Тойға тәртіп, асқа ауызбіршілік керек
Қазақ дегенде көз алдымызға сайын даланың саясында кертіп қазы жеп, кекіріп қымыз ішкен еркін рухты ел елестейтіні ақиқат. Сол қазақтың қуаныш той, қайғыны қонақасы ететіні тағы бар. Ұрпағына обал, сауап пен ұятты ұлағат еткен ата-бабалар түйір нанға тәубе етуді бізге үйреткен. Алайда, қазіргі таңда ас пен тойдың дастарханынан айырмашылық таппай, құндылық санайтын дүниелеріміз құнсызданып бара жатқанын көріп, қабырғамыз қайысатыны рас. Қазіргі таңда тойдың түрі көбейгені соншалық, үйге шақыру қағазы келсе еш қуанбайтын хәлге жеттік. Той бізге көптік етпейтіні анық. Алайда, сол қуанышты қалай атап өтетінімізді айтпай кетпеске болмайды. Біріншіден, біздің той ешқашан ерте басталмайды. Екіншіден,халық ғибратты әңгімеге, есті әндерге құлақ түрмейтін болды.Үшіншіден, бірсыдырғы сценарий, қайталана беретін тілектер жұртты мезі етті. Ең негізгісі әрі терең ойландыратыны – ысырапшылдық. Қаншама нан, қаншама қамыр қоқысқа төгіліп жатқанын сол мейрамхананың аспазы мен даяшыларынан сұрауға болады.
Өкінішке қарай, көптеген қылмыс пен сорақылық ащы суды асыра сілтеуден, мас күйде көлік айдаудан, салтымызға жат жаңалықтардан туындап жатқаны ащы болса да шындық. “Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол” деп хәкім Абай айтқандай, өзекті жанға өлім келетіні анық. Біз «қаралы үйде қазан көтерілмейді» деген қағида орнатқан халық болатынбыз. Бүгінде қаза болған адамның денесі суымай жатып, жылқы сойып, үй артында ыржаң-тыржаң әңгіме соғып, әруақ сыйлаудан қалып бара жатырмыз. Ол аздай ата-баба мен ана-әжелер дамыл тапқан зират басында темекі шегіп, қалжың жарастырып жүргендер бар. Өмірдің ләззәтін тас-талқан ететін өлімнен сабақ алмай, қайғыдан қан жұтып жатқан отбасының жылы-жұмсағына асығатынымыз да өтірік емес. Ал қазіргі қонақасы, қырқы мен жылы зәулім мейрамханаларда өтіп жатыр. Дастарханына қарап тойға келдім деп ойлап қалуыңыз бек мүмкін.
Жоғарыдағы тақырып жалпы қоғамның, жекелей топтардың әңгімесіне тұздық болғанымен, күлтөбедегі мәжілістің күн тәртібіне екінші мәрте енгізіліп отыр. Алғашқысы пандемиядан бұрын «Астана» мейрамханасында өткен болатын. Онда мүдделі жандардың кеңесуімен тойдың уақытын түнгі 11-де аяқтауға, ас-жиындағы мәзірді мейлінше қарапайым етуге бәтуаласқан еді. Аз уақыт болса да халық үйрене бастағанда короновирус келіп, той тойлай алмайтын халге жетіп қалдық.
Жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудан қариялары, халық қалаулылары, имам-молдалар, тәртіп сақшылары, мейрамхана-дәмхана иелері мен әкімшілері, білім қызметкерлері, өзге де мұраттас жандар бас қосқан ауқымды мәжіліс жуырда ғана аудандық Мәдениет үйінде тағы да өтті.
Елдіктің жайын, ендігінің жоспарын сөз еткен “Ел боламын десең, тойыңды түзе” атты форумды аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев тізгіндеп, спикерлерге сөз кезегін ұсынып отырды.
