Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ЕСЕБІ МЫҚТЫНЫҢ ЕСЕСІ КЕТПЕЙДІ

ЕСЕБІ МЫҚТЫНЫҢ ЕСЕСІ КЕТПЕЙДІ

24 февраль 2025, Понедельник
39
0
Әлі есімде 2000 жылы қазан айында Талас ауданы, Қызыләуіт ауылдық округіне ауылдың әкімі қызметіне ауысып келдім. Күн салқындап жаңбыр жауып, арты қарға айналды. Ауыл тұрғындары, Құдайберген Естаев бастаған көршілер жүгімізді түсіріп қарсы алды. Ауа райы салқын болғанымен, көршілер жылы ниет танытқаны жанымызды жылытты.   
Жалпы өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан «Көктал» АҚ-да мал басы сақталып, техникалары іс үстінде екен. Ауылдың ынтымағы мен тірліктері жүйеге қойылған. Шаруашылық басшысы Керімбек Оязбеков және бас есепші Әріпхан Жаңабаев замандастардың белсенді жұмысының арқасында шаруашылық өркендеп келеді. Асыл тұқымды мал өсіру қолға алынған, егін шаруашылығы да жүйелі қолға алыпты. 
Осы ауылда жұмыс атқарған жылдары шаруашылықтың өсіп өркендеп дамуына шама-шарқымша үлес қостым.
Шаруашылықта мал басын өсіруде аудан әкімі Б.Құлекеевтің бастамасы және жергілікті халықтың қолдауымен несиеге белгілі мерзімге мал беру, кейіннен қаржылай және малдай есеп айырысу бастамасы, тұрғылықты халықтың малды болуына кең жол ашты. Ел малды болды.
Бұл бастама ауданда ғана емес, облыста да қолдау тапты.
Халыққа несиеге мал берудің арқасында жұмыссыздық азайды, ел малмен айналыса бастады. Міне, осындай игі тіршіліктің басында Әріпхан Жаңабаев сынды азаматтар жүрді. 
Дана халқымыз «Еңбектің наны тәтті» деп маңдай термен, адал еңбекпен келген несібесінің берекелі болатынын меңзесе, адал еңбектің рахатын «бейнет түбі - зейнет» деп тұжырымдаған.
Әріпхан Жаңабаев – жоғары білімді экономист-есепші. Алматыдағы халық шаруалығы институтын бітірген. Еңбек жолын «Ақкөл» кеңшарында есепші болып бастаған. Кейінен сол кездегі «Ильич» атындағы кеңшарға мамандығы бойынша ауысып, кейін зейнетке шыққан. Елге сыйлы іскер маман. Осы шаруашылықтың өсіп өркендеп, дамуына елеулі үлес қосқан азамат. Бүгінде, ұл-қыздарын өсіріп, ұрпағының қызығын көріп отырған ауыл ақсақалы. Белсенді жұмысы үшін облыстың, ауданның және шаруашылықтан алған марапаттары аз емес. «Талас ауданының Құрметті ардагері». 
Қай қырынан алсақ та ол қызметте адамгершілігімен, ұстамдылық қабілетімен ерекшеленеді. Оған тән іскерлік пен табандылық кейінгі жас мамандар үшін үлкен өнеге, ол кісінің тәрбиелеген шәкірттері есепші мамандығын жетік білетін қызметкерлер болып әр салада жемісті еңбек етуде. Ол тек білікті іскер маман ғана емес ұйымдастырушылық қабілетімен де ұжымның ықыласына бөленген жан. Ол қоғамдық жұмыстардың да бел ортасында жүреді, ауылдың ардагерлер кеңесінің мүшесі, белсенді қария.
«... Шүкір, өмір жолыма өкінішім жоқ. Тағдырыма ризамын. Өмірде Дулат Дүйсенбин, Керімбай Оязбеков, Темірбек Баяқов т.б. азаматтармен сыйластым» - дейді. Бүгінде қолдайтын, құрмет тұтатын достарым, замандастарым бар. «Ел араладым, демалыс орындарында, шет елде де болдым, бірақ Қызыләуіт, Ақтөбеден ынтымағы жарасқан елі бай, тұрмыстары бақуатты, жері көркем, көлдері мен өзендері бар, көгерішке оранған көшелеріме, кең далама жетпейді» -дейді Әріпхан замандас.
Өмірде көргені мол адам ретінде жастарға ақыл-кеңес айтудан жалыққан емес.
Талғат ЖҰМАБЕК, 
 Талас ауданының Құрметті азаматы.
Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры