қойғанда, күнделікті тұтынатын заттардың өзі жетпей жатады.
Байқадам совхоз - жұмысшылар коопеорациясы – ауданда сауда нүктелері ең көп орналасқан мекеме. Аудан орталығы болғандықтан, тұрғындар да көп. Оның үстіне орталыққа іргелес жатқан екі шаруашылық – «Байқадам» және «Коммунар» кеңшарларына қарасты елді мекендер тұрғындарына сауда қызметін көрсету де осы мекемеге жүктелген. Байқадам осында жұмыс істеген 8 жылда сауда саласының үздігі, «Халықтар достығы» орденінің иегері Алтын Досжановадан үйренгені көп. Өзі Калинин совхоз - жұмысшылар кооперациясында төраға болып қызмет атқарған 4 жылда, одан кейін қайтадан аудандық тұтынушылар одағына аға тауартанушы болған 2 жылда осы үйренгендерінің пайдасын көрді.
Тұрмыс көңілді болса, еңбек – өнімді, Байқадам Жуасбекұлы еңбек адамдарына жақсы сауда қызметін көрсетуді бірінші кезекке қоятын
– Байқадам жұмысшылар коорперациясында – 39, Калинин жұмысшылар корперациясында 23 сауда нүктесі болды. Әсіресе, елдің шеті, желдің өтінде еңбек етіп жатқан малшылар мен диқаншыларға қызмет көрсететін автодүкендер мен шалғайдағы дүкендерді ең қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін облыс орталығындағы сауда базасындағылардың «тілін тауып» жұмыс істеуге тырыстық, - дейді Байқадам Жуасбекұлы.
Ол сол кездерде ақшаға таба алмайтын жеңіл автокөлік, мотоциклдер, теледидар, тоңазытқыш, кіржуғыш машина, кілемдердің ауатком шешімімен берілетінін ашық айтады. Атаулы мерекелерде ҰОС ардагерлеріне, еңбек озаттарына, көпбалалы аналарға арнайы сый – сияпаттар жасалатын. Тиісті болғанына қарамастан, өте қат тауарларды «қазанның құлағын» ұстап отырғандардың әртұрлі жолдармен тілін тауып, әзер алатындарын да жасырмайды Байқадам. Шынында да, ондай да заман болды ғой. Қазір ғой ақшаң болса, бәрі де бар.
Байқадам еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда аудан әкімі аппаратында сауда және тұрмыстық қызмет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Дүкен сөрелері бос. Өте қат тұтыну тауарларын тізіммен босататын жағдай туындаған. Ондайда әділетті болуы керек. Байқадам оның да жолын тауып, тұтынушылар көңілінен шығуға тырысқан. Әрине, бәріне бірдей жағу қиын. Бірақ, басым көпшіліктің көңілінен шығып жүрді. Ондайда оның басты ұстанымы: есептей білгеннің есесі кетпейді.
Байқадам Жуасбекұлы одан кейін де бірқатар мекемеде қызмет атқарған, соның барлығы да қаржы шаруашылығы, есеп – қисапқа қатысты. Көпшілігінде бас есепші. Байқадам барлық қызметте де сол баяғы «есептей білгеннің есесі кетпейді» ұстанымында. Жұмысына жауапкершілігі жоғары, ісіне тианақты. Кез - келген қиын түйінді шешуге шебер. Осындай іскерлігімен ұжымда да, әріптестері арасында да беделді, сыйлы, құрметті.
Байқадам Жуасбекұлы соңғы жеті жылда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы төрағасының экономика жөніндегі кеңесшісі – бас есепші қызметін атқаруда. Бала мінезді аңғал, кірпияз қариялардың тілін табу оңай емес, ал, Байқадам болса олардың тілін таба білді. Оның іскерлігіне, көпшілдігіне, қайырымдылығына лайық баға осы.
Байқадам Жуасбекұлының еңбегі жемісті. Оған дәлел – билік пен көптеген мекемелер мен ұжымдар тарапынан алған марапаттары. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл», Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған «Батыр шапағаты», «Республика ардагерлер ұйымына – 30 жыл» медальдары, «Еңбек ардагері», «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерінің көпжылдық жемісті еңбегіне берілген лайықты баға деп білеміз.
Байқадам Жуасбекұлы – шаттық ұялаған шаңырақтың отағасы. Ол өмірлік жары Айгүл екеуі екі ұлға өмір сыйлап, олардан 4 немере сүйіп отыр.
Бақыт деген – осы да. Өмір мектебінен сабақ алып, талай асуларды артқа тастап, 70 - ке келіп жеткен Байқадам осыған шүкіршілік етеді.

Болат ЖАППАРҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)