Алғашқы болып сөз алған Шу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер теміржолшы Мелис Бейсембаев ауданда өтіп жатқан той-томалақтар турасында тоқталып өтті. Көптеген дүниеге қарны ашатынын жеткізген қария көпшілікті “Тәртіпке бас иген құл болмайды” деген сөздің түп-төркініне үңілуге шақырды.
Мұнан кейін, аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы Аналар алқасының төрайымы, зейнеткер ұстаз Айжан Иманова мінбеге көтеріліп, көңілі толмайтын дүниелерді жіпке тізді.
Тойға кешігіп бару, кәмелетке толмағандардың тойда даяшы, фотограф, биші болуы үйреншікті нәрсеге айналып жатқаны анық. Сайып келгенде, әрбірінің кері тұсы сөзсіз болады. Кеш басталған той кеш тәмәмдалып, «қызара бөртіп» шыққандар көлік тізгіндейді. Көбісінің мәресі мәлім. Ал мектеп пен колледж жасындағы жасөспірімдердің беймезгіл уақытта жұмыс істеуі немесе көңіл көтеретін орындарда жүруі жақсылыққа апармайды. Бұл туралы Шу аудандық мәслихатының депутаты Мақсат Сұлтанғазиев аталмыш жиында ашына айтты.
– Бүгінгі басқосуда өте өзекті мәселе көтеріліп отыр. Осы тұста өзімнің ойымды білдірсем деймін. «Той дегенде қу бас домалайды». Ешкімнің қуанышына шек қоя алмаймыз. Алайда, өтіп жатқан тойларда кереғар дүниелер көп. Оның шыны – қылмыс. Ауданда мейрамхана мен көңіл көтеретін орындар көп. Тәртіп сақшыларының саны шектеулі. Той өтетін мезгілдерде полиция қызметкерлерінің жұмысы қауырт болады. Ішімдік ішкен жандар, әсіресе жастар бір-бірімен төбелесіп, пышаққа жүгініп жатады. Бірнеше шақырту түскенде полиция экипаждары абдырап қалады. Сондықтан тәртіпті орнату үшін тәртіп сақшыларына қолдау көрсету, жұдырықтай жұмылып келеңсіздіктерге қарсы қауқар танытуымыз қажет,-деді халық қалаулысы.
Бар қайратымыз осы деп тәртіп сақшылары қол қусырып отырған жоқ. Тәуліктің кез келген уақытында шақыртуларға барып, қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысы жеңіл кәсіптің қатарынан емес. Ұрлық-қарлық, бұзақылықтан бөлек, полиция тойдың “тамашасына” да куә болады.
Қылмыс пен құқық бұзушылықтың статистикасына сеп болып отырған тойдың қызығы мен шыжығы туралы аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Дінмұхамбет Лашынбай кейбір мәселелерді көпшілікпен бөлісіп, түйткілдерді таныстырып өтті.
Өңірдің бас полицейінің сөзінше, ауданда 24 мейрамхана, 17 дәмхана бар, 238 дүкен жұмыс істейді. Онда ақылды ада ететін алкоголді ішімдік болатыны екі бастан белгілі. Аудандық полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, мас болудың салдарынан қылмысты болдырмау және жол көлік оқиғаларын тежеу мақсатында жұмысты жақсы қарқында жүргізіп отыр.
– Мейрам күндері және аптаның жұмасы мен сенбісінде тәртіпті қадағалау үшін 15-20 экипаж немесе 35 қызметкер жұмылдырылады. Олар қас қарайғаннан түннің жарымына дейін қажетті шараларды қабылдап, қылмыс пен құқық бұзушылық орын алған жерде жұмыс істейді. Өкінішке қарай, қозғалған қылмыстық істер бойынша өсім байқалып отыр,-дейді Д.Лашынбай.
Оның айтуынша, биыл ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша (мас күйде бұзақылық жасау) 1 қылмыс тіркелсе, бөтеннің мүлкін тонау бойынша 1 қылмыс жасалды. Барлығы 27 шақырту түсіп, мерекелік шаралардан кейінгі ахуалдың ақ-қарасын анықтауға тура келген.
Одан бөлек, полиция басшысы ата-аналардың салғырттығы салдарынан 38 әкімшілік іс қозғалғанын баяндады. Себебі олардың кәмелетке толмаған балалары беймезгіл уақытта көңіл көтеретін орындарда болған. Былтыр мұндай істердің саны 15-ке жеткен.
Полицияның жазалаушыдан бұрын жанашыр екенін жеткізген Д.Лашынбай қылмыстың көпшілігі ішімдікті артық сіміруден және жасөспірімдердің жүгенсіздіктерінен болып жататынын айтты. Сондай-ақ, ол арақ-шараптан бас тартқан Бөлтірік пен Тасөткел ауылдарын тілге тиек етіп, бұл бастамалар тәртіп сақшыларының жұмысын сәл де болса жеңілдетіп отырғанын жеткізді. Керісінше, Бірлік ауылындағы рұқсаты жоқ бір дүкеннің маңында 3-4 құқыққа қайшы әрекет болғанын айтып, жуық арада осы дүкен мәселесінің нүктесі қойылатындығын да құлаққағыс етті. Естіген құлаққа жағымды, ойға қонымды дүниелер қаузалған жиынның қыза түскенін көпшіліктің қошеметінен аңғарғандай болдық. Айтылған сөз айтылған жерде қалмай, амалға асырылса деген үмітке толы көздерге де куә болдық.
Нарықтың заманы дерсіз, бәсекенің уақыты дерсіз, қазіргі таңда буыны бекімеген ұл-қыздардың даяшы болып жүргенін көреміз. Адалынан ақша тауып жүрсе де, жастардың бұлай жүруі қауіпті. Оның ішінде оқушылардың жұмыс істеуін ақтап алуға болмайды. Олар тойдағы әбестіктерді көріп, оларға қызмет етіп, үлгі алуға тұрарлық адам жоқтығын жүрегіне бекітеді. Ал үйіне қайтар уақытта төтеннен қатер төнбейтініне кепіл жоқ. Бұл орайда ұстаздардың рөлі маңызды болғанымен, ата-аналардың тиянақтылығы ауадай қажет екеніне аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрар Дүрманов ерекше тоқталды.
Ауданның бас ұстазы заң бойынша мектеп қабырғасындағы баланың басты міндеті білім алу екенін атап өтті. Сондай-ақ той-томалақта жүрген көкөрімдерге мұғалімдермен қатар ата-аналар да жауапты екендігін айтып, мүдделі жандарды бірлесіп жұмыс істеуге үндеді.
Тойдың тартымды өтуіне асабалардың үлесі зор деп жатады. Дегенмен, күлдіремін деп бүлдіріп жатқан жандарды жиі кездестіріп жүргеніміз де жасырын емес. Осындайда «тек» деп тиятын адуынды ақсақалдардың, ақ жаулықты аналардың қатары көп болса дейміз.
Аталмыш мәслихатта асабалардың атқарар рөлін, қазіргі әттеген-айлар жайын айтқан ұстаз Нариман Сүндетов көптеген кілтипандардың жайын ұқтырды. Талай жыл той басқарған ол Асаба деген көптомдық энциклопедияда бұл Ас және Аба деген сөзден құралып, Ас ағасы деген үлкен мағынаны білдіретінін айтты. Себебі, түркі ұғымында Аба деген сөз аға, үлкен ұғымын береді екен. Осылайша, ардагер асаба қазіргі тойдың ақылға қонымсыз тұстарын жіпке тізіп, жұртшылыққа ой салды.
Оның айтуынша, бүгінде той тәртібі түгесіген. Өйткені бұрын той иесі қонақтарын құрметтеп отырғызған және бата берілмейінше асқа қол созылмаған. Одан бөлек, аузынан арақ иісі аңқыған кісілер тілін шайнап, ас қайырғаны – трагедия.
– Асабалардың аға буыны ретінде айтарым, тойға тәртіп керек. Тойды күндіз жасау, ерте бастап ерте аяқтау жолға қойылса, тіптен жақсы. Көршілес Қарағандыда той күндізгі 3-те басталатынын айта кеткен абзал. Пандемиядан бұрын бізде де ретке келген болатын. Тәтті ұйқыны тойға айырбастай берген де дұрыс емес.
Мен тойда билейтін қыздардан 3-4 қазақша би билеуді сұрап, бір қарыс матамен көпшілік алдында мың бұралмауды өтінемін. Себебі бұл біздің мәдениет емес. Одан соң, жас асабаларға бөтен ер мен әйелді билетпеуге кеңес беремін. Тойдан кейін ерлі-зайыптылар қызғаныш салдарынан бір-біріне айып тағып, қол көтеруге дейін барып жатады. Содан соң жасы үлкен кісімен құрдастарша қалжыңдасуды доғарған жөн. Бұл да ерсі қылықтың қатарынан,-дейді Н.Сүндетов өзінің үн қосуында.
Одан бөлек, елағасы қазіргі кезде жасы отыздан асса да, отау иесі болмай жүрген жігіттердің көп екенін айтты. Оның бір себебі қыз балалардың қиялға ерік беріп, 2-3 бөлмелі үй, су жаңа көлікті маһр ретінде сұрауы екендігін айтады спикер. Жас жұбайлардың сыйлығының төресі сақина мен жүзік екенін жеткізген асаба үйленуді қиындатпауды, қатты еліктемеуді ескертті.
Сүбелі сөз, ұтымды ұсыныстардан соң, қаралы үйдің ас мәзірі, ысырапшылдығы, оны жүйеге келтірудегі қарекеттерді ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев кеңінен тарқатты.
– Асыл дініміз – Исламда ысырапшылдық құпталмаған. Дін қызметіндегі маман ретінде ас-жиындағы мәзірдің қарабайырлығына біз әрдайым мақұлмыз әрі барған жерде айтудан талған емеспіз.
Әсілінде, дастархан дала мәдениеті. Қазақтың ас-жиындары салиқалы ойлар айтылған, қазіргі тілмен айтқанда конференция болған. Кезінде Құнанбай атамыз Өскенбайға ас берген. Патша үкіметі оны ас деп санағанмен, ол үш жүздің құрылтайы еді. Кейін Абай атамыз әкесіне ас беруден бас тартып, жұрттың қарсылығына душар болды.
Біз кісісі қайтқан үйдің иесінен жылқы соймауды, дастарханды ас та төк етпеуін үнемі сұраймыз. Себебі, қабырғасы қайысып отырған үйге ауыртпалық түскенін қаламаймыз. Отағасымен уағдаласып, келесі күні барсақ, апамыздың ықпалымен дастарханда бос орын болмай тұрады. Тіпті, қимасын соңғы сапарға шығарып салып қарызға батқан кісілер бізден келіп көмек сұрайтын кездері де болады. Ақиқатында қазалы үй иесін жылқы жығып, кең дастарқан жаюға итермелейтін сол үйдің ағайын-туысы. Сайып келгенде, бізде ауызбіршілік жоқ. Соның нәтижесінде сорақылықтар пайда болуда. Біз бұны қозғаудай-ақ қозғаймыз, құлаққа іліп, іске асыратындар аз. Осы орайда Балуан Шолақ ауылы имамының азаматтығын айтпай кетпеске болмайды. Ол кісі біраз еңбек етіп, тәртіп орнатты. Яғни, ҚМДБ ұсынған ас мәзірін ұстанып, артық әурешіліктерден арылғанда ғана жаназа оқылып, құран бағыштау арқылы жүйе орнады.
Ал біз тәртіпке шақырып, тізеге басатын болсақ, тұрғындар “комерческий” молдаларды шақырып, рәсімдерді атқарады. Айналып келгенде ауызбіршілікке тіреледі. Біздегі 28 мешіттің 12-де хатымхана бар. Оның барлығы бақылауда. Халықты қатты қыспай, қатты төмен жібермей ортаңғы аралықты ұстаймыз. Мұны ретке келтіруге болады. Бірақ, мешіт жанындағы асханада ас бергісі келмегендер мейрамханалармен келісіп жатады. Осы кезде біз бен кәсіпкерлер арасында берік бітім болуы керек деп ойлаймын. Бірлік бар жерде тірлік бар екенін ұмытпайық,-деп ауданның бас имамы ағынан жарылды.
Оның айтуынша, ашаршылық кездегі ата-бабалардың амалы, тоқырау жылдардағы малды ұнға айырбастаған кездер ел есінен шықпау керек. «Мейрамхана артындағы қоқыс жәшігіне тасталған қамыр мен нан, төгілген сорпа кейін көзден бұлбұлдай ұшпасына кім кепіл? Бір үйдің атпалдай азаматы өмірден өтіп, артынан бала-шағасы зар еңіреп қалғанда еш қысылмастан қалай ауқат ішуге болады?»-деген имамның сұрағы көпшілікті терең ойға шомдырды.
Жоғарыда айтып өткен 24 тойхананың тең жартысында той кезектері тығыз. Халыққа қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлерді де қоғамдағы құбылыстар ойландырған жөн.
Кәсіпкерлер атынан сөз алған Назымхан Әбітаев жиын барысында көтерілген мәселелер өте орынды екенін айтып, ортақ тоқтамға келуге болатынын баяндады. Той қазақтың ажырамас бөлшегі екенін ескере келе, мейрамхана қожайындарын тізе қосуға шақырды. Арнайы комиссия құрып, тексеріс жүргізген жөн болатындығын алға тартты. Сонымен қатар, шеңберден шыққандарға шара қарастыру артық болмайтынын мәлімдеді. Бірақ, көңіл жықпастық әдетке салып, сыйлы адамның тойы, оның інісінің тойы немесе алыс ағайынның тойы деуден алыс болған дұрыс екендігін айтты кәсіпкер.
Мәні зор мәселелерді қозғаған жиында бірқатар ақсақалдар да өз ойларын ортаға салды. Оның ішінде Шу ауданының Құрметті азаматы, қадірлі қария Жұмахан Оспанов бар. Көнекөз қария жиында көтерілген мәселелерді жүзеге асырудың артықшылығын атап өтті.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жиынның модераторы Найман Кенжеханұлы жария етіп және жергілікті атқарушы орган мен кәсіпкерлер арасындағы меморандум мәтінін таныстырып өтті.
Аталмыш меморандумның мақсаты – Шу ауданында орналасқан мейрамхана және өзге де қоғамдық ойын-сауық орындарында мәдени және рухани құндылық нормаларын сақтап, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, өскелең ұрпаққа ізгі қасиеттерді дәріптеу.
Аудан басшылығы, қариялар кеңесі, кәсіпкерлер мен асабалар сынды төрт тарап арасында түзілген келісім негізі тойды, ойын-сауық кештерін сағат 00:00-ге дейін аяқтауға түйінделеді.
Байжан Емберді.

Обсудить
Блок в статье:
БИЛЕРДІҢ ҚОҒАМҒА ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ ЗОР
09 ноябрь 2024, Суббота
Таулар алыстаған сайын биіктей береді...
08 ноябрь 2024, Пятница
«ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ – ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДЕ»
08 ноябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
15 декабрь 2023, Пятница
ЕЛДІҢ РУХЫ ЕРКІНДІКТІҢ ШАМЫН ЖАҚТЫ. Желтоқсан оқиғасына жамбылдықтар да қатысты.
Комментарии (0)