ЕҢБЕГІМЕН ӨМІРДІ АЖАРЛАНДЫРҒАН
Амангелді Иманбекұлын көрген сайын ол кісіден үлкен ізгіліктің нышанын байқап, бойындағы қажыр-қайратына қарап, ылғи да риза болып жүремін. Өйткені, Әбекең қашан көрсең де тап-тұйнақтай, таза жүреді, жарасымды киінеді. Өзі сондай әңгімешіл, айтқандарыңның бәрі де өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге боларлықтай. Ағамыздың саналы ғұмырының 40 жылын білім беру, ағарту саласына арнағанын және осы салаға бір кісідей еңбек сіңіргенін біз жақсы білеміз.
Амангелді Иманбеков 1945 жылы 1 наурызда Сарысу ауданы Талас бойындағы Көкдала елді мекенінде дүниеге келген. Балалық шағы соғыстан соңғы ауыр жылдарына тұспа-тұс келді. Өмірдің мәнін, еңбектің дәмін ерте ұғынуына әкесі Иманбек қарияның да әсері аз болған жоқ. Имекең төңірегіне сыйлы азамат танымал шебер етікші, өңірге танымал өрімші болған еді. Әке өнеріне, оның қыр-сырына ұлы Амангелді жастай қанығып өсті. Оңаша сәттерде өзі де илеуі жеткен қайыстардан өрім өріп, ежелгі өнеріміздің қыр-сырын көңіліне ерте тоқыды. Болашақта әке кәсібін әрі жалғастыруға ой түйді.
Әбекең 1964 жылы Байқадам орта мектебін бітірді. Сыныптастары арман қуып, республикамыздың түкпір-түкпіріне аттанып жатқанда, ол ауылда қалып еңбекке араласты. Алғашқыда «Жайылма» кеңшарында клуб көркемөнепаздар үйірмесіне мүше болды. Кейіннен осы клубтың меңгерушісі қызметін атқарды. 1970 жылы Сарысу аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Күләш Әбдікешованың ұсынысымен кеңшар комсомол комитетінің хатшысы болып сайланып, жалындаған жастардың белсенді ұйымдастырушы болды. Осы кезеңдерде Жайылма селолық ауылдық кеңесіне екі рет депутат болып сайланды. 1973 жылы – Қызылдихан ауылындағы Қызылдихан мектебіне ұстаздық жұмысқа ауысты. Алғашқыда Жамбыл педагогикалық училищесін үздік дипломмен тәмамдап, содан кейін 1989 жылы Алматыдағы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін сырттай оқып бітіріп шықты. Мемлекеттік емтихан сарапшылары тынымсыз жігіттің «Ағаштан жасалған қазақтың ұлттық бұйымдары және оны оқушыларға үйрету тәсілдері» атты дипломдық жұмысын жоғары бағалады. Астаналық ұстаздардың осындай әділ бағасы Әбекеңнің өз ісіне ынта-ықыласын онан әрі арттыра түсті.
Амангелді Иманбекұлы жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруде бірқатар табыстарға қол жеткізді. Ол баулыған жас шәкірттер мектепте жоғары сабақ үлгеріміне жетсе, аудандық жас техниктер станциясында авиа, судомодельдер жасауда да ерекше танылып, олардың жасаған бұйымдары облыстық көрмеден алдыңғы жүлделерге ие болды.
Әбекең Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде ұстаз болған кезінде жоғары сынып оқушыларына еңбек сабағынан, ал төртінші сынып оқушыларына бейнелеу өнерінен дәріс берді. Сонымен қатар мектептегі барлық кабинеттерді жабдықтау, атаулы күндерге арналған безендіру жұмыстары Әбекеңнің қолынан өтті.
Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде 16 жыл ұстаздық етті. Бұл оқу орнында да шәкірттерін қол өнерін игеруге баулыды. Мектепте Әбекең иелік ететін оқу шеберханасы, ағаш өңдеу және металл өңдеу шеберханасы жұмыс істеді. «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысқан оқушылар түрлі бұйымдарды – бесік, ағаш ожау, әрқилы ойыншықтарды жасап, қол өнер кәсібіне деген оң көзқарасын қалыптастырды.
Қайда қызмет атқарса да алғыс алды. Ел-жұртқа сүйкімді жан он саусағынан өнері тамған шеберлік иесі болды. Ол жасаған ұлы қобызшы Ы.Дүкенұлының қобызы Түркияда бір оқу орнына тарту етілген. Оның тәжірибесі аудан көлемінде кеңінен таратылды. Іскер ұстаздың мектепке қалдырған қолтаңбалары – ол жасаған көрсеткіш тақталар, қабырғалы көріністер, түрлі оқу құралдары бүгінде мектептің алтын қорын толықтыруда.
2008 жылы құрметті зейнеткерлікке шыққаннан кейін де үш жыл еңбек етіп, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласты.
Сексеннің сеңгіріне шыққан Амангелді ағамыз әлі тың. Бүгінде Тараз қаласындағы 11 шағын ауданында бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы ретінде тың да игі бастамаларымен түрлі іс-шараларға ұйытқы болуда.
Өмірлік жары Ұлтусын екеуі 7 немере, 4 шөберенің сүйікті ата-әжесі болып, ұрпақ қызығын көруде.
Алдаберді МАҚАШЕВ,
Сарысу ауданы және Тараз
қаласының Құрметті ардагері

Обсудить
Блок в статье:
Мойынқұмның елге сыйлы Балжаны.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Похожие материалы:
Комментарии (0)