Үлкеннен ұлағат, кішіден ізет
Бүгінгі бейбіт әрі берекелі өміріміз – аға буынның қажырлы еңбегінің жемісі. Мемлекет тарапынан ардагерлерді жан-жақты қолдауға баса мән берілуде. «Ардагерлер туралы» заң - осының айқын көрінісі. Қазақта «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген ұлағатты сөз бар. Жастар аға буынды әрдайым қадір тұтады, үлгі-өнеге алады. Ал, үлкендер жағы болса өздерінің тарапынан өмірлік өнегесін көрсетіп, жастармен өздерінің мол тәжірибелерімен бөліседі, ақыл-кеңестерін айтады, қоғамдық істерде алдыңғы лектен табылады.
Шу ауданында барлығы 12154 зейнеткер тіркелген, оның 6764-і ауылдық округтерде, 5390-ы Шу қаласында тұрады. 19 ауылдық округте бастауыш ардагерлер ұйымдарында есепте тұратын зейнеткерлер саны бүгінде 3598 адамды құрайды. Аудандық ардагерлер кеңесі өз жұмысын Ардагерлер ұйым республикалық қоғамдық бірлестігінің Ережесінің талаптарына сай және облыстық ардагерлер кеңесінің басшылығымен жүргізіп келеді.
Өткен жылы аудандық ардагерлер кеңесі 2024 жылға арналған перспективалық жоспары бойынша жыл ішінде алты бастауыш ардагерлер ұйымдарының әр саладағы жұмыс бағыттары бойынша атқарып жатқан қоғамдық қызметтерін зерделеп, төралқа отырысында талқылады, бағыт-бағдар берді. Кеңестің атқарып жатқан жұмыстары, өткізіп жатқан іс-шаралары жайында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, облыстық ардагерлер кеңесінің сайтында жарияланып тұрады. Жыл ішінде аудандық ардагерлер кеңесінің 9 алқа отырысы, 1 пленумы және 2 семинары өткізілді.
Аудандық ардагерлер кеңесі өз құрамындағы билер, әкелер, аналар кеңестерінің жұмыстарына зор көңіл бөлуде.
Елдің береке-бірлігін сақтауда аудандық ардагерлер кеңесі, бастауыш ардагерлер ұйымдары жүйелі жұмыстар атқарып келеді.
Бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған зорлық-зомбылық, отбасылық жанжалдың алдын алуда полиция қызметкерлерімен тізе қосып жұмыс жасалуда.
Елдің мұң-мұқтажын аудан әкіміне жеткізіп, халық пен билік арасына алтын көпір болып жүретін ардагерлер жер дауы, ауыз су, мал жайылымы, көше жарығы, отбасылық мәселелердің түйткілін де құрамындағы билер, әкелер, аналар кеңестерінің мүшелерімен бірлесіп шешіп жатады. Тәлім мен тәрбиені жастар санасына сіңіру, оларды жат ағымдардың жетегіне ілесіп кетпеуін, ұрлық-қарлық, нашақорлықтан аулақ болуын, үлкендерді құрметтеп, кішілік ізеттен танбауларын ұдайы айтып, саналарына сіңіріп отырады. Аудан көлеміндегі білім ошақтарының, ауылдарға шығып, елдің тыныс-тіршілігіне етене араласатын да осы қариялар.
Аудан көлемінде «Әке отбасының діңгегі», «Әке, бір сағат уақытыңды бөлші», «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы» атты "дөңгелек үстел" отырыстары басқа да тақырыптардағы жиындар жиі өткізіліп келеді. Аудандық аналар кеңесінің мүшелері Ақсу, Балуан Шолақ, Жаңа жол, Шоқпар, Абай, Бірлікүстем ауылдарына барып, ауыл тұрғындарымен, аналармен, жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу жолдарын талқылады, әр түрлі конкурстарды өткізуге атсалысады.
«Көргені көп, көкірегі даңғыл» аға ұрпақ өкілдерінің басын бір шаңырақтың астына біріктіріп отырған аудандық ардагерлер ұйымы аудан әкімдігінің қолдауына сүйене отырып аудан ардагерлерінің денсаулығына, бос уақытын дұрыс, денсаулыққа пайдалы өтуіне де көңіл бөлуде. Атап айтсақ, 2024 жылы аудандық бюджеттен бөлінген он миллион теңге қаражатқа 83 зейнеткердің Қазақстан аумағындағы шипажайларға тегін дем алып, денсаулықтарын түзеп қайтуына мүмкіндік жасалды. Оның сыртында аудандық аурухана тарапынан денсаулығы бойынша есепте тұрған 51 зейнеткер тегін сауықтыру, оңалту орталықтарына жолдама алды. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы диспансерлік есепте тұрған 41 ардагер тегін сауықтыру мекемелерінде ем алып келді. Жыл ішінде аудандық емханадан тегін скринингтен 937 ардагер өтіп, денсаулығына байланысты есепте тұрған 725 ардагер тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды.
Енді қарттарымыздың атқарып жүрген қоғамдық қызметтеріне келсек, ардагерлеріміз мәдени - көпшілік шараларда болсын, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорттық ойындарда болсын, өнер байқауларында болсын, барлығына да белсенді атсалысуда.
Ең елеулі жұмыстардың бірі – аудан жастарымен бірлескен туған өлке тарихын танып-білуге бағытталған саяхаттар.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, рухын көтеріп, отаншылдық қасиеттерін қалыптастыруда белсенді қарттарды пайдалана білсек, тәрбиелі де ұлтжанды, отаншыл ұрпақты өсіруге мол мүмкіндік ашылады. Сондықтан қарияларымыздың жақсы қасиеттері мен істерін, өнегесі мен үлгісін үнемі насихаттап отыру ләзім.
Өткен жылы батагөй қариялардың байқауын ауылдарға өткізуді қолға ала бастадық, Ескі Шу ауылдық округінің орталығы Белбасар ауылында аудандық батагөйлер байқауын өткіздік. Онымыз жөн болды. Округ тұрғындарының көп жиналып, қызу атсалысып, үміткерлерге қолдау көрсетіп жатқанын көргенде ризашылығымыз шексіз болды. Барлығы 14 округтің батагөй қариялары қатысқан бәсекеде бірінші орынды Ақсу округінің ақсақалы Оңлахан Сырлыбаев иеленсе, екінші, үшінші орындарды Жаңа жол округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Райымбеков пен Белбасар ауылының тұрғыны Азиз Әдішевтер өзара бөлісті. Іс-шараны әзірлеп өткізуде аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, оның басшысы Әсел Жазықбаеваның қолдауы зор болды. Жеңімпаздарға да, қатысушыларға да тиесілі ақшалай-заттай сыйлықтар тапсырылды.
Облыстық ардагерлер кеңесі батагөй қариялардың облыстық байқауын өткізуді де бізге, Шу ауданы ардагерлер кеңесіне жүктеді. Аудан орталығы Төле би ауылында аудан әкімдігінің қолдауымен, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің ұйтқы болуымен өткен облыстық батагөйлер бәсекесі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды. қатысушыларды марапаттауға аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер өз үлестерін аямады.
Спортты серік еткен ардагерлер жастарының ұлғайғанына қарамастан жастарға үлгі де болып келеді. Атап айтсақ ардагер футболшыларымыздың жыл он екі ай футбол ойнауларына жағдай жасалған. Волейбол сүйер қауым да құр алақан емес, қыстай спорт кешендері мен мектептердегі спорт залдары ардагерлерге есігі ашық. Жаздай "Жеңіс" саябағындағы жағажайдағы волейбол алаңы бос болмайды. Соның нәтижесінде сегіз жылдан бері ауданымызда ардагерлердің волейбол лигасы құрылып, кестеге сай ойындары өткізіліп, қорытындысымен жеңімпаз командалар марапаттарға ие болып жатады. Осы ардагерлер лигасы ойындарына ауданның алты командасына 2024 жылы Меркі ауданының бір командасы, Қордай ауданының бір командасы қосылып ойнауда. Бұл істеріміз жастарға үлгі боларлық деп санаймыз. Спорттың жеті-сегіз түрінен жыл сайын спартакиада өткізіліп, ауданның барлық округ ардагерлері қатысуда. Облыстық спартакиада да ауданнан команда жасақталып, спорттың кейбір түрлерінен ардагерлеріміз жүлделермен оралуда.
Аудан қариялары төл басылымымыз – «Ғұмыр Дария» газетінің тұрақты оқырмандары десек артық айтқандық болмас. Жыл сайын төрт жүз дана көлемінде газетке жазылатынбыз. Биыл аудан қариялары 586, қала үлкендері 206 дана «Ғұмыр Дарияға» жазылып белсенділік танытты. Ауданда болып жатқан қоғамдық іс-шараларға ардагерлердің қатысуы, олардың тарапынан атқарылып жатқан жұмыстары жайында мақалалары да өзіміздің төл газетімізде жарияланып тұрады.
Жалпы, кеңестің іс-тәжірибесінде жастармен жасалатын жұмыс көп. Өйткені, жастар – болашақты жасайтын бүгініміз. Олардың әрқайсысы төл тарихынан сусындап, ана тілін қастерлеп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсуі қажет. Осыдан барып ұлтжанды, қоғамға пайдалы азаматтар қалыптасады. Аудандағы жастар орталығының жұмысы жақсы, шаруасы ширақ. Көптеген игі бастамалардың көшбасшысы болып жүр. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында ұрпақтар сабақтастығының берері көп.
Ержан ӨМІРӘЛИЕВ,
Шу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Обсудить
Блок в статье:
ҚАРТТАН ҮЙРЕНГЕН БАЛА КӨПКЕ ДЕЙІН АДАСПАЙДЫ
18 январь 2025, Суббота
Өнеге сағаты
17 январь 2025, Пятница
Ардагерлер үйін салу мәселесін көтерді
17 январь 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)