Бейбіт күннің батыр ұланы
«Тау алыстаған сайын биіктей береді», - дейді халық даналығы. Ерте замандағы батырларымыздың ерлігі халықтық эпостық жырларда айтылып, біздің заманымызға дейін жеткен. Жаугершілік, шапқыншылық кезеңдегі елін, жерін қорғаған небір жанкешті жаужүрек батырларымыздың есімдері де халық санасында ұмытылмастай жатталып қалған. Батырлар қай уақытта да батыр, бейбіт күннің батырлары өздерінің көзсіз ерліктерімен бабалар үрдісін жалғастыруда. Сол батырларымыздың бірі де бірегейі - біздің жерлесіміз, Шу ауданының тумасы, Төле би ауылындағы М.Әуезов мектебінің түлегі Ерлан Тоқтарбайұлы Райымқұлов. Есіл өзенінде мұзбен алысып, суға кетіп бара жатқан 12 жасар қызды құтқарамын деп өзі де құрбан болған қазақ офицері Ерланның ерлігін бүгінде бүкіл еліміз біледі.М.Әуезов мектебінде батыр Ерлан Райымқұловты еске алуға арналған аса ауқымды іс-шара өтті. Зал лық толды. Бұл кешке Ерлан Тоқтарбайұлының ата-анасы, өкіл әке-шешесі, жұбайы мен балалары, сыныптастары, аудан басшылары, ардагер-лер, ата-аналар, оқушылар қатысты. Келу-шілер, яғни Ерланды құрметтеушілер өте көп болды, бұны батырға тағзым десек те болады. Кездесуде сөз алғандар мектеп директоры Дархан Тәттібеков, Ерланның ата – анасы, балалары, сыныптастары, жолдастары және Ерланның ұстазы Қалдыкүл Медетбекова өздерінің тебіреніске толы сөздерімен оқушыларды отансүйгіштікке, өз халқына шын берілген азамат болуға, шақырды.
Салтанатты жиын жас сарбаздардың патриоттық әндерді орындауымен жалғасын тапты. Сарбаздар бәрі бір формадағы тұрысы, адымдап жүруі, рапорт беруінде мін жоқ. Жас сарбаздар қолма-қол айқастың небір үлгілерін көрсетті.
Мектептің әскери даярлық пәні-нің мұғалімі, аға лейтенант Қанат Бектияровтың оқушылары нағыз сарбаздар екен. Осы жолы жас сарбаздарға куәлік тапсыру үрдісі де өте тартымды өтті, тура әскердегідей тәртіппен кезек – кезегімен келіп подполковниктің қолынан куәліктерін алды.
Ерлан Тоқтарбайұлы батырдың құрметіне дастархан жайылып, құран оқылды.
Мейірхан БАЛЫҚБАЕВ,
Шу аудандық әкелер
кеңесінің төрағасы
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)








