Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ӨТКЕН ӨМІР КӨРГЕН ТҮСТЕЙ

ӨТКЕН ӨМІР КӨРГЕН ТҮСТЕЙ

10 ноябрь 2022, Четверг
168
2
Жасымыз ұлғайып, жарасымды қартаюдың қамында жүрген ұлағатты жаста артыңа көп қарайлай береді екенсің. Бірге жүрген замандастардың қатары сиреп, ақыл айтатын үлкендеріміз арамыздан кеткен сайын елегізетін болдық. Осындайда пайым-парасаты мол, әдебі тәуір біреуден сүйеніш болар ақыл мен өсиет естігің келеді де тұрады. Сонда барып, өзіңнің де біраз жасқа келіп қалғаныңды сезініп, артыңнан келе жатқан ұрпағыңа, бауырларың мен қайындарыңа да үлгі болар ісің мен сөзіңді қалдыру керектігін түсінгендей боласың.
Әйтеуір, шама-шарқымыз келгенше адамдықтың әділ жолымен, Пайғамбар шариғатымен өзімізден кейінгілерге ұлағат айтқан боламыз.
Тағдырыма риза әйелдің бірі мен деп ойлайтынмын. Құдайға шүкір, күнкөріс біреуден алда, біреуден кейін дегендей, бала-шаға мен немере-шөберелеріміздің қызығына тоймай өмір кештік. Азды-көпті өмірімізде аспай, саспай, жаман жерді баспай ертеңімізге үмітпен қарадық. Десем де, Шерағаң айтатын «бір кем дүние...» менің жүрегіме де жүк болып келе жатқанын қалай жасырайын. Құдай қосқан асыл жарымнан біраз жыл бұрын айырылып қалып, сыңарсыздықтың күйін кешіп жатқан жағдайым бар. Бүгінгі әңгімем де сол жан-жарым, аяулы да ардақтым Аманкелдім жайлы болмақ.
Қаншама жыл ұстаздық етіп, балалардың базарлы думанды ортасында олардың бойына білім-ілімді сіңдіріп, тәжірибесі молайған мұғалім, бойымда тұнып тұрған қазақы болмысым басым болса да газетке мақала жазып көрмеппін.Биылғы жарымның сексенінші туған күні қарсаңында қолға қалам алып, қарттардың рухани серігіне айналған, өзім сүйіп оқитын облыстық «ҒҰМЫР-ДАРИЯ» газетіне осы мақаламды жолдағанды жөн көрдім.
... Аманкелді Қожакелдиев – шежіреге бай Сарысу ауданының тумасы. Осындағы Өндіріс ауылында малшы отбасында 1942 жылдың күзінде дүниеге келіпті. Әкесі Ыбыраев Қожакелді 1942 жылы ел басына күн туып, етікпен су кешкен шақта Ұлы Отан соғысына аттанады да, содан елге оралмайды. Дүниеге келген ұлының есімін Ақша анасы «әкесі аман келсін» деген ырым-үмітпен Аманкелді деп қойыпты. Жаратқан қош көрмепті. Ана үміті ақталмай, Қожакелді майданнан оралмады, ұлын қолынан келгенше үкілеп өсірген анамыз қиындыққа мойымайды, уайымға берілмейді.
Есті балғыны есесіне ана үмітін ақтап, мектепте өте жақсы оқиды, тәрбиелі, өжет, намысқой болып өседі. Мектеп бітіретін жылда бары мен нары – анасы да от апатынан көз жұмады. Аманкелдіні туған жездесі Жақаш ағамыз бен әпкеміз Дәмежан қамқорлығына алады. Соншама қиындықтарға мойымаған өжет бала Байқадам орта мектебін қатарының алды болып, күміс медальмен бітіріп, Алматыдағы зоотехникалық-малдәрігерлік институтына түсіп, «ғалым-зоотехник» мамандығын алып шығады.
1965 жылы жолдамамен Көкшетау облысында селекционер-зоотехник болып жүргенде 1966 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, екі жыл жауынгерлік сапта болады. Әскери міндетін өтеген соң бірден елге оралған жас маман Сарысу аудандық ауыл шаруашылығы басқармасына (бастығы Ж.Аманжолов) бас сұғады. Зооветеринарлық институтты қатар бітіріп келген төрт жігіт – Қуанышбек, Кәрібек, Тұрсынбай және Аманкелді жұмыс сұрап, өтініш жазып кіреді. Бір қызығы – басқарма басшысы Ж.Аманжоловқа бір адамның қолымен жазылған төрт өтініш ұсынылады. Сонда бастық «Өтінішті кім жазды ? Бізде бір-ақ орын бар, Жазған жігітті қабылдаймыз» дейді. Жігіттер өтінішті жазған Аманкелді екенін айтады. 
Сөйтіп, адал достары мен әділ басшының арқасында Аманкелді жұмысқа қабылданады. 
1967 жылы Аманкелді жұмысқа тұрған соң екеуміз отау көтердік. Мен мектепке мұғалім болып орналастым. Аманкелді екеуміз отау тіккенімізде басымызда баспана да болмаған ғой. Оның әкесі де, анасы да жоқ екенін біле-тұра мен осы азаматты таңдадым және таңдаудан қателескен жоқпын. Жас отбасы ретінде басқарма басшысы Ж.Аманжолов жаңа пәтердің кілтін берді. Сол кездегі адамдардың пейілінде шек болмайтын. Туыстары қолдан көрпе, жастық, кілемше, текемет, ыдыс-аяқ жиып берді. Туыстардың, достардың пейілінен байып шыға келдік. Сол үйде қоныс тойын жасадық. 1968 жылы 4 мамырда тұңғыш ұлымыз дүниеге келіп, есімін Бақыт деп Аманкелдінің өзі қойды. Ол ұзақ жылдар бақытты болуды аңсап жүр еді. Шын мәнісінде біз бақытты өмір сүрдік. Аманкелдінің қызметі де өсті, беделі де артты. Ауданның мен  деген жігіттерінің бірі болды. Өзінің туған «Коммунар» савхозында бас экономист, ауылдық Кеңестің төрағасы қызметтерін атқарды.
1984 жылы аудан басшылығы алыстағы «Қамқалы» совхозына директорлыққа жіберді. Жұмысшы күші тұрақтамайтын, шаруашылығы тұралаған совхозды қайта көтеріп, экономикасын нығайтты.
1987 жылы ауданның ауыл шаруашылығы басқармасының бас-тығы қызметіне тағайындалды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін аудан әкімінің бірінші орынбасары болып 1998 жылға дейін қызмет атқарды. Ауданның ауыл шаруашылығы саласын басқарған 11 жылда аймақтың өсіп, өркендеуіне көп еңбек сіңірді. Жерлестері ұзақ жылғы еңбегін бағалағаны болар, кейінірек зейнетке шыққанда Сарысу ауданының Құрметті азаматы атағын беріп, мәртебесін көтеріп тастады.
Аманкелдінің әр қадамы менің көз алдымда өтті ғой. Мүмкіндігінше ол көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беріп отыратын. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білді, досқа әрқашан адал болды. Басында айттым ғой, ол  бүгінде Игілік ауылдық округіне қарасты Өндіріс ауылында туып өскен-ді. Мен қатарлас Игілік ауылының қызымын. Былайша, Аманкелді осы екі ауылға да күйеу болып келетін. Менің елім Аманкелдіні күйеу деп төмендетпейтін, төрден орын беретін. Салтқа берік халықпыз ғой, Аманкелді қандай лауазымда болмасын оған күйеу ретінде құрметпен төс тартатын. Тиісінше Аманкелді де жолынан жығылған емес, табақты еш уақытта бос қайтармайтын. Ол елдің құрметіне масайрамай, ауылдың азаматтарымен әдемі әзіл-қалжыңын ешқашан жоғалтқан емес. Балаларын жанындай жақсы көрді, «менің көрген қиыншылығымды осылар көрмесе екен» деп отыратын. Балаларының барлығын оқытты, мамандық алуына қамқорлық жасады, қатарға қосты. 
Қазақта «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген сөз бар. Мен болып, балалар болып, «Халық қадір тұтқан азамат» деген естеліктер кітабін шығардық. Аманкелдінің көзін көргендер аянып қалған жоқ, естеліктерін айтып, жылы сөздерін жеткізіп жатты. Солардың бір-екеуіне тоқтала кетсем бе деп отырмын.
Көп жыл совхоз директоры, партия комитетінің хатшысы, аудан кәсіподағының жетекшісі қызметтерін атқарған Шоқан Кенжебаев Амакелді туралы былай деп еске алады:
— Ең бастысы ол Коммунар ауылдық кеңесінің төрағасы бола жүріп адамдармен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгерді. Әрбір тұрғынның жекелеген сұрақ-тілектерін, арыз-шағымдарын шешудің оябын таба білді. Өзі жиі айтатын еді: «Сен» дегенде не таптың, «Сіз» дегеннен нең кетті» деп. Осы ұстанымға өзі берік болді. Одан кем болған жоқ. Саналы ғұмырында қызмет баспалдақтарымен өсіп отырды.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының бас кезінде аудан әкімі болған Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағынхан Әміреқұлов:
— Бірге қызмет істеген жылдарда Аманкелдінің бірқатар қасиетін айрықша танып білдім. Біріншісі – оның ел-жұртына, мамандарға қамқорлығы. Екіншісі – мойнына алған жұмысты аяғына дейін тиянақты, тыңғылықты орындайтындығы. Мен барған жылы Сарысуда алапат қыс болды. Сол жылдың 14 қыркүйегінде мәліметтерге талдау жасап отырсам, аудандағы бар жемшөп қоры алдағы 14 қаңтарда бітеді екен.  Содан ауыл шарушалығы басқармасының басшысы әрі бірінші орынбасарым Аманкелдіні Қырғызстанның Таласына жібердім. Ол қыс бойы бауырлас қырғыз елінен пішендеме,сабан, жем жіберіп жатты. Ал, екінші орынбасарым Қайрат Жораев болса, Таразда жатып, жемшөп тасымалдайтын көлік ұйымдастырды. Сөйтіп, осы екі азаматтың арқасында бүкіл Сарысудың малын қыстан аман алып қалдық. Айлап сапарда жүрген екі азаматыма сол кезде жолақы пұлы да төленбепті ғой. Одардың қарапайым ерлігін күні бүгінге дейін ризашылықпен еске алып отырамын, – дейді.
Мұндай-мұндай біздің жанымызға майдай жағатын естеліктерді Аманкелдінің замандастары күні бүгінге дейін айтады. Биыл Аманкелді егер тірі болғанында 80 жасқа толар еді. 
Оның жасамаған жасын балалары, немере-шөберелері жалғастырурда. Оның көрмей кеткен қызығын мен көріп жатырмын. Бұған да шүкіршілік етеміз. Оның рухы бізбен бірге жасай беретініне сенемін. Көңілімде жүрген сағынышымды көппен бөліссем бе деп едім. Есті оқырман қауым мені түсінеді ғой деп ойллаймын. 

Тыным БАЙМЕШОВА, 
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.
Тараз қаласы.


Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

ТЕКТЕН НӘР АЛҒАН ТОЗБАЙДЫ
25 август 2022, Четверг
ТЕКТЕН НӘР АЛҒАН ТОЗБАЙДЫ
Ауылымыз көркейіп келеді
13 март 2020, Пятница
Ауылымыз көркейіп келеді
Абай-дара, Абай-дана
28 август 2020, Пятница
Абай-дара, Абай-дана
ӨМІРІН ИГІЛІККЕ АРНАҒАН ЖАН
15 сентябрь 2022, Четверг
ӨМІРІН ИГІЛІККЕ АРНАҒАН ЖАН
Добавить комментарий
Комментарии (2)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Ilene
Ilene Гости 25 октября 2024 18:55
Replica Sneakers jj540 Replica Sneakers for Men,Replica Sneakers yq812
Rosalind
Rosalind Гости 27 октября 2024 03:19
Fake Shoes qo121 Replica Sneaker,replica shoes pd274
Сотрудники
Партнеры