Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » КӨҢІЛ СЕРГІТКЕН «КҮЗГІ ӘУЕН»

КӨҢІЛ СЕРГІТКЕН «КҮЗГІ ӘУЕН»

11 октябрь 2023, Среда
84
0
Бұрнағы күні Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында қоңыр күздің кешкі аспаны астында классикалық музыканың керемет бір концерті өтті. Классикалық музыкаға сусап қалған әулиеаталық әнсүйер қауымды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, әлемдік операның жарық жұлдызы Майра Мұхамедқызының бастауымен келген өнер майталмандары риза етті.
Кеш шымылдығы Шымкент қалалық опера және балет театры симфониялық оркестрінің орындауында Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әніне негізделген увертюрамен ашылды. Мәди Өмірзақов дирижерлық еткен симфониялық оркестр «Күзгі әуен» классикалық өнер кешін бастан - аяқ сүйемелдеді.
Кешке жиналған өнерсүйер қауым Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызының шырқауындағы халық әні «Гүлдерайымды» аса ықыласпен тыңдады. Көрермен халық өздерінің сүйікті әншілерін сағынып - ақ қалыпты, ол орындаған әндерді тік тұрып қол шапалақтап тыңдады. Тағы бір опера әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова орындаған халық әні «Гауһартас», Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әндері осында жиналғандардың жүрек қылын тербегендей болды.
Елімізге танымал скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Серкебаеваның өнеріне жиналған жұрт тәнті болды. Халықаралық конкурстардың лауреаттары Әсел Уашева, Айна Қалмағанбетова, Бахром Муминов, Жұлдызай Мусаева, Нематилло Зкруллаев, Мадихан Дүйсеев, Айбек Қанатбек, Диас Абилеков сынды өнер шеберлері классикалық туындыларды әулиеаталықтарға тарту етті.
Күзгі аспан астындағы керемет өнер кешін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бастаған зиялы қауым өкілдері және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған ардагерлер өнерсүйер қауыммен бірге тамашалады.
«ҒҰМЫР – ДАРИЯ» - АҚПАРАТ.
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры