Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Аналар құланда ақылдасты

Аналар құланда ақылдасты

26 февраль 2025, Среда
42
0





Қоғамдағы ана рөлін арттыруды мақсат еткен Құлан ауылында болған форумға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ділдар Мамырбаева,    республикалық «Ақиқат» журналы бас редакторының орынбасары Назым Дүтбай, облыстық, аудандық аналар кеңестерінің төрайымдары және белсенді аналар қатысты. 
Аналардың алқалы жиыны басталмас бұрын кәсіпкер аналардың қолөнер бұйымдары,  ұлттық нақышта тігілген киімдер жиынға қатысушыларға таныстырылды. 
Аналар форумында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құттықтау сөз сөйлеп, отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеуде және орнықтыруда аналар кеңестерінің қоғамдық қызметіне жоғары баға берді. Бүгінде Жамбылдағы қыз-келіншектер саясатта, бизнесте және экономика мен әлеуметтік салаларды ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласуда.
Келесі кезекте сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев әйел-аналардың    еліміздің дамуы мен өркендеуіне, қоғамдық-саяси және рухани әлеуетін көтеруге белсенді атсалысып, аймақтың демографиялық ақуалын жақсартуға қомақты үлес қосып келе жатқандығын баса айтты. 
Форумда Т. Рысқұлов аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова, жазушы халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Ділдәр Мамырбаева, облыстық аналар кеңесінің төрайымы Хадиша Оспанова, республикалық "Ақиқат" журналы бас редакторының орынбасары Назым Дүтбай, ардагер ұстаз Галина Өтеулиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов және басқалар сөйледі.  
Аналар форумында облыстың белсенді аналары түрлі марапаттрға ие болды. Алқалы жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. 

"Ғұмыр-Дария" – АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры