АҢЫЗ – ТҰНҒАН ТӘРБИЕ
Ана – елдің тыныштығын, ұрпақтың амандығын, салт - дәстүрдің сақталуын, отбасының бақытын ойлайтын жан. Аудандық, ауылдық округтердегі аналар кеңестерінің төрайымдары салт - дәстүрді жас ұрпақтың санасына сіңіру баса назар аударуда. Олар өз округтерінде көптеген тәрбиелік маңызы зор шаралар, жиындар, кездесулер өткізуде. Осындай тағылымды шараның бірі Андас батыр ауылдық округіне қарасты Қызыл қыстақ ауылында осындағы аналар кеңесінің төрайымы Бейсекүл Молдрайымованың ұйымдастыруымен «Тәрбие – тұнған аңыз» тақырыбында өткізілді.
Іс - шараға аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мэлс Жұматаев, аудандық Мәдениет үйінің директоры Нұржан Тулақбаев, ауыл ақсақалдары, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл Татықұлова және аудандағы округтердің аналар кеңестерінің төрайымдары қатысты.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мэлс Жұматаев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл Татықұлова сөз сөйледі.
Басқосуда округтерден келген әжелер наннның, ақ жаулықтың, туған жердің қадір-қасиеті туралы әңгімелер айтып, еліміздің болашағы жас жеткіншектерді ас атасы – нанды құрметтеуге, туған елді, туған жерді сүюге, ақ жаулықтың қадір - қасиетін түсінуге шақырды. Сондай - ақ, мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер айтылып, жыр шумақтары оқылды.
«Зере» әжелер тобы орындаған «Аман бол», «Белес, белес» әндері, ауыл медбикесі Алия Карибаеваның орындауындағы «Туған өлке», «Бір бала», Айгүл Далибекованың нәтиже келтіре айтқан «Ризамын», Кенжекүл Исакованың шырқаған «Ауылға барам» әндері мен қыздардың мың бұрала билеген билері кештің көркін ашып, көрермендерге қуаныш сыйлады.
Кеш өте жоғары деңгейде өтті. Ұрпақ бойына сәл де болса ұмытылған салт - дәстүрімізді дарыта білсек, ол да біздің жеткен жетістігіміз болмақ.
Ырзакүл РАЙ,
Ойтал ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы.
Меркі ауданы

Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)