Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » «Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті

«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті

16 декабрь 2024, Понедельник
31
0
Тәуелсіздік күніне орай Қаракемер ауылдық округінде ел азаттығы жолында ерлік көрсеткен батырларымызды еске алуға арналған «Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу ұйымдастырылды.
 Іс-шараға Желтоқсан оқиғасына қатысқан ауыл тұрғындары Кертаева Б.А., Қаймбаева К.С., Итенов Б.Д., Кулиясова М.Б., Кулиясова Л.Б., Сагынбекова Г.М., сондай-ақ жоғары сынып оқушылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында ауылдастарымыз сол бір тағдыршешті күндерде бастан кешкен оқиғаларын баяндап, жиналғандарға тәуелсіздікке жету жолындағы күрестің ауыртпалығы мен маңыздылығын жеткізді. Бұл оқиғалар жастардың жүрегіне патриоттық рух ұялатты.
Ауылдық әкімдік өкілдері қатысушыларды мерекемен құттықтап, құрметті қонақтарға арнайы сыйлықтар табыстады.
 Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін ұғындыру, оларды елін сүюге, жерін құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Мұндай кездесулердің жас ұрпаққа отансүйгіштік қасиетті дарытып, Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосатын ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор.
Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА 16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар 16 декабрь 2024, Понедельник
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры