Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Ұрпақтастар сабақтастығын қалыптастыру, отбасылық институттарды нығайту

Ұрпақтастар сабақтастығын қалыптастыру, отбасылық институттарды нығайту

11 октябрь 2024, Пятница
57
0
Ұрпақтастар сабақтастығын қалыптастыру, отбасылық институттарды нығайту, қазақстандық бірегейлікті ілгерілету және патриотизмді дамыту бойынша жастардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысы


      Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің ғимаратында (09.10.2024 ж)  облыс ардагерлері мен облыстық жастар орталығында жұмыс істейтін жастардың және колледж студенттерінің қатысуымен тәрбиелік мәні үлкен ауқымды дөңгелек үстел отырысы өтті
  Дөңгелек үстел отырысының мақсаты: Ұрпақтастар сабақтастығын қалыптастыру, отбасылық институттарды нығайту, қазақстандық бірегейлікті ілгерілету және жастар арасында патриотизмді дамыту мен жауапкершілігін арттыру.
Дөңгелек үстел отырысын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркімбек Бейсембекұлы жүргізіп отырды.  
“Ұрпақтастар сабақтастығын қалыптастыру, отбасылық институттарды нығайту, қазақстандық бірегейлікті ілгерілету және жастар арасында патриотизмді дамыту мен жауапкершілігін арттыру” тақырыбында - Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы жастарға қарапайым тілде түсінікті етіп баяндап берді. Баяндамадан кейін жастар арасынан Махметғали Нұрғалиұлына сұрақтар беріліп, тартымды дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырыс соңында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик  Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркімбек Бейсембекұлы дөңгелек үстел отырысына қатысқан жастар  мен  ардагерлерге рахметін айтып, жұмыстарына табыс тіледі. 


Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыру бөлімі
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